Бағдарламасы «бастау бизнес»



бет106/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   200

Еділбай қойы


Еділбай қойы – ет-май өндіру бағытында өсірілетін қылшық жүнді, құйрықты қазақы қой тұқымының бір түрі. 19-ғасырдың аяғында Еділ-Жайық бойынан та- раған. Құрғақ және шөлейт аймақтарда өсіруге бейімделген. Көбіне Қазақстан- ның орталық және солтүстік аймақтарында өсіріледі. Түсі бозғылт, қызыл қоңыр, көбінесе қара болады. Дене бітімі мығым, басы үлкен, тұрқы ұзын, жоталы, кеудесі кең, құйрығы үлкен. Қошқарының тірідей салмағы 100-120 кг (160 кг-ге дейін),
саулығы 65-75 кг (115 кг-ге дейін), қозысы енесінен айырғанда 40-45 кг тарта- ды. Еділбай қойы өсімтал келеді, тез ет алады. Семіз ісектің сойыс салмағы 40-45 кг, құйрық майы 10-15 кг. Ет түсімі 50-55%. Жүн түсімі де басқа құйрықты қой тұқымдарынан жоғары, түбіті көбірек, қылшығының ұзындығы 15 см, жіңішке әрі жұмсақ. Қошқарынан 3,5-5 кг, саулығынан 2,3-2,6 кг, қозысынан 0,6-1,0 кг жүн қырқылады. Әр 100 саулықтан 110-115 қозы алынады. Еділбай қойы құйрықты қазақы қой тұқымдарын жақсарту үшін пайдаланылады. Көбінесе Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында өсіріледі.


      1. Мал шаруашылығын және басқа да ауыл шаруашылығы малдарын ұстау технологиясы




Сүт фермасы


Сүт шаруашылығы таңдалса, онда кешенде, әрине, сүт және сүт өнімдері алына- тын болады. Жақсы мал басы болмаса, бұл бағалы өнімдер де болмайды. Тұқым- ды таңдаған кезде сүт көлеміне назар аудару қажет. Төмендегі кестеде ең жоғары өнімді тұқымдармен танысуға болады.


Тұқым атауы

Жылдық өнімділік, кг

Қара ала

5500-5800

Голштин

7400

Айршир

8500

Голландиялық

4500

Қырдың қызыл сиыры

4000

Симменталь

4000-5500

Қызыл ала

5000-5500

Жеке тұқымды мал өсірушілерден мал сатып алғанда барлық малға құжат пен ветеринарлық куәлік алу керек. Сонымен қатар жасына да ерекше мән беріледі. Кәрі сиыр, үш реттен көп бұзаулаған сиырлар көп сүт бермейді. Іс табысты болу үшін ұрғашы сиырды бірінші бұзаулағаннан кейін сатып алады.


Сүтті малдың анатомиялық ерекшеліктері бар екенін білу керек. Дұрыс таңдау үшін олармен танысу қажет. Көбінесе мұндай малдың дене тұрқы, аяқтары ұзын. Әсіресе, жақсы сауылған сиырдың желіні үлкен болады.
Сүт фермасына лайықты мал мынадай болуы тиіс:

  • арқасы түзу;

  • желіні 110 см-ден кем емес;

  • желін тереңдігі 25 см-ден кем емес;

  • 4 жетілген үрпісі;

  • желіні тостаған тәріздес немесе ванна тәріздес болуы тиіс;

  • басы шағын;

  • желіннің көктамырлары жақсы көрінуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет