Келесі бейнероликке назар аударайық: Көпмүшенің түбірлері туралы физикалық есеп.
Видеоматериалды көбейткіштерге жіктеу мысалы ретінде көрсету.
Дифференциация тапсырмасы:
Ұ. Амалдарды орындаңыз.
Дескриптор.
1
Жақшаларды дұрыс ашады
1 балл
2
Ұқсас мүшелерді біріктіреді
2 балл
3
Қорытынды көпмүшені дұрыс жазады
3 балл
Өте жақсы, оқушылар. Енді тапсырманы сәл күрделендіреміз. Ол үшін жұп құруымыз керек.
Жұптасу.Ұсынылған қораптан түрлі-түсті қағаздың бірін суыру арқылы, геометриялық фигуралар бойынша жұптасып орналасады. Ж. Көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің топтау тәсілін меңгергендігін тексеру мақсатында аралық қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.
Оқулықпен жұмыс.
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеңіз.
Дескриптор: Интербелсенді тақтада көрсетілген жауаппен сәйкестендіріп, әрбір жұп бірін-бірі тексеру арқылы жүргізіледі.
1
Ұқсас мүшелерді дұрыс табады
1 балл
2
Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарады
2 балл
3
Көбейткіштерге дұрыс жіктейді
3 балл
Өте жақсы жауап беріп жатырсыздар. Ендігі тапсырмалар санын көбейтемін және күрделендіремін және топтықжұмыс түрінде көрсетесіздер.
Топтасу: ол үшін түрлі-түсті қағаздарыңыздың артқы бетінде бірмүшелер мен көпмүшелер жазылған болатын. Сол бойынша «Бірмүшелер» және «Көпмүшелер» тобына бөлінеді.
Дескриптор. «Ротация» әдісі негізінде екі топ оқушылары бір-бірінің жұмыстарын тексереді, туындыған қиындықтар туралы, жетістіктері туралы айтады.