4- сурет - Белсенді оқыту әдісі
Оқытудың белсендіру әдісі мен интерактивті оқыту әдістерінің кӛптеген ұқсастықтары
бар. Сонымен, оқытудың интерактивті әдісін белсендіру әдістерінің неғұрлым жаңаша
формалары ретінде қарастыруға болады. Белсендіру әдістеріне қарағанда оқытудың
интерактивті әдістерінің айырмашылығы – олар тек студент пен оқытушы арасында ӛзара
әрекеттесуге ғана емес, сонымен бірге студенттердің бір-бірімен ӛзара әрекеттесуін
болжайды. Сонымен қатар оқытудың интерактивті әдісі бойынша оқыту процесінде
студенттердің белсенділігі басымырақ болып келеді.
Интерактивті оқыту әдісі – студенттердің танымдық және коммуникативтік
әрекеттерін ұйымдастырудың арнайы формасы. Интерактивті сабақтардың негізін
студенттер орындайтын интерактивті жаттығулар мен тапсырмалар құрайды.
Интерактивті жаттығулар мен тапсырмалардың кәдімгілерден айырмашылығы – оларды
орындау барысында студенттер оқыған материалды бекітіп қана қоймай, сонымен бірге
ӛздігінен іздену нәтижесінде жаңа білім алады. Оқытудың интерактивті әдісі 5 суретте
кӛрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |