кӛрініс табатын әлемде ӛмір сүреді. Мұндай әлемде тіл дербес субстанция
болып саналады, сондықтан ұғыну адам болмысында онтологиялық болып
табылады.
Ол ұғыну мен түсіндіруді тұтас процестің құрамдас бӛліктері ретінде
қарастыра келе, оның «кӛкжиектілігін», ашықтығын, тұйықталмағандығын
баса кӛрсетеді. Ұғыну «ұғынылуы тиіс мәтінді түсіндірушінің жағдайына
қарай қолданудан» тұрады және сондай болып табылады. Ұғыну да,
түсіндіру де ӛз табиғатына қарай плюралистік әрі тарихи. Олар «МЕН және
СЕН» диалогына негізделеді. Бұл диалог екі адамның – автор мен
түсіндірушінің қарым-қатынасымен шектелмейді, ол түсіндіруші мен мәтін
арасындағы арақатынасқа «кіріктіріледі». Түсіндіруші тарихи және әдеби
мәтінге сұрақтар қояды. Мәтінмен жұмыс істеу барысында, ол оны түсініп
қана қоймай, «оған жаңа түсініктемелер беруге ұмтылады. Ол мәтіннің
авторына емес, тарихи және әдеби мәтінге сұрақ бере алуы тиіс.
Герменевтикалық тәжірибенің, «герменевтикалық шеңбердің» (ұғыну
шеңберінің) философиялық мәні – Гадамер бойынша «онда ғылыми
пайымдауға келмейтін ақиқат ашылатындығынан тұрады.
Герменевтика тұрғысынан адамдардың қатынас әлемі – біз үшін
жалғыз қолжетерлік, әрі аса құнды әлем. Себебі «…дәл соның ішінде
мәдениеттің, құндылықтар мен мән-мағыналардың әлемі қалыптасады».
Сондықтан Гадамер ұғынуды әлеуметтік болмысты ұғынудың, мәдениеттің
мәні мен феномендерін түсінудің міндетті шарты ретінде қарастырады.
Ұғыну процесі тану процесімен бірдей шексіз.
Алдымен Гадамер герменевтиканың ұғыну әдіснамасы ретінде
қалыптасқан анықтамаларын жоққа шығармастан, Хайдеггер «тілі» мен
Гегель «идеясын» («Логос») синтездеп, герменевтиканы онтологияға елеулі
рӛл бӛлінетін философия ретінде құрастыруға әрекеттенеді. Оның
герменевтикадағы орны тану субъектінің онтологиялық түсініктемесінде
қамтылады. Бұл, біріншіден, герменевтикада мәтінді түсіну әдістері мен
әдістемелерін әзірлеуге қарағанда, Гадамер біржақты гносеологиялық
бағдарды еңсеруге ұмтылып, герменевтиканың келелі мәселелерінің
қатарына ӛзінің ұстазы – М.Хайдеггердің іргелі онтологиясынан алынған
идеялары – дүниетаным мен ӛмірдің мәні мәселелерін қосқандығын
білдіреді. Екіншіден, Гадамер герменевтиканы түпнұсқалық (авторлық)
мәтінді қалпына келтіру қабілеті ретінде емес, мәтіннің шынайы оқиғасын