Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет18/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   386
Тері иннервациясы.
Терінің рецепторлық қызметі ерекше 
маңызға ие. Тері қоршаған орта мен ішкі орта арасындағы кедергі 
қызметін атқарып, барлық тітіркендіргіш түрлерін қабылдайды. 
Тері орталық және вегетативті нерв жүйесімен иннервацияланып, 
сезімтал рецепторлық алаң түзеді. Тер, май бездері, шаш 
қапшықтары, тамырларды иннервациялайтын әдеттегі нерв 
ұштары мен түйіндерден бөлек инкапсулярлы денешік түріндегі 
нерв аппараты да бар. Терінің негізгі нерв өрімі тері асты шел май 
қабатының терең қабаттарында орналасқан. Одан жоғары беткей 
шығып, тері туындыларына жақынырақта емізікті қабаттың 
төменгі бөлігінде беткей нерв өрімін құрайды. Одан эпидермис 
пен емізіктерге осьтік цилиндр түрінде бұтақшалар тарайды. 
Эпидермисте ол түйіршікті қабатқа дейін жетіп, миеленді 
қабығын жоғалтып, жәй ұштанумен немесе қалыңдаумен 
аяқталады. 
Теріде бос нерв ұштарымен қатар, ерекше түрлі 
тітіркендіргіштерге жауап беруші нерв түзілістері бар.
-
капсуласы бар 
сезіну денешіктері
(Мейсснер денешіктері)
сезіну қызметін атқарады.
-
салқынды сезу Краузе колбасы
арқылы,
-
жылыны сезіну – 
Руффини денешіктері
арқылы,
-
дененің кеңістікте орналасуы, қысу, дірілдету сезімін 
пластинкалы денешіктер (Фатер-Пачини денешіктері) арқылы 
жүзеге асады.
-
ауырсыну, қышу, күйдіру сезімдері эпидермисте орналасқан 
бос нерв ұштарымен сезіледі.
Дәм сезу денешіктері емізікшеде орналасқан және 
рецепторлық ерекше клеткасы бар жұқа дәнекер капсуладан 
тұрады. Оларға капсуланың төменгі полюсі арқылы нерв 
талшықтары миеленсіз осьтік цилиндр түрінде келіп, қалыңдап, 
рецептор клеткасына мениск түрінде аяқталады. Соңғы Краузе 
колбалары емізікшенің астында орналасады. Олардың ұзартылған 
сопақ пішінімен емізікшенің жоғарғы полюсіне бағытталған. 
Дәнекер тінді капсуланың жоғарғы полюсінде түйінмен 
аяқталатын миелен қабатысыз нервтік цилиндр бар. Руффини 
денешіктері дерманың терең бөліктерінде және тері асты шел май 


қабатының жоғарғы бөлігінде орналасқан. Ол нервтік осьтік 
цилиндрдің 
соңғы 
талшықтары 
көптеген 
бұтақтарға 
тарамданатын дәнекер тінді капсула болып табылады. 
Пластинкалық денешіктер тері асты шел май қабатында 
орналасады және капсулярлы құрылымға ие. Теріде сондай-ақ, 
барлық қан тамырлардың, тіпті қылтамырдың беткейінде 
орналасатын вегетативті нерв талшықтары көп. Олар тамыр 
өрімдерінің функциялық белсенділігін реттеп қана қоймай, 
эпидермис, дерма, тері асты шел май қабатында орын алатын 
физиологиялық үрдістерге де әсер етеді.
Терідегі рецепторлардың ұштарын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет