Бағдарламасы «бастау бизнес»


Ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін Экспресс-кепілдіктер



бет24/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   200

Ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін Экспресс-кепілдіктер


Ісін жаңадан бастаған кәсіпкер – несие үшін банкке өтініш беру кезінде жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуде тұру мерзімі 3 (үш) жыл- дан аспайтын кәсіпкер.
Кепілдіктің максималды сомасы несие сомасының 85%-нан аспайды; кепілдік мерзімі 5 жылдан аспауы қажет; 100% айналым капиталын толықтыру үшін жі- берілетін несиеге кепілдік мерзімі 3 жылдан аспауы тиіс, ауылшаруашылық коопе- ративтерін құру – 7 жылға дейін;
Кепілдіктің құны кәсіпкерлер үшін тегін (комиссиясыз); Қордың жобаны қарау мерзімі – 5 жұмыс күні; Несие мақсатты тағайындалуы: инвестиция; жаңа актив- терді сатып алу және/немесе негізгі құралдарды жаңғырту; айналым капиталын қаржыландыру; Кредиттің максималды мөлшері 20 миллион теңгеге дейін.

Мемлекеттік гранттар беру


Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым салаларында және өңдеу өнер- кәсібінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде жас кәсіпкерлерге, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер- ге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға мемлекет- тік гранттар тегін және қайтарымсыз негізде беріледі.
Грант түрінде қолдау шараларын қаржыландыру бюджет есебінен, мақсат- ты трансферттерді бағдарламаның өңірлік үйлестірушілеріне беру арқылы жү- зеге асырылады. Мемлекеттiк гранттар мемлекетпен Бағдарламаның аймақтық үйлестiрушiлерi арқылы шағын кәсіпкерлік субьектілерінің, соның ішінде жас кәсіпкерлердің, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің, сондай-ақ әйелдердің, мү- гедектердің және 50 жастан асқан адамдардың мемлекеттік грант беру өтінішін қарау және іріктеу конкурстары нәтижесінде беріледі. Сонымен қатар конкурсқа
қатысудың міндетті шарты – Бағдарлама шеңберінде сертификаттың, оқыту ком- понентінің болуы.
Бір кәсіпкер үшін ең жоғары грант сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден
аспауы керек.
Грант алуға конкурстық іріктеуге қатысу үшін Бағдарламаның шеңберінде өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер құжаттарды толық ұсынған жағдайда қаты- суы мүмкін. Әрбір кәсіпкер грант алу мақсатында бір бизнес-жоба бойынша кон- курстық іріктеудің қатысушысы бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет