Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007


Тікелей қаржыландыру тәсілі



бет10/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   219
1. Тікелей қаржыландыру тәсілі - артық қаржысы бар субъ­ект басқаға қаржысын несиеге береді. Сөйтіп, несие берушінің біреу берген қарыз міндеттемелері бойынша талабы көбейсе, не­сие алушының міндеттеме қайтару портфелі үлғаяды.

  1. Делдалдар арқылы қаржыландыру - бұнда делдал ретінде брокерлер мен дилерлер жүреді. Бұл тәсіл бойынша қор биржасы қызмет жасайды. Себебі не брокер, не дилер өзінің қарыз мін-деттемелерін шығармайды. Олар қор биржасы атынан делдалдык қызмет атқарады.

  2. Қаржы институттары, яғни коммерциялық банктер, сақтандыру және зейнетақы корлары, инвестициялық компаниялар қаржы жағдайлары қарама-қарсы субъектілерді қаржыландыруда делдалдық қызмет атқарады. Бұл ұйымдар несие алушының қарыз міндеттемелерін (алғашқы қарыз міндеттемелерін) өздері сатып алып, оларды қаржы жағдайы артық субъектке қайта сатады.

Бұндай жанама түрде қаржыландырудың артықшылығы - қаржы институттарының несие берушіні қызықтыратын өзінің қарыз міндеттемелерін шығаруы. Мысалы, банктік депозиттер (банктік шотқа салынған ақша қаражаты), өмірді сақтандыру по­листері, зейнеткерлікке шыққаннан кейін берілетін қаржы ту­ралы зейнетақы бағдарламалары. Міне бұл міндеттемелер не­сие берушіні әрі сенімділігімен, әрі кайтарымдылығымен, әрі алуға оңайлығымен және қолайлығымен өзіне тартады. Бірақ бұл жағдайда қаржы институттары қарыз міндеттемелерінің қайтарылмау (өтелмеу) қаупін өздеріне алады.

Қарыз міндеттемесі белгілі бір мезгілге шығарылады. Ол мезгіл қарыз міндеттемесін шығарған күнмен оны өтеген күн аралығына тең. Қарыз міндеттемесінің қызмет мезгілі үш кезеңнен түрады:



  • шығару уақыты;

  • айналым мезгілі немесе алғашқы нарықта сату;

  • өтеу мезгілі немесе қолма-қол ақшаны қорға өткізу. Қарыз міндеттемесі иемденушіге кіріс түсіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет