4-реакция: Фруктозо-1,6-дифосфат альдолазаның әсерінен 2 фосфотриозаға – ФГА мен
ДОАФ-қа ыдырайды,қайтымды реакция.
5-реакция: ФГА НАД-ң қатысуымен тотығады және фосфорланады, 1,3
дифосфоглицераттағы макроэргиялық байланысқа айналады.
6-реакция: 1,3- дифосфоглицерат АДФ-ке жоғарғы энергетикалық фосфат қалдығын беріп, 3-
фосфоглицератқа айналады. Осы реакцияны фосфоглицераткиназа катализдейді. 7-реакция:3-фосфоглицерат фосфоглицеромутазаның әсерінен 2-фосфоглицератқа айналады.
8-реакция: 2-фосфоглицерат енолаза арқылы дегидратацияланып, молекула ішілік тотығу-
тотықсыздану реакциясы арқылы түзілген энергия макроэргиялық байланыс түрінде
фосфоенолпируватқа жиналады.
9-реакция: ФЕП фосфор қышқылының қалдығын АДФ-ке беріп, енолпируватқа айналады да,
тағы бір субстраттан фосфорлану реакциясы жүріп, АТФ түзіледі. Енолпируват өздігінен
ПЖҚ-ға айналады.
10-реакция: Анаэробты жағдайларда ПЖҚ сүт қышқылына (лактатқа) дейін тотығады.
Гликолиздің энергиялық балансы. Егер гликолиз глюкозадан басталады.
1-шіден глюкоза-6-фосфат пен фруктозо-1,6-дифосфаттың түзілуіне 2 молекула АТФ
жұмсалады. 2-шіден Гликолиз кезінде 4 АТФ түзіледі, ал 2 АТФ қорға жиналады.
Ал егер гликолиз үрдісі гликогеннің ыдырауы нәтижесінде түзілген глюкозо-6-фосфаттан
басталса, онда фруктозо-1,6-дифосфаттың түзілуіне 1 АТФ жұмсалады, ал 3 АТФ қорға
жиналады.
Гликолиздің манызы. 1. Осы үрдіс арқылы гипоксия жағдайында, мысалы тауға шыққанда, интоксикацияда,
анемияда, тыныс алу мүшелерінің және жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларында организм
энергиямен қамтамасыз етіледі.
2. Гликолиздің кейбір метаболиттері синтездік үрдістерге, мысалы, фосфотриозалар, ПЖҚ,
лактат глюкозаның түзілуіне - глюконеогенезге жұмсалуы мумкін.
14. Глюкозаның аэробты тотығуы, сатылары, энергиялық балансы. Шөрнек