Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет24/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   386
Қорғаныс қызметі.
Механикалық қорғаныш мүшесі ретінде 
терінің тосқауылдық қызметін электрге қарсы тұру қабілетімен, 
коллагендік және эластикалық талшықтарының беріктігімен және 
тері асты шел май қабатының созылмалы төсенішінің болуымен
байланыстырады. 
Терінің 
мүйізді 
қабаты 
мен 
тері 
жамылғысының беткейінде орналасқан су майлы мантия оны 
құрғап қалудан сақтайды. Мүйізді қабат көптеген химиялық және 
физикалық әсерлерге қарсы төтеп бере алады. 
Терінің қорғаныштық қасиетінің, әсіресе әр-түрлі микробтарға 
қарсылық көрсетудегі маңызы ерекше. Бұған мүйізденген 
қабаттың тұрақты түлеуі және май мен тер бездерінің секрециясы 
себеп болады. Сондай ақ, терінің стерильдік қабілетінің 
арқасында тері бетіне келіп түскен микробтар тез өледі. Бұл 


қасиеті бір мезетте бөгде заттардың абсорбциясын тежейтін су 
тері қабықшасының қышқыл орта құруымен байланысты. Терінің 
су майлы мантиясы бір мезетте микроорганизмнің енуіне жол 
бермейді, ал оның құрамындағы төмен молекулярлық май 
қышқылы патогенді флораның өсуіне жайсыз орта туғызады 
(жеке стерилизатор). 
Теріде хлоридтер көп мөлшерде кездеседі. Бұл да патогенді 
микроорганизмдерден қорғайды деген тұжырым бар. Хлор мен 
сутегі тотығынан миелопероксидазаның қатысуымен гипохлорид 
түзіледі. Ол микробтық мембрананың құрылымын бұзып, 
микроорганизмнің өліміне әкеледі. 
Терінің қорғаныс қызметі сондай-ақ полисахаридтер мен 
белоктық 
бірліктерден 
тұратын 
протеогликандармен 
де 
атқарылады. Үлкен көлемдегі бұл полианиондар су мен катионды 
байланыстырып дәнекер тінінің негізгі затын құрайды. 
Протеогликандар экстрацеллюлярлы матрицаның араласып 
жатқан заттектері үшін молекулярлық сүзгі қызметін атқарады: 
кіші молекулалар сүзгіден өтіп, үлкендері өткізілмей қалады.
Құрылымы терінікімен ұқсас ауыздың сілекей қабаты да аз 
мөлшерде қорғаныс қызметін атқарады. Бұған ауыздың сілекей 
қабатының әрдайым сілекеймен шыланып тұруы жағдай
жасайды. Себебі, шылану арқылы ылғалданып, интерстициальды 
сұйықтықтың сіңіріліп кетуін азайтады. Сондықтан микробтық 
флораның және бөгде заттардың енуіне кедергі тудырады. 
Сілекейдің құрамындағы лизоцимнің бактериоцидтік қасиеті ауыз 
қуысы сілекей қабатының қорганыштық ролін арттыра туседі. 
Күннің жоғары қуатты ультракүлгін сәулелерінің әсерінен 
теріде бос радикалдар түзіледі. Мұндай молекулалар химиялық 
реакциялармен, оның ішінде тізбекті реакциялармен оңай 
қатынасқа 
түседі. 
Ультракүлгін 
сәулелердің 
маңызды 
биологиялық әсерлерінің бірі белок пен майдан құралған 
биологиялық мембрананың қызметін бұзуы. Организмді адамның 
көзіне көрінбейтін ультракүлгін сәулелердің әсерінен қорғауы 
бірнеше механизмдердің көмегімен жүзеге асады. Терінің мүйізді 
қабаты қалыңдап, терінің пигментациясы күшейеді, уроканин 
қышқылы 
трансизомеразадан 
цистизомерге 
ауысады, 


антирадикальды қорғаныстың ферменттік және ферменттік емес 
жүйелері іске қосылады. Пигменттің экрандаушы қабаты барлық 
ұзындықтағы сәуле толқындарын не жұтып алады, не аса қауіпті 
сәулелерін сүзіп алады. Меланин көрінетін жарық пен барлық 
диапазондағы ультракүлгін сәулелерді жұтып алады. 
Терідегі меланин неғұрлым көп болса, соғұрлым организмнің 
зиянды сәулелерден қорғанышы мықты болады. Теріде меланин 
эпидермис түлеуі кезінде тез жаңарып, меланобласттармен қайта
синтезделіп отырады. Меланиннің түзілуіне гипофиз гормоны 
әсер етеді (меланинстимулдеуші гормон), сондай-ақ тирозиназа, 
тирозиннің катализдеуші тотығуы және доксифенилаланиндердің
(ДОФА) де маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет