Хангай мен Хентей тау жоталарында, наймандар-Хангай мен Алтай
жоталарының арасында, татарлар-Бүйір-нұр, Құлын Нұр өзендерінің
алқабында жəне Ұлы Қытай қорғанын бойлай, журжендер- Цин мемлекетінің
шекарасын, меркіттер-Селенга өзенінің бассейнін мекендеген. «Моңғолдар
өздерін қияттар деп атаған моңғол-нирундар мен моңғол-дəрлікендерден
тұрды. Нирундар-өздерінің шығу тегі аты аңызға айналған Алан Құбадан
таралған моңғол тайпалары мен рулары, сонымен қатар Алан Құбадан
атарған тайпалар алтыншы атасына дейін нирундарға жатқызылады, өз
руларын алан құбаның алтыншы атасы Қабыл ханнан бастап қияттар деп
атаған, ал Қабыл ханның тікелей тұқымдары қият-боржігіндер деп
есептелген. Олардың қолбасшысы Есугей бахадүр болды.Нирундарға қият
боржігіндерден басқа тайшуыттар, салжұттар, қатағандар, дүрбендер,
барындар, баруластар, ийуттер жəне басқалары жатты. Есугейдің ұлысында
көп нəрсе оның беделі арқасында ұсталып отырған. Ол қайтыс
болғаннанкейін жағдай күрт өзгеріп, моңғолдар арасында кикілжің
басталады. Дəл осы билік үшін күрес өрбіп тұрған кезеңде қият-боржігін руы
Есугей
бахадүрдің
ұлы
Керей
тайпаларының
күшті
одағынның
басшылығымен қарым-қатынасқа қол жеткізеді. Уақыт өте келе, бірде
дипломатиялық жолмен, бірде əскери күштің көмегімен барлық тайпаларды
керейлермен қоса өз қол астына алуына қол жеткізеді. Темучин керейттермен
наймандар жəне моңғол тілдес татар мен меркіт тайпаларымен соғыстарында
атағы шыға бастады, күші арта түсті.
1206 жылы Онон өзенінің сағасында Темучинді жақтайтын көшпелі
шонжарлардың құрылтайы өткізіліп, онда ол тоғыз құйрық қыл байланған
қасиетті ақ ту желбіреген жағдайда салтанатты түрде Шыңғыс деген атпен
Ұлы Хан болып жарияланады. Шыңғыс хан Омонғай династиясы юанның
жазбаларында, Қытай тарихы Юаншида тб. мəліметтерде 1162 жылы, келесі
деректерде 1155 жылы туылған деп көрсетіледі. Содан 1227 жылға дейін өмір
сүрген. Шешесі меркіттің руынан шыққан Оэлун атты сулу қыз болыпты.
Есімі «Темучин» деп Есугей бахадүр сол кезде соғыста жеңіспен оралған ең
беделді татар тұтқынның атымен атаған екекн. Ежілгі моңғол тілінен
аударғанда
«ұста»
деген
мағына
білдіреді.
Теміршін-темірші-ұста.
Темучиннің туған інісі-Хасар. Одан басқа Есугейдің екінші əйелінен екі ұл-
Бектер мен Бергітай дегендер болған. Шыңғыстың өмір бойы сенімді екі
нөкері əрі досы болған-Нахұ-Баянның баласы –Бауыршы, екіншісі Керейттің
Торуыл (Тоғрұл) ханының баласы-Желме.
«Мəңгілік аспан» жебеген Шыңғыс бас құрылтайда жер істерімен
байланысты моңғол ұлысын əскери-əкімшілік бөліктерге бөлген. Шыңғыс
ханмен бірге мемлекет істерін жүргізуге нояндарда қатысқан. Шыңғыс –
император, «оңтүстікке бет бұрған билеуші». Ол əскермен елді басқаруды үш
бөлікке бөлген: екі қанат-
Достарыңызбен бөлісу: