психологиясымен емес, осы процестің объективті логикасының кӛмегімен түсіндіріледі.
«Дәлелдеу және теріске шығару», «Фальсификация және ғылыми- зерттеу бағдарламаларының әдіснамасы» деген еңбектерінде Лакатос
ғылымның дамуын «бәсекелесуші бағдарламалар күресі» ретінде
қарастырады. Зерттеу бағдарламаларын салыстырудың объективті критерийі
ретінде ол проблемалардың «прогрессивті немесе дегенеративті» жылжуын
қабылдайды. Бірінші жағдайда жылжу бағдарламасының эмпирикалық
базисының ӛсуімен бірге жүреді, ал екінші жағдайда – тиісінше оның
тарылуымен бірге жүреді. Сонымен қатар зерттеу бағдарламасының
теориялық ӛсуі эмпирикалық ӛсудің алдын орап кетсе, онда зерттеу
бағдарламасы прогрессивті болады. Басқаша айтқанда, жаңа деректерді
ойдағыдай болжай алса, ол алға басады және бәсекелес бағдарлама бұған
дейін айтып кеткен жаңа фактілерге кешіктіріп түсінік берілген жағдайда –
ол кері кетеді. Бағдарламаның эвристикалық мүмкіндіктері таусылған кезде
немесе бәсекелес бағдарламамен салыстырғанда аз болса, ол ғылыми
айналымнан шығып қалады.
Ғылыми-зерттеу бағдарламаларының идеясы философияны бүгінгі
ғылымның сипатындағы терең ӛзгерістерді зерделеуге бағыттайды. Лакатос
ғылымының тұжырымдамасында ғылыми зерттеудің айқын құрылымын
ғалымның
ғылыми
ойын
ережелері
ұйымдастырған
әдіснамалық
тұжырымдасы алмастыратынын айта кету керек. Бұл ойын ережелерінің
шындықпен байланысы мәселесі бойынша ол біржақты жауап бермейді.
Постпозитивизм шеңберіндегі неғұрлым радикалды позицияны
американ философы П. Фейерабенд (1924–1994 жж.) иеленді. Ол