1.Тікелейқаржыландыру тәсілі - артық қаржысы бар субъект басқаға қаржысын несиеге береді. Сөйтіп, несие берушінің біреу берген қарыз міндеттемелері бойынша талабы көбейсе, несие алушының міндеттеме қайтару портфелі үлғаяды.
Делдалдар арқылы қаржыландыру - бұнда делдал ретінде брокерлер мен дилерлер жүреді. Бұл тәсіл бойынша қор биржасы қызмет жасайды. Себебі не брокер, не дилер өзінің қарыз мін-деттемелерін шығармайды. Олар қор биржасы атынан делдалдык қызмет атқарады.
Қаржы институттары, яғни коммерциялық банктер, сақтандыру және зейнетақы корлары, инвестициялық компаниялар қаржы жағдайлары қарама-қарсы субъектілерді қаржыландыруда делдалдық қызмет атқарады. Бұл ұйымдар несие алушының қарыз міндеттемелерін (алғашқы қарыз міндеттемелерін) өздері сатып алып, оларды қаржы жағдайы артық субъектке қайта сатады.
Бұндай жанама түрде қаржыландырудың артықшылығы - қаржы институттарының несие берушіні қызықтыратын өзінің қарыз міндеттемелерін шығаруы. Мысалы, банктік депозиттер (банктік шотқа салынған ақша қаражаты), өмірді сақтандыру полистері, зейнеткерлікке шыққаннан кейін берілетін қаржы туралы зейнетақы бағдарламалары. Міне бұл міндеттемелер несие берушіні әрі сенімділігімен, әрі кайтарымдылығымен, әрі алуға оңайлығымен және қолайлығымен өзіне тартады. Бірақ бұл жағдайда қаржы институттары қарыз міндеттемелерінің қайтарылмау (өтелмеу) қаупін өздеріне алады.
Қарыз міндеттемесі белгілі бір мезгілге шығарылады. Ол мезгіл қарыз міндеттемесін шығарған күнмен оны өтеген күн аралығына тең. Қарыз міндеттемесінің қызмет мезгілі үш кезеңнен түрады: