Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет19/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   386
бос және бос емес
деп 
бөледі.
Бостары цилиндрлардың жалаңаш осьтері формасы сияқты 
болады (қосымша глиальды жасушалары болмайды) және 
базальды және тікенек тәріздес қабаттарда бітеді. Бос емес нерв 
ұштары 
(экстерорецепторлар) 
инкапсульденген 
және 
инкапсульденбеген болып бөлінеді. Инкапсульденбегендерге 
диска түрлі, Меркель жасушаларымен синапс құратын, сезім 
функциясын іске асыратын нейрондардың шеткі бөліктерін 
жатқызады. Эпидермисте орналасады.
Инкапсульденген нерв ұштары көп түрлі болады: 

сезетін Мейсснер денешіктері
дерма емізікшелерінің ішінде 
орналасады, олар саусақтардың алақанның қаптал бетінің 
терісінде көп болады; 
- емізікшелер астында, 
салқын 
тітіркенгіштерді қабылдайтын, 
Краузе колбалары
орналасады, олардың көбі аяқ-қолдарда 
орналасады; 
- дерманың төменгі бөлігінде және гиподерманың жоғарғы 
бөлігінде, 
жылылық 
тіркендіргіштерін 
қабылдайтын,
Руффини денешіктері
орналасады;
- дерма мен гиподерманың терең қабаттарында, көбіне алақанда, 
өкшеде, сүт бездерінің емізіктерінде, жыныс мүшелерінде, 
қысым сезімін 
қабылдайтын
Фатер-Пачини денешіктері
орналасады;
- генитальды, осы аймақтың 
жоғары сезімталдығын
қамтамасыз 
ететін,
Догель денешіктері
жыныс мүшелерінде кездеседі.


Тері қосымшалары 
(шаштар, тер және май бездері). 
Шаштың
түзілуі эмбриональды дамудың 2-і айдың аяғы 3-і 
айдың 
басында 
жүреді. 
Эпидермис 
аймағында 
шаш 
қапшықтарына айналатын базальды-клеткалық өскін пайда 
болады. 4-5-ші айларда үлпек шаш 
(lanugo)
түріндегі бастапқы 
өскін шаштар барлық тері жамылғысына, алақан, табан, ерін, сүт 
бездері емізіктері, кіші жыныс ерні, ер жыныс мүшесінің басынан 
басқа жерге, тегіс жайылады. Шаштың тері беткейінен шығып 
тұратын бөлігі серіппе, ал дермаішілік бөлігі түбірі деп аталады. 
Серіппенің тері беткейіне шығатын аймағында ойыстану – 
(воронка) бар. Шаш түбірі өткір бұрыш жасап келіп, шашты 
көтеруші бұлшықет бекінетін шаш қапшығымен қоршалған. Шаш 
серіппесі мен түбірі 3 қабаттан тұрады: орталық – милық, 
қыртысты және кутикула. Ми заты негізінен теріде, шаш 
қапшығының воронкасына жетер-жетпес жерде, орналасады. 
Шаш серіппесінің негізгі салмағын бір-біріне тығыз орналасқан 
кератинделген жасушалар құрайды. Шаш түбірінің дистальды 
бөлігі – жуашық деп аталады. Ол шаштың өсуін қамтамасыз етеді. 
Себебі оның ортаңғы бөлігіне гиподермадан қан тамырлары және 
нервтерден тұратын шаш емізікшесі енеді.
Қапшықтың жоғарғы бөлігіндегі ойыстану немесе воронка 
құрамында 1-3 қатарлы эпидермальды клеткалармен төселген, 
шаш 
көптеген 
вакуоль, 
тонофибрилл, 
кератогиалин, 
кератиносомалары бар, қапшығының воронкасына май бездерінің 
шығару өзегі ашылады. Шаштың түсі ми затының құрамындағы 
ДОФА-оң меланоциттердегі пигментке байланысты. 
Шаш 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет