Баға саясатының түсінігі және мақсаттары 2 Баға стратегиясының түрлері



бет4/7
Дата21.11.2022
өлшемі42,71 Kb.
#51419
1   2   3   4   5   6   7
Мақсатты баға стратегиясы. Аталған стратегия ,баға және өткізу көлемі қандай шамаға өзгерсе де пайда жиыны тұрақты шама екендігін көрсетеді.Пайда мақсатты шама болып саналады.Бұл стратегияны негізінен ірі корпорациялар қолданылады.


Жеңілдікті баға стратегиясы.Оның мақсаты сатып өткізу көлемін ұлғайту.Бұл стратегия тауардың өмірлік циклының ең соңында пайдаланылады.Мұнда әр түрлә шегерімдер қолдалынады.


«Көшбасшыға бағытталу» стратегиясы .Мұнда саладағы немесе көшбасшының баға саясаты ескеріледі.Жаңа бұйым бағасы көшбасшы компанияның бағасынан бұйымның сапалық және техникалық басымдылығына сай ауытқуы мүмкін.
2. Баға стратегиясының қалыптасу кезеңдері және факторлары
Баға саясаты мен кәсіпорын стратегиясын қалыптастыру көптеген іс-шаралар мен есептеулерді қамтиды:
Кәсіпорын өнімдерін өндіру және өткізу шығындарының оңтайлы шамасы анықталынады;
Әлеуетті тұтынушылар үшін кәсіпорын өнімінің пайдалылығы және тауарға белгіленетін баға деңгейінің оның тұтынушылық қасиетіне сай болуы шаралары негізделеді;
Кәсіпорын үшін өндірістің неғұрлым тиімділігін қамтамасыз ететін өнімді өткізу көлемі және нарық
үлесі шамасы анықталынады;
Баға саясатын және кәсіпорын стратегиясын әзірлеу келесі үш кезеңнен тұрады: түпнегіздік , ақпарат жинақтау, стратегиялық талдау, стратегияны тұжырымдау.
1. Түпнегіздік ақпарат жинақтау кезеңін орындау барысында келесі негізгі мәселелер орындалады:
Шығындарды бағалау;
Тұтынушылар туралы ақпарат.
Әлеуеттік бәсекелестер туралы деректер.
Кәсіпорынның қаржы мақсаттарын нақтылау;
2. Стратегиялық талдау кезеңін орындау барысында алдын ала жинақталған ақпарат талапқа сай
талдауға түседі:
Қаржылық талдау;
Нарық сегментін талдау;
Бәсекелестерді талдау;
Мемлекеттік реттеудің ықпалын бағалау.
3. Стратегияны қалыптастыру:
Қорытынды баға стратегиясын белгілеу.
Жоғарыда аталған мәселелердің барлығының шешімін тапқаннан кейін, фирма үшін неғұрлым үйлесімді, бағалы, басқаларға қарағанда артықшылығы бар баға қорытынды баға стратегиясын қалыптастыру жүзеге асырылады. Бұл, қолайлы баға стратегиясы, ол келешектегі бизнесті басқару
жоспары болып табылады. Баға стратегиясын қалыптастыруда басқа фирмалардың стратегиясын, әдебиеттерде мамандар мен ғалымдар ұсынатын стратегияны және аталған фирманың өз тәжірибесінде жүзеге асырылған стратегияларды түп нұсқа ретінде қарастыруға болады. Бірақ, басқа тәжірибені қолма қол көшіріп алған жөн болмайды. Белгілі бір салада қалыптасқан стратегияны басқа салаға толығымен көшіру тиімсіз, өйткені, әрбір салада қалыптасқан шығындар құрамы мен құрылымы, сатып алушылар әлде бәсекелестердің жағдайы әр түрлі деңгейде ерекшеленеді.Сондықтан, бірден-бір ерекше қисындастырудың барлық ерекшеліктерін есепке ала отырып, өз фирмаңызға жеке, дербес стратегияны қалыптастырғаныңыз жөн. Тек сонда ғана, баға стратегиясы негізінде қалыптасқан нақты баға жоғары деңгейдегі пайдалылықты қамтамасыз ете алуы мүмкін.
Дұрыс құрылған баға стратегиясы туристік өнімнің бәсекелестік қабілетіне және нарықта ұзақ болуына әсерін тигізеді. Нарықтың жағдайын ескере отырып, мекеме өзіне де және тұтынушыларға да тиімді бағаларды ұсынады.Ол үшін мекеме баға стратегиясын қалыптастырады.
Баға стратегиясын қалыптастыру кезеңдері:
1) бағаға әсер ететін сыртқы факторларды анықтау;
2) бағаның қалыптасуы;
3) баға қалыптасуының әдістерін таңдау;
4) мекеменің баға стратегиясын анықтау.
Өнімнің бағасын белгілеу үшін, оған әсер ететін сыртқы факторларынаталдау жасау керек.Баға стратегиясын жасаудағы сыртқы факторлар келесі:
-сұраныс пен ұсыныстың қатынасы;
-бәсекелес бағаның динамикасы мен деңгейі;
-жалпы экономиканы және жеке алғанда, туризм сферасында мемлекеттік тұрғыдан реттеу;
-тұтынушылар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет