алдауға сарп еткен дін иелері мен монтаныларға ислам
дінінің өз дәлелдерін қарсы күрес кұралы ету тәсілі.
Құдай мен адам «ара қатынасы» жөнінде Абайдың
пікірін корыта айтсақ, ол — деистік бағыттағы ағарту-
шы. Деизмнің негізгі өкілдері Вольтер (1694—1778),
Ж- Ж. Руссо (1712—1778), А. Н. Радищев (1749—1802).
Олардың пікірлерінше, кұдай Будда,
Христос сияқты
жеке адам емес, ол бір ерекше күш, барлық нәрсені
акылға сиымды етіп, бір-бірімен байланыстырып жарат-
қан, бірақ табиғаттың, қоғамның жеке адамның күнде-
лікті іс-әрекетіне араласпайды.
Деизмнің философиялық системалардағы алатын
орнын анықтай келіп, К. Маркс деизм «ыңғайлы да
оңай әдіс ретінде діннен арылудан басқа ештеңе де
емес»1,— дейді.
Абай деизмді білді ме, білмеді ме кім білсін. Алай-
да оның дін жөніндегі ойлары осынау ағымның арна-
сына саяды.
Ойшыл акынның дін жөніндегі түсінігінің өз кезеңі
үшін прогрестік мәні зор. Біріншіден, бүкіл Таяу Шы-
ғыс пен Орта Азияда және Қазақстанда ислам діні үс-
темдік етіп тұрған заманда Абай дінге шүбә келтіріп,
құдай мен иман, дін — әділеттілік, шындық, адамгер-
шілік, махаббаттың жиынтығы — алланың өзі, алланың
әр түрлі сипаттары, басқадай ештеңе емес деп түсініп,
пікірін батыл айтады. Академик М. Әуезовтың айтқа-
нындай, Абайдың діні —«ақылды, сыншыл ойдың діні»,
«адамгершіліктің діні», «сыртынан барынша діншіл кө-
рініп отырған өленнің өзінде де, Абай ислам дінінін
үгіт-өсиетін өте шартты түрде ғана, шамалы, шақты
жерде ғана керекке жаратады»2
Екіншіден, дін мен ғылымды салыстырғанда Абай
өз ынтасын да, халық ынтасын да дінге, сол кезде мұ-
сылмандар үшін «шындықтың шындығы», «ғылымның
ғылымы» болып саналған ислам дінінің догмасы—«Құ-
ранға» бұрмайды, ғылымға бұрады. Ағартушы көбіне
ғылымды уағыздап, елін білімге, окуға, мәдениетке ша-
қырады.
Үшіншіден, қазақ даласында ислам дінін үстем тап-
тың идеологиялық құралдарына айналдырып, дінді
дәріптеуші молдалар мен сопыларға, ишандар мен имам-
Достарыңызбен бөлісу: