Қазіргі уақытта ғылымдар жүйесінде Геоинформатика өзіне лайықты орын алуда



бет1/29
Дата11.11.2022
өлшемі95,99 Kb.
#49375
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
?азіргі уа?ытта ?ылымдар ж?йесінде Геоинформатика ?зіне лайы?ты


Қысқаша дәріс курсы
Кіріспе.
Геоинформатика дегеніміз- табиғи және әлеуметтік экономикалық геожүйелерді, олардың құрлымын, байланысын динамикасын кеңістік пен уақыттағы тіршілік етуін географиялық білімдер мен мәліметтер банкісі (МБ) негізінде компьютерлік белгілеудің көмегімен зерттейтін ғылым.
Геоинформатиканың мағынасы болып географиялық ортадағы кеңістік- уақыттағы ақпараттар ағыны табылады. Геоинформатиканың зерттеу әдісі ретінде кеңістік- уақыттағы ақпараттық үлгілеуді айтады.
Қазіргі уақытта ғылымдар жүйесінде Геоинформатика өзіне лайықты орын алуда. Оны географикалық зерттеулерді информатизациялаудың мақсаты мен міндеттерінен көруге болады. Геоинформатиканың маңызды міндеттерінің бірі – географиялық ақпараттардың синтезі мен талдауының көптеген варианттарының көмектесетін алгоритмдер мен бағдарламалық құралдарды құрудағы, географиялық зерттеулердің автоматтандырылуы.
Географиялық зерттеулерді ақпараттандырудың мақсаты мен істелген жұмыстары. Геоақпараттық жүйелерді жобалауда және оның құрылуында географияның алатын орны мен ролі ерекше. Сонымен, қорыта келгенде, ГАЖ-дың қолдану мен құрау саласында жұмыс істейтін географтарға математикалық білімсіз және информатикалық түсініктерсіз қиынға түседі.
Геоинформатика- жүйе ретінде географияны, информатиканы, ақпараттық жүйелер теориясын біріктіре отырып, картография және басқа ғылымдардың тоғысқан жерінде пайда болды.Ол таным әдісі ретінде жүйелік тұрғы негізінде электронды есептеу техникаларының ең жаңа жетістіктерің қолданып құрылған жүйе.


Жер және қоғам туралы ғылымдар мен әдістердің арақатынасы.


Геоинформатика геология, топырақтану, биология, экономика, әлеуметтану, картография, арақашықтықтан зерделеу, информатика және басқа ғылымдармен тығыз байланысты.
Физикалық географияда информатиканың әдістері мен құралдарын қолдану нәтижесінде жаңа мүмкіндіктер ашылып, маңызды ғылыми және қолданбалы мәні бар жұмыстарды атқару жолға қойылады. Олар физикалық-географикалық аудандастыру, ландшафтың құрылымын үлгілеу, халық шаруашылық жобаларын географиялық сараптамадан өткізу, геожүйелерді кеңістік- уақытта талдау, географиялық интерполяция және экстрополяция, арақашықтықтан зерделген мәліметтерді өңдеу жатады.
Сондықтан қазіргі уақытта геоинформатика табиғи және әлеуметтік – экономикалық үрдістер және құрлыстарды үлгілеітін, олардың байланыстарын, қарым – қатынастарын, болашақта дамуын болжайтын және шешім қабылдап, басқаруға арналған негізгі ғылым болып отыр.


ГАЖ пәнінен 
№ 1 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет