Бағдарламасы 5-модуль мектеп педагогтерінің Әлеуетін арттыру оқУ ҚҰралы


Сіздің жұмысыңыз дәл және дұрыс екеніне көз жеткізіңіз



бет56/63
Дата19.10.2023
өлшемі457,69 Kb.
#119468
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63
Байланысты:
Білім беру бағдарламасы 5-модуль мектеп педагогтерінің Әлеуетін -emirsaba.org

Сіздің жұмысыңыз дәл және дұрыс екеніне көз жеткізіңіз 

Іс-әрекеттегі зерттеу жобаңыз аяқталғаннан кейін, сіз алған нәтижелерді жариялау, 


диссертация жазу немесе конференция өткізу арқылы кең аудиториямен бөлісу өте
маңызды. Зерттеу жобаңыздың мақсаттарына қаншалықты жақсы қол жеткізгеніңізді 
көрсету өте маңызды.
Сыныпта жұмыс істеуге бағытталған эксперименттік зерттеу жобаларының 
көпшілігінің мақсаты сіздің араласуыңыздың нәтижесінде сіз және оқушыларыңыз өсіп-
өнетіндей, сыныпта оқыту әдісіңізге өзгерістер енгізу болып табылады. Бұл процесте сіз 
өзіңіздің сыныбыңызға қажет жаңа білімді қалыптастырасыз. Бұл білім тиісті әдістерді
қолдана отырып, фактілерді жүйелі түрде жинау арқылы тексеріледі. Басқаша айтқанда, 
сіз өзіңіздің жұмысыңыздың процесін, нәтижелерін, сондай-ақ каталитикалық (өзгеріске
әкелетін) және демократиялық сенімділігін бағалауыңыз керек (14-кестені қараңыз).


14-кесте. Іс-әрекеттегі зерттеу мақсаттарын сапа критерийлерімен біріктіру 


64



Іс-әрекетегі зерттеу мақсаттары 


Сапа/дұрыстығын растайтын 

критерийлер 
Жаңа білім қалыптастыру 
Процестің дұрыстылығы
Іс-әрекеттегі зерттеу нәтижелерін алу 
Нәтижелердің дұрыстылығы
Зерттеушіні де, практиктерді де оқыту 
Каталитикалық сенімділік
Жергілікті шарттарға сәйкес келетін 
нәтижелер
Демократиялық сенімділік 
Зерттеудің ойластырылған және
дұрыс әдістемесі 
Процестің дұрыстылығы
Дереккөз: Харр мен Андрсон (2005 ж) 


Элиот критерийлері негізінде іс-әректтегі зерттеудің дұрыстығын бағалау, 2006 

ж. 

Процестің дұрыстығы 
Қойылған сұраққа жауап беру үшін дұрыс әдістемелер қолданылды ма? 
(а) зерттеу қатысқан мұғалімдер үшін тәжірибелік маңызы бар мәселеге назар
аударады ма? 
(b) зерттеу мұғалім, бақылаушы және оқушылардың әртүрлі көзқарастарын ескеруге
мүмкіндік беретін әртүрлі дереккөздерден мәліметтер жинауды қамтиды ма (үшбұрыш 
схемасы)?
(с) зерттеу мұғалім-зерттеушіге қойылған мәселені шешу үшін өзінің кәсіби білімін 
(теорияларын) қолдануға, сондай-ақ, оларды тәжірибеде жиналған фактілер негізінде
тексеруге мүмкіндік береді ме? 
(d) зерттеу мұғалімнің өз жағдайы туралы түсінігін кеңейтеді ме және іс-әрекет үшін
жаңа мүмкіндіктер ашады ма? 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет