Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


элеаттық  түрімен  шешу  қажет.  Ол  «еске  түсіру»  теориясына



Pdf көрінісі
бет64/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   313
    Бұл бет үшін навигация:
  • Құдай
элеаттық  түрімен  шешу  қажет.  Ол  «еске  түсіру»  теориясына  негіздей 
отырып,  қарама-қайшылықтарды  жеңуге  тырысады:  адамның  ӛлмес  жаны 
(оның саналы бӛлігі) эйдос әлеміндегі денемен бірлескенге дейін идеяларды 
«еске»  түсіреді.  Ол  нақты  шындыққа  бағытталған  жағдайда  танылады.  Осы 


жағдайда жан – идея әлемі мен зат әлемі арасында байланыстырушы ретінде 
қарастырылады.  
Платон  таным  теориясында  «диалектиканы»  пайдаланады,  яғни 
маңыздылығы туралы ілім, білім мен кӛзқарас арасындағы айырмашылықты 
анықтайды,  Эростың  жартылай  мифтік  бейнесін  танымды  байланыстыруды 
кӛрсетеді,  білім  мен  сезім  бӛлінбейтін  «махаббат  пен  шығармашылық 
демоны» болып табылады. 
Платон білімнің ұшар шыңына шығу жолын «пире» түрінде бейнеледі: 
Эрос байлық пен кедейшіліктің баласы ретінде (яғни білім және білімсіздік) 
ақылдылық  пен  надандықтың  арасында  тұрады.  Білімді  іздеудегі  жан  эйдос 
әлеміндегі  білімге  жоғары  махаббатпен  ұмтылады,  сонда  ғана  шындықты 
«еске» түсіреді. Платон «мемлекетте» Эростың Абсолютке және одан жерге 
қайтадан  қонатын  домен-байланыстырушы  қанаттарынан  шығатын  жанды 
тазалау  бұл  таным  екендігін  кӛрсете  отырып,  эристиканы  дамытады.  Бұл 
философтарға  қолайлы  танымның  орташа  жолы.  Білім  сезім  және  ақылмен 
бірігуі  керек.  Пирада  ол  А.Ф.  Лосевтің  анықтамасы  бойынша,  «қалыптасу 
бірлігі» деп кӛрсетілген.  
Философияда  даналылыққа  деген  махаббат  Платон  бойынша  бәріне 
бірдей болмауы мүмкін: білімі бар Құдай үшін философия қажет емес. Ол ӛз-
ӛзіне  сенімді  және  надандықты  да  қажет  етпейді.  Білімге  ұмтыла  отырып, 
саналы  түрде  философ  білімінің  жетілген  деңгейіне  ӛтеді,  яғни  білім  мен 
білімсіз  (байлық  және  кедейшілік)  арасында  тұратындар  толық 
жетілмегеннен толық жетілген білімге ұмтылуға тырысады.  
Платон  бойынша  таным  –  «анамнез»  яғни  «еске»  алудың  жалғыз 
формасы,  яғни  біздің  жанымыздың  терең  түкпірінде  орналасқан.  Кӛріп 
отырғандай, 
ойшылдардың 
гносеологиялық 
және 
онтологиялық 
кӛзқарастары жан түсінігімен, оның тылсым, мифологиялық кӛзқарастармен 
үндеседі.  Бӛтен  болмыстың  ашылуы,  категориалдық  аппарат  пен  таным 
әдістерін жасау объективті идеализм жүйесін құру осы кезеңді аяқтайды.  
Платон  шығармашылығының  үшінші  кезеңі  алдыңғы  идеяларды 
түсінуді  қайта  бағалау,  саяси  тақырыпқа  оралу,  мінсіз  мемлекет 
тұжырымдамасын  жасау  болып  табылады.  Мемлекет  туралы  ілімдер 
«Саясат»  және  «Заңдарда»  кӛрсетілген.  Жақын  және  алыс  секілді 
басқалардың  кӛмегін  қажет  ету  барысында  мемлекет  пайда  болады.  Платон 
қала-мемлекетті  құру  үшін  адам  мен  оның  қоғамдағы  орнын  соңына  дейін 
тануға ұмтылады.  
Платонның  мінсіз  мемлекет  үлгісі  бұл  қоғам,  оның  басында 
азаматтардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін  стратегиялық-әскерилерді 
басқаратын 
философ-басқарушылар 
мен 
жерді 
пайдаланушылар, 
қолӛнершілер,  саудагерлер  секілді  ӛндірушілерден  тұрады.  Қоғамның  үш 
қауымға  бӛлінуі  жан  туралы  іліммен  жанасады,  ол  да  үшке  бӛленді.  Бұл 
сандардың магиясы пифагорлықпен берілген. Философтарда жанның саналы 
бӛлігі жоғары, әскерилерде қуаты, шаруа, қолӛнерші, саудагерлерде жанның 
элементарлы  бӛлігі  мен  жоғары  сыныптарға  бағыну  қабілеттілігі  басым. 
Жанның сананы иеленуі мемлекетпен басқарылуы керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет