шарт азаматтық-құқықтық қатынастарды тудырады, себебі шарт жасасу нәти- жесінде туындайтын құқықтық салдарлар нақ азаматтық заңмен айқындалады.
Жазбаша нысанда мынадай келісімдер жасалуы тиіс:
Оларды жасау кезінде орындалатын келісімдерді қоспағанда, кәсіпкерлік қызмет процесінде жүзеге асырылатын;
Оларды жасау кезінде орындалатын келісімдерді қоспағанда, 100 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомада;
Заңмен немесе тараптардың келісімімен қарастырылған басқа да жағдайларда. Жазбаша нысандағы келісімдер қағаз тасымалдағышта немесе электронды нысанда жасалады. Жазбаша нысанда жасалған келісімге, егер іскерлік айналым- ның дәстүрлерінен басқалай туындамаған жағдайда, тараптардың немесе олардың
өкілдерінің қолдары қойылуы тиіс.
Мынадай келісімдер нотариалды куәландыруға жатқызылады:
Мұралар;
Мүлікті басқаруға және нотариалды түрде куәландыруды қажет ететін келісім- дерді жасауға сенімхаттар;
Рента шарты;
Екінші біреуге тапсыру тәртібінде берілетін сенімхаттар;
Неке шарты;
Алименттер төлеу жөніндегі келісім;
Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары (егер шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын болса, ЖШС-дан басқа);
Олардың мұраға бейімділіктерінің кезектілігі туралы және олардың үлес- терінің мөлшерлері туралы заң бойынша мұрагерлер келісімі;