«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Құжаттың атауы: «ҚазМұнайГаз»


ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША НӘТИЖЕЛІЛІКТІ БАҚЫЛАУ, МОНИТОРИНГІН ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ



бет55/74
Дата24.02.2022
өлшемі497,49 Kb.
#26334
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   74
5.6. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША НӘТИЖЕЛІЛІКТІ БАҚЫЛАУ, МОНИТОРИНГІН ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
5.6.1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайын бақылауды ұйымдастыру

5.6.1.1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйін бақылау өндірістік жарақаттанудың алдын алу жөніндегі негізгі профилактикалық іс-шара болып табылады, ол ЕҚжЕҚ факторларының заңнамалық талаптардан, қауіпсіздік қағидалары мен нормаларынан, ЕҚжЕҚ жөніндегі стандарттардан ауытқуын жедел анықтау, оларды жою жөніндегі жедел шешімдер және басқарудың барлық деңгейлерінде анықталған сәйкессіздіктердің себептерін жоюға бағытталған шешімдер қабылдау және бұл туралы мерзімді ақпарат арқылы жүзеге асырылады.

5.6.1.2. Бақылаудың негізгі түрлері:

1) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының және құрылымдық бөлімшелерінің басшы және инженерлік-техникалық қызметкерлері, сондай-ақ ҚМГ Орталық аппаратының комиссиялары мен мемлекеттік қадағалау органдары жүзеге асыратын ЕҚжЕҚ жай-күйін көп деңгейлі бақылау;

2) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау, өндірістік және мінез-құлық тәуекелдерін бағалау, объектілердің, учаскелердің, өндірістік бірліктердің санитариялық-техникалық жай-күйін бақылау, пайдалану мерзімі өткен және моральдық ескірген негізгі қорлардың техникалық аудиті.

5.6.1.3. Жедел бақылау белгілі бір схема бойынша жүргізіледі және ҚМГ компаниялар тобының ұйымдастыру құрылымына қарай, бақылаудың үштен бес деңгейіне дейін көздейді. Бизнес-бағыт пен құрылымға байланысты, бақылау деңгейінің мәртебесі мен кезеңділігін ҚМГ компаниялар тобы ұйымының басшылығы айқындауы мүмкін.

5.6.1.4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау ҚМГ компаниялар тобы ұйымы басшылығының шешімі бойынша ЕҚжЕҚ бойынша ішкі бақылаумен біріктірілуі мүмкін және бірлесіп жүргізіледі.

5.6.1.5. Өндірістік бақылаудың тиімді құралдарының бірі – ҚМГ Алтын қағидаларына, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қауіпсіздік бойынша мінез-құлықтық бақылау қағидаларына (KMG-PR-2312.1-13) сәйкес, корпоративтік мәдениет деңгейін және жеке бейілділікті көрсету тәсілдері мен ЕҚжЕҚ басқару процестеріне барлық деңгейдегі басшылар мен қызметкерлерді тартуға бағытталған қауіпсіздік бойынша мінез-құлықтық бақылау болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет