Бағдарламалық сұрақтар Бөлімнің аты: Нәруыздар. Ферменттер



Pdf көрінісі
бет40/57
Дата06.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#65587
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   57
Әсер ету механизмі - біріншілік. 
Нысана-жасушалары - бауыр, каңқа және жүрек бұлшық еттері, май тіні, ОЖЖ, тамыр 
бұлшық еттері, бронхы, ішек, зәр жолдары. 
Физиологиялык әсері: Адреналин цАМФ-ң түзілуіне әсер ететіндіктен, нысана-
жасушаларында гликогенолиз жоғарылайды. Бауырда түзілген глюкоза-6-фосфат молекуласы 
фосфорсызданып, глюкоза қанға өтеді. Бұлшық еттерде глюкоза-6-фосфат гликолизге ұшырап 
энергия көзі ретінде жұмсалады, глюкоза бұлшык еттерде сүт қышқылына дейін ыдырап, 
бауырға түсіп глюконеогенезге жұмсалады. 
Май тіндерінде, бауырда липолиз жоғарылайды, бөлінген БМҚ бауыр жасушаларында бета-
тотығуына ұшырайды, кетон денелерінің көп мөлшері түзіледі. Олар қанға одан бұлшық ет 
жасушаларына түсіп сонда тотығады. Глицерин глюконеогенезге жұмсалады. 
Жүрек қан тамырларының кеңеюі, ми тіндері мен органдарда қан айналуын жақсартады, 
тіндерді энергия мен оттегімен қамтамасыз етеді, тотығу-тотықсыздану процесін 
жоғарылатады. 
Норадреналин а-рецепторлары арқылы эсер етіп, шеткі артерияны және құрсақ куысын 
тарылтады, сонда артериялық кысым көтеріледі. Адреналин бета-рецепторлары арқылы әсер 
етіп, ми, бауыр және жүрек қан тамырларын кеңейтеді. Нәтижесінде осы органдарда қан 
айналымы 
жақсарады.Қорытындылай 
келе 
норадреналин 
тек 
қанды 
таратуға, 
гемодинамиканы кайта орнатуға, ал адреналин - ауру сезіміне. жаракатқа және баска әсерлерге 
карсы туру үшін кажет зат алмасуды өзгертуге кажет деп айтуға болады 
35. Инсулин, түзілуі, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету 
механизмі, 
заттар 
алмасуына 
әсері, 
секрециясының 
реттелуі, 
инсулиннің 
гипофункциясы. Қантты диабет, бұл патология кезіндегі биохимиялық өзгерістер 
Инсулин-жай құнсыз белок, оның құрамында метионин және триптофан жоқ. Гормон екі 
полипептидтік тізбектен түрады: А тізбегі 21 АҚ жэне В-тізбсгі 30 АҚ тұрады.Олар бір-бірімен 
екі дисульфидтік көпіршелер арқылы байланысқан, ал А тізбегінде үшінші дисульфидтік 
байланыс бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет