«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин


'Аталған Ксенофонттың еңбегі. 30-бет



Pdf көрінісі
бет62/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
1 'Аталған Ксенофонттың еңбегі. 30-бет.
93


делікті өміріне қатыспайды, не іс істесе де адам өзі іс- 
тейді, сондықтан да өз қылығы үшін өз ары алдында 
жауап беруі керек. Адам біреуден қорыққандықтан, 
сескенгендіктен смес, адам болғандықтан, 
оған сай 
ақыл, ары болғандықтан жақсылық пен игілікке үйір 
болып, жамандық пен зұлымдықтан қашуы керек.
Маркске дейінгі барлық ойшылдар, социологтар 
сияқты Абай дін мәселелерін адамгершілікпен тікелей 
ұштастыра тексереді. Қазақ ағартушысының грек фи- 
лософынан тағы да бір ерекшелігі осында. «Адам 
бол» деген этикалық талап ұсынып, діннің өзін адамгер- 
шілікті адам тәрбиелеудің құралына айналдыруға тыры- 
сады. Сондықтан да Абай «құдай» деген ұғымды адам- 
гершілік, әділеттілік, шындық, тәрбие, махаббат, бір 
сөзбен айтқанда, мораль мәселесімен байланыстырады, 
дінді адамгершілікке бағындырмақ болады.
«Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп,
Және хақ жол осы деп әділетті».
Бұл, әрине, ислам дінінің өресі емес, моральдық фи­
лософия.
Сонымен бірге құдай, Абай түсінігінде, жауыздар- 
дың, зұлымдардың, сұмдардың, екіжүзділердің, арам- 
тамақтардың жазалаушысы. «Отыз бесінші сөзінде» ол 
құдайды құлқынның құлы болған, өздерінін. іс-әрекет- 
терімен халыққа зәбір көрсеткен екіжүзді қажылар мен 
молдаларды, «адамның сайтаны — монтаны сопылар» 
мен мейірімсіз мырзасымақтарды мақшарға барғанда 
зауал беруші күш ретінде суреттейді. «Сендер дүниеде 
«қажеке», «молдеке», «сопеке», «мырзеке», «батыреке» 
аталмақ үшін өнер қылып едіңдер, ол дүниең мұнда 
жок. Сендердің ол қызықты дүниең харап болған, со­
нымен бірге қылған өнерің де бітті. Енді мұнда құрмет 
алмақ түгіл, сұрау беріңдер. Мал бердім, өмір бердім, 
не үшін сол малдарыңды, өмірлеріңді бетіңе ақіретті 
ұстап, дін-ниетінің дүниеде тұрып, жұртты алдағаның 
үшін сарып кылдыңдар?»— деп құдай залымдарды қы- 
сады,— денді Абай.
Ағартушының кұдайды залымдардың жазалаушысы 
деп түсіндіру, әрине, әлсіздік, қарапайымдылық, бірак 
тағы да сол заманның тұрғысынан қарағанда оның бұл 
пікірі —«беттеріне ақіретті ұстап» өмірлеріи халықты
94


алдауға сарп еткен дін иелері мен монтаныларға ислам 
дінінің өз дәлелдерін қарсы күрес кұралы ету тәсілі.
Құдай мен адам «ара қатынасы» жөнінде Абайдың 
пікірін корыта айтсақ, ол — деистік бағыттағы ағарту- 
шы. Деизмнің негізгі өкілдері Вольтер (1694—1778), 
Ж- Ж. Руссо (1712—1778), А. Н. Радищев (1749—1802). 
Олардың пікірлерінше, кұдай Будда, 
Христос сияқты 
жеке адам емес, ол бір ерекше күш, барлық нәрсені 
акылға сиымды етіп, бір-бірімен байланыстырып жарат- 
қан, бірақ табиғаттың, қоғамның жеке адамның күнде- 
лікті іс-әрекетіне араласпайды.
Деизмнің философиялық системалардағы алатын 
орнын анықтай келіп, К. Маркс деизм «ыңғайлы да 
оңай әдіс ретінде діннен арылудан басқа ештеңе де 
емес»1,— дейді.
Абай деизмді білді ме, білмеді ме кім білсін. Алай- 
да оның дін жөніндегі ойлары осынау ағымның арна- 
сына саяды.
Ойшыл акынның дін жөніндегі түсінігінің өз кезеңі 
үшін прогрестік мәні зор. Біріншіден, бүкіл Таяу Шы- 
ғыс пен Орта Азияда және Қазақстанда ислам діні үс- 
темдік етіп тұрған заманда Абай дінге шүбә келтіріп, 
құдай мен иман, дін — әділеттілік, шындық, адамгер- 
шілік, махаббаттың жиынтығы — алланың өзі, алланың 
әр түрлі сипаттары, басқадай ештеңе емес деп түсініп, 
пікірін батыл айтады. Академик М. Әуезовтың айтқа- 
нындай, Абайдың діні —«ақылды, сыншыл ойдың діні», 
«адамгершіліктің діні», «сыртынан барынша діншіл кө- 
рініп отырған өленнің өзінде де, Абай ислам дінінін 
үгіт-өсиетін өте шартты түрде ғана, шамалы, шақты 
жерде ғана керекке жаратады»2
Екіншіден, дін мен ғылымды салыстырғанда Абай 
өз ынтасын да, халық ынтасын да дінге, сол кезде мұ- 
сылмандар үшін «шындықтың шындығы», «ғылымның 
ғылымы» болып саналған ислам дінінің догмасы—«Құ- 
ранға» бұрмайды, ғылымға бұрады. Ағартушы көбіне 
ғылымды уағыздап, елін білімге, окуға, мәдениетке ша- 
қырады.
Үшіншіден, қазақ даласында ислам дінін үстем тап- 
тың идеологиялық құралдарына айналдырып, дінді 
дәріптеуші молдалар мен сопыларға, ишандар мен имам-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет