Бағдарламалық сұрақтар Бөлімнің аты: Нәруыздар. Ферменттер


Әсер ету механизмі: біріншілік,екіншілік,үшіншілік



Pdf көрінісі
бет41/57
Дата06.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#65587
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57
Әсер ету механизмі: біріншілік,екіншілік,үшіншілік 
Нысана-жасушалары. Нерв тіндерінде, эритроциттерде, аралшықтың бета-жасушаларында, 
көз қарашығының торлы қабатында инсулиннің рецепторлары болмайды. Баска органдардың 
барлығында инсулинге арналған рецепторлар бар. Байланысқан инсулиннің рецепторы май 
тіндерінде ғана болады. 
Физиологиялык әсері: инсулин анаболикалык гормон, яғни организмде синтездік 
процестерді күшейтеді. Зат алмасуының барлық түріне әсерін тигізеді. 
Зат алмасуына әсері: инсулин анаболикалық гормон болып табылады, зат алмасудың барлық 
түрлеріне әсер етеді, гипогликемиялық әсері бар. 
Белоктардың алмасуына әсері: нуклеин қышқылдарының, белоктардың синтезін күшейтеді, 
ал белоктың ыдырауы күрт төмендейді. Амин қышқылдарының тотығу дезаминденуі азаяды. 
Көмірсулар алмасуына әсері: инсулин әсерімен қандағы глюкоза деңгейі төмендейді, 
мембраналардың өткізгіштігі жоғарылайды және қаннан глюкоза жасушалардың ішіне түседі. 
Липидтер 
алмасуына 
әсері: 
липогенез 
жоғарылайды. 
Клеткаларда 
цАМФ 
концентрациясының төмендеуінен липолиз, бета-тотығу және кетонды денелердің түзілуі 
тежеледі холестерин, бос май қышқылдарының синтезі артады (пальмитатсинтетазаның 
белсенділігі артады). 
Секрециясынын реттелуі: Инсулин секрециясы қандағы глюкозаның концентрациясымен 
реттеледі. Глюкозаның, кетон денелерінің, БМҚ-ның, кейбір АҚ-ның, кей жағдайда аланиннің, 
аргининнің және лейциннің концентрацияларының жоғарылауы, глюкагонның мөлшерінің 
артуы, жүйке жүйесінің симпатикалық тонусы жэне қандағы кальцийдің концентрациясы 
инсулин секрециясын арттырады. 
Ұйқы безінің гипофункциясы-қант диабеті 
Қант диабеті екі түрі бар: инсулин-тәуелді және инсулин-тәуелсіз. 


Инсулин-тәуелді қант диабеті инсулин жетіспеушілігінде пайда болады. Инсулин-тәуелсіз 
қант диабеті жиі байқалады және нысана жасушаларының инсулинге сезімталдығын 
жоғалтумен байланысты, бұл жағдайда қандағы инсулин концентрациясы қалыпты немесе 
жоғары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет