айтқанда, бұл тұлғаға тән барлық шектеуліктерді жеңуге және әрқайсысына
кӛп мӛлшерде кӛмек кӛрсету мақсатында барлық мүмкіндіктерді жүзеге
асыруға ұмтылатын жүрек. Будда ілімі – дін емес, бұл «Тірі (тәжірибелік)
этика». Сондықтан, Буддизмнің айқын ерекшелігі этика-тәжірибелік
бағытталғандығы болып табылады.
Буддизм діни ӛмірдің сыртқы түрлерінің озбырлануына, әсіресе
ритуализмге ғана емес, ол сондай-ақ негізінен брахма-ведалық дәстүрге тән
абстрактілі-догмалық ізденіске қарсы. Будданың негізі тӛрт асыл ақиқат
туралы ілімі Будда ілімі болып табылады. Бұл жағдайлардың түсіндірілуі мен
дамуына, соның ішінде ондағы тұлға автономиясы туралы түсіндірілуіне
Буддизмнің барлық жорамалдары арналған. Одан азап шегу және босату
Буддизмде біріңғай болмыстың түрлі жағдайларында кӛрініс тапқан: азап
шегу – кӛрініс тапқан болмыс жағдайы, босату – кӛрінбеген болмыс
жағдайы. Осы екеуіде, біртұтас бола тұра, ерте Буддизмде психологиялық
шындық ретінде, ал Буддизмнің дамыған формаларында – ғарыштық
шындық ретінде орын алады. Босатуды Буддизм, ең алдымен, тілекті жою
ретінде, нақты айтсақ – құмарлықты басу ретінде түсіндіреді. Жетілген
қанағаттанушылық және ӛзіндік тереңдеушілік жағдайы, субъективті (ішкі)
болмыстың абсолютті тәуелсіздігі – «ықыластың басылуының» жағымды
эквиваленті – босап шығу немесе нирвана деп аталады. Будда айтқан: «Адам
мүлтіксіз, салауатты денесіз рақаттануды сезіне алмайды». Дегенмен,
барлығының басты элементі – ой. Барлығы оймен жасалады. Ол жақсылық
пен зұлымдықты тудырады. Будда, біздің кармамыз – бұл ең алдымен біздің
ойымыз деп үйреткен. Біз ӛзіміз, ӛз тағдырымызды жасаймыз. Адам ӛз
қателіктерін түсініп, оларды асыл істермен түзетуі қажет. Және ең алдымен
адам санадан жоққа шығаруды аулақтатуы керек. Жоққа шығару арқылы, біз
психикалық қуаттың дамуын тоқтатамыз, ал бұл рухтың ӛліміне алып келетін
жол.
Ӛзінің алғашқы ӛсиетінде Варанаси Будда адамдарға «тӛрт асыл
ақиқатты» ашқан:
1. Адам ӛмірі азапқа толы (тууы, ауру-сырқат, кәрілік, қалаған
мақсатына жету мүмкіндігінің болмауы, ӛлім – осының барлығы азап шегуге
алып келеді);
2. Бұл азаптың себебі – материалды игіліктер мен сезімдік рақаттарды
кӛксеу (тршна);
3. Сегіздік (ортаңғы) жолмен жүру арқылы азаптан құтылуға болады;
4. Ықылас-тілекті баса білген адам, нирванаға жетеді.
Ортаңғы (сегіздік) жолдың буддалық ұстанымы
шектен шықпауға кеңес
береді – сезімдік рақатқа құштарлық ретінде де, осы құштарлықты түбегейлі
басу ретінде де. Адамгершілікті-эмоционалды салада Буддизм шыдамдылық
ұстанымын («ахамсы») сақтауға шақырады, оған сәйкес адамгершілік
ұйғарымдар міндетті болып саналмайды және бұзылуы мүмкін, барлық тірі
тіршілікке залал келтіруге болмайды, қоршаған ортаңа жұмсақ және жылы
қарауың қажет. Сегіздік жол игілікке мыналарды қосады: дұрыс пайымдау,
Буддизм брахманизм мен Индуизмнің туындауына мол әсер етті, бірақ,
б.д.д. XII ғ. Үнді жерінен ығыстырылып, мүлде жоғалып кетті. Мұның басты
себебі, буддизм идеяларының Брахманизм құрылысына қайшы келуі еді.
Демек, Буддизм б.д.д. III ғ. Оңтүстік-Шығыс және Орта Азия, Орта Азия мен
Сібірдің кей жерлерінде тарай бастады.
Достарыңызбен бөлісу: