Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


тирания  (монархияның  деформациялануы),  олигархия  (аристокртиялық  деформациялану),  демократия



Pdf көрінісі
бет71/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   313
тирания 
(монархияның 
деформациялануы), 
олигархия 
(аристокртиялық 
деформациялану), 
демократия 
(саясаттың 
деформациялануы  яғни  халықтың  тиісті  қамтамасыз  етуінен  бӛлек  билігі). 
Биліктің бұрыс формалары мемлекеттегі күш пен жақсылық жасаушылардың 
теңдігін бұзады. Олар азаматтардың шынайы, керемет мүддесін қамтамасыз 
ете  алмайды.  Бұл  түйінді  Аристотель  ӛз  кезінде  ӛмір  сүрген  мемлекеттік 
биліктің  түрлерін  қарама-қарсы  қойып,  нақты  зерттеулерден  кейін  жасады. 
Аристотельдің  мектебінде  грек  қалаларының  конституциясы  жүйелі  түрде 
зерттелді және олардың саны небәрі 158 болғаны туралы ақпарат бар. Біздің 
кезеңімізге  келсек  «Афиналық  полития»  (Ф.А.  Асмус  «Антикалық 
философия». 1976, 383 бет). 
Аритотельдің  пікірі  бойынша,  ол  үшін  Грекияның  «мемлекет 
құрылымының басты түрлері, соған қарағанда, демократия  мен  олигархия 
болып  табылады,  сол  сияқты,  екі  желдің  басты  образы  –  солтүстік  пен 
оңтүстік,  ал  қалғанына  осы  екеуінен  болған  оқытушылық  ретінде  қарайды 
деп  айтады.  Аристократияны  қайсібір  олигархия  деп,  ал  былай  аталмыш 
политияны  –  демократия...»  деп  ойлайды.  Ол  биліктің  ең  күшті  формасы 
полития болуы мүмкін, ӛйткені соған орай билік «ортақ элементтің» ӛте бай 
да  емес,  ӛте  кедей  де  емес  азаматтардың  қолында  болып  табылады  дегенге 
сүйенеді.  
Мемлекет азаматтардан басқарушылықтан, оларсыз қоғамның жағдайы 
мәз болмасын ұғынып, белсенді түрде орналасуын талап етеді. Оның мақсаты 
–  адамдар  арасындағы  қарым-қатынастың  ақырынан  алшақтау  –  себебі 
шектен тыс байлық немес кедейлік, шектен тыс саяси билік немесе кӛпшілік 
билігінен  қатынаста  болу.  Саясатта  Аритотель  мемлекеттің  тұрақты 
құрылымын  жалғыз  осындай  теңдік  сонымен  қатар  әрбір  адам  ӛзіне 
қажеттісін лайықты қолданылатынын белгілейді.  
Аритотельдің  пікірінше  мінсіз  мемлекет  барлық  жағынан  белгілі  бір 
талапқа сай болуы тиіс, яғни халық кӛп немесе аз болмауы тиіс, негізгі бӛлігі 
орта  буын  халқы  болуы  және  тым  бай  немесе  тым  кедей  халық  болмауы 
керек.  Белгілі  бір  нәрсе  ӛндіру,  жер  мен  құлға  жеке  меншік  болуы  тиіс. 
Саясатта  осындай  мінсіз  мемлекет  концепциясын  жүргізу  арқылы 
Аристотель  Платонның  еңбектеріне  сынмен  қарап,  оның  негізгі  қажеттілігі 
мүлікті  ортақ,  яғни  қоғамдық  болжауы  деп  тұжырымдайды,  яғни 


жауынгерлер  үшін  әйелдер  мен  балалары  ортақ  деуін  «егер  мүліктер  ортақ 
болса,  онда  тіршілік  жасау  мүмкін  емес,  яғни  жанұя  мен  мемлекеттен 
бағыныштылық  бірлікті  талап  ету  мемлекеттің  түбіне  жету»  деп 
тұжырымдады.  
Мінсіз  мемлекет  концепциясын  Аристотель  қарапайым  антикалық 
полис  тұрғыны  сияқты  уағыздады.  Ол  мемлекет  табиғатын  жанұя 
табиғатынан  жоғары  қойды  және  ұраны:  «бүтін  нәрсе  бір  бӛліктен  бастау 
алады». Тек қана бүтін нәрсе пәк, таза болса ғана, оның бӛліктері де пәк, таза 
болады.  Аристотель  бойынша  керемет  мемлекеттің  басты  мақсаты  –  азат 
туылғандары  үшін  (басқарушы  буынға)  мүмкіндіктерін  пайдалану  құқығын 
беру. Тек ӛз мүмкіндігін пайдаланғандар ғана шынайы қайырымдылық және 
қайырымсыздылыққа жақын нәрсе жасауға мүмкіндік алады. 
 «Никомахов  этикасында»  Аристотель  әркімнің  ӛз  мүмкіндігін 
пайдалануды әдептілік идеясымен теңестіреді. Бұл тақырыптан біз автордың 
әркімнің  ӛз  мүмкіндігін  пайдалануды  ақылмен  шығармашылық  танымдық 
мүмкіндігін пайдалану деп түсіндіреді (Никомахов этикасы X, 7, 118 а.7). Ол 
ӛз шығармаларында адамның  ӛз  ӛміріндегі  негізгі  кӛздегені ләззатқа бату 
емес, рахатқа бӛлену деп жазады. Рахатқа адам әртүрлі ойын-сауықпен емес, 
шығармашылық  еңбегі  қанағаттандыру  арқылы  жетеді  деп  түсіндірді. 
Сондықтан  рахатқа  бӛлену  –  қайырымдылық  жасаумен  тең.  Яғни  адам 
рахатқа  тек  қана  ӛз  мүмкіндіктерін  пайдаланумен  жетеді,  ал  ол  арқылы 
қайырымдылық  істерге  бел  буады.  Осындай  ӛмір  адам  үшін  басқа  ӛмірден 
әлдеқайда  мәнді  деп  ой  түйеді  Аристотель.  Бірақ  ақыл-оймен  ӛмір  сүру 
«адамға тән, ӛйткені адамды адам қылған ақыл» (сонда X, 7, 118 а.7).  
Аристотель  «антикалық  адам  этикасына  идеясының  жоғары  шыңын 
шындықты теориялық түрде дәлелдеуі» деп ой түйеді және мүмкінділіктерін 
пайдалану  ғана  философиямен  айналысуға  алғышарттар  жасайды  деп 
жазады.  
Аристотельдің оқуы – бұл антика философиясының шыңы, себебі оның 
философия  оқуы  одан  кейінгі  кӛптеген  философияларға  негіз  қалаған 
әмбебап  философия.  Оның  шығармашылығы  тек  қана  теориялық  жағынан 
ғана  емес,  тарихи  жағынан  да  құнды.  Ӛзінің  барлық  зерттеулерінде 
теориямен  қоса  ол  грек  қоғамының  қарапайым  жағдайын  суреттейді.  Оның 
еңбектерімен таныса отырып біз ӛте ақылды пікірлес адаммен ежелгі заманға 
саяхат жасаймыз.  
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет