Бағдарламалық сұрақтар Бөлімнің аты: Нәруыздар. Ферменттер


-реакция: Фруктозо-1,6-дифосфат альдолазаның әсерінен 2 фосфотриозаға – ФГА мен  ДОАФ-қа ыдырайды,қайтымды реакция.  5-реакция



Pdf көрінісі
бет17/57
Дата06.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#65587
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57
4-реакция: Фруктозо-1,6-дифосфат альдолазаның әсерінен 2 фосфотриозаға – ФГА мен 
ДОАФ-қа ыдырайды,қайтымды реакция. 
5-реакция: ФГА НАД-ң қатысуымен тотығады және фосфорланады, 1,3 
дифосфоглицераттағы макроэргиялық байланысқа айналады. 
6-реакция: 1,3- дифосфоглицерат АДФ-ке жоғарғы энергетикалық фосфат қалдығын беріп, 3-
фосфоглицератқа айналады. Осы реакцияны фосфоглицераткиназа катализдейді. 
7-реакция:3-фосфоглицерат фосфоглицеромутазаның әсерінен 2-фосфоглицератқа айналады. 
8-реакция: 2-фосфоглицерат енолаза арқылы дегидратацияланып, молекула ішілік тотығу-
тотықсыздану реакциясы арқылы түзілген энергия макроэргиялық байланыс түрінде 
фосфоенолпируватқа жиналады. 
9-реакция: ФЕП фосфор қышқылының қалдығын АДФ-ке беріп, енолпируватқа айналады да, 
тағы бір субстраттан фосфорлану реакциясы жүріп, АТФ түзіледі. Енолпируват өздігінен 
ПЖҚ-ға айналады. 
10-реакция: Анаэробты жағдайларда ПЖҚ сүт қышқылына (лактатқа) дейін тотығады. 
Гликолиздің энергиялық балансы. Егер гликолиз глюкозадан басталады. 
1-шіден глюкоза-6-фосфат пен фруктозо-1,6-дифосфаттың түзілуіне 2 молекула АТФ 
жұмсалады. 2-шіден Гликолиз кезінде 4 АТФ түзіледі, ал 2 АТФ қорға жиналады. 
Ал егер гликолиз үрдісі гликогеннің ыдырауы нәтижесінде түзілген глюкозо-6-фосфаттан 
басталса, онда фруктозо-1,6-дифосфаттың түзілуіне 1 АТФ жұмсалады, ал 3 АТФ қорға 
жиналады. 
Гликолиздің манызы. 
1. Осы үрдіс арқылы гипоксия жағдайында, мысалы тауға шыққанда, интоксикацияда, 
анемияда, тыныс алу мүшелерінің және жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларында организм 
энергиямен қамтамасыз етіледі. 
2. Гликолиздің кейбір метаболиттері синтездік үрдістерге, мысалы, фосфотриозалар, ПЖҚ, 
лактат глюкозаның түзілуіне - глюконеогенезге жұмсалуы мумкін. 
14. Глюкозаның аэробты тотығуы, сатылары, энергиялық балансы. Шөрнек 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет