Бағдарламасы «бастау бизнес»


Қазақтың қылшық жүнді қойы



бет104/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   200

Қазақтың қылшық жүнді қойы


Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы – ет-май өндіру бағытында шыға- рылған ежелгі қой тұқымы. Шығыс Қазақстан облысы Үш биік ауылында (бұрынғы Бірінші май совхозы) құйрықты қойдың жаңа тұқымы қылшық жүнді құйрықты қой өндірілді. 1994 жылы қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойының «Байыс» деген түрі пайда болды.
Дене бітімі шымыр, сүйегі берік, басы орташа, тұмсығы түзу, не сәл дөңестеу. Мойыны аса ұзын емес, кеудесі кең, жоталы. Сирақтары ұзын, тұяқтары өте мықты. Қойлардың түсі, көбінесе қоңыр, қызғылт сары, көк және қара болады. Қошқары- ның тірідей салмағы 90-110 кг, саулығы 60-65 кг тартады, олардан тиісінше 3-3,5 кг және 1,8-2,2 кг жүн қырқылады. Тез көбейеді. Әр 100 саулықтан 105-112 қозы алынады. Енесінен бөлген кезде еркек қозылар 34-37 кг, ұрғашылары 32-35 кг салмақ тартады. 4-5 айлық еркек қозылардың сойыс шығымы 50-52% болады. Қа- зақстанның барлық облыстарында өсіріледі.

Дегерес етті-жүнді құйрықты қойы


Дегерес қойы – биязы жүнді, құйрықты қой тұқымы. Ол 1930-1980 жылдар аралығында Алматы облысында жергілікті қылшық жүнді, құйрықты қой саулығын шропшир және прекос қошқарларымен күрделі зауыттық будандастыру арқылы шығарылған. Жаңа тұқым ретінде 1980 ж. бекітілді. Дене бітімі шымыр, сүйегі берік, кеудесі кең, құйрығы орташа. Жыл бойы жайылымда бағуға бейімделген, ұзақ жүруге төзімді. Қошқары тірідей 100-110 кг, саулығы 58-63 кг салмақ тарта- ды. Қошқардан 6-7 кг, саулықтан 3-3,5 кг жүн қырқылады. Жүн талшығының ұзын- дығы 9-16 см. Әр 100 саулықтан 90-120 қозы алынады. Енесінен бөлген кезде қозылары 32-35 кг салмақ тартады. Ұрғашы тоқты 70 кг, еркек тоқты 93 кг салмақ тартады, 16-19 кг ет алынады, сойыс шығымы 49-51%. Таза жүн түсімі 66-68%.
Дегерес қойы Қазақстан мен Орталық Азияда өсірілетін жергілікті қылшық жүнді қойлардың жүн өнімділігін көбейту мен оның сапасын арттыруға кеңінен пайдаланылады.

Қаракөл қойы


Қаракөл қойы – қозысының елтірісі өте бағалы болатын қой тұқымы. Қылшық жүнді қой тұқымдарының ішіндегі ең көп тарағаны. Денесі мығым, шағын, жүрдек, құйрықты (құйрық майы 2-3 кг) қой. Құйрығының ұшы S – тәрізді иілген, сирағы жіңішке, тұяғы берік, шөл және шөлейт аймақтарының қатаң ауа райына және жұтаң жайылымына әбден бейімделген. Қошқары мүйізді, тірі салмағы – 55-65 кг, ірілері 100 кг-нан жоғары болады, ал саулығы 45-50 кг тартады. Тез көбейеді, әр 100 саулыққа шаққанда 95-100 қозыдан келеді. Еркек қозыларының салмағы 4,5-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет