Қазіргі уақытта ғылымдар жүйесінде Геоинформатика өзіне лайықты орын алуда


Триангулияцияланған жүйесіз тармақтарының үлгісі



бет11/29
Дата11.11.2022
өлшемі95,99 Kb.
#49375
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
Триангулияцияланған жүйесіз тармақтарының үлгісі. Бұл үлгі ТЖТ деп аталады.Ол жүйесіз бетті бейнелеу үшін қолданылады да, мәліметердің растрлық үлгісінің баламасы болып табылады.Сонымен бірге жергілікті жер мен жер бетінің басқа да типтерінің физикалық ерекшеліктерін бейнелеу және талдау үшін беттің үлгісін тиімді түрде генерализациялауға мүмкіндік береді.
ТЖТ үлгісі жер бетін бір –бірімен жалғасқан үшбұрыштар сериясы түрінде суреттейді,сондықтан «триангуляцияланған» деген анықтауыш қолданылады.Үшбұрыштар 3 нүкте көмегімен алынған,ол нүктелер әр жерде қалай болса,солай орналасқан,сондықтан жүйесіз деп аталады.Бұл жағы торды нүктелербіркелкі орналасқан растрлық үлгіге қарама-қайшы келеді.
ТЖТ үлгісі үшбұрыштың өзара топологиялық байланыстарын сақтау көмегімен үшбұрыштар жүйесін құрады.Түйіндер қабырғалар көмегімен өзіне жақын көршілермен ережеге сай байланысады.Шектес үшбұрыштарды анықтау үшін «солдан-оңнан» топологиясы қолданылады.
ТЖТ үлгісі әрқашан түйін болатын негізгі нүктелер деп аталатын нүктелер жиынынан ұшбұрыштар құрайды.Қосымша нүктелер ереженің жиынына сәйкес қосылады.
Үшбұрыштарда әрұашан ұш түзу жақ қабырғалары болады.Осы қасиет оның көрнісінің қарапайым етіп көрсетеді.Үшбұрыш ерекше идентификаторға ие,ол өзінің 3 нүктесі және 2 немесе 3 еөрші үшбұрыштары арқылы анықталады. Бірінші қабырға бірінші нүктеден екіншіге, екінші екіншіден үшіншіге және үшінші үшіншіден біріншіге қарай анықталады.
Кеңістік мәліметтерді бірге қолдану. Жерді үлгілеудің векторлық, расторлық және ТЖТ мәліметтер үлгісі ең күшті құралдар болып табылады.Олардың әрқайсысы жер бетінде орналасуды анықтау үшін координаталар жүйесін қолданады.Барлық үлгілер координаталар басының ортақ нүктесі болатындай, жалпы картографиялық проекцияларды, координаталардың масштабы мен түзетуді таңдау әр үлгі, координатада тек бір орналасуды білдіретіндігіне кепілдік береді.Бұл картографиялық байлау деп аталады.Жердің белгілі бір аумағы үшін мәліметтердің оңтайлы үлгісін таңдаудағы ең маңызды әдіс осы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет