Бағдарламасы «бастау бизнес»


Субсидиялау жүйесін жетілдіру



бет27/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   200

Субсидиялау жүйесін жетілдіру


Субсидиялар тиімділігін арттыру және ауыл шаруашылығы тауар өндірушіні (әрі қарай АШТӨ) мемлекеттік қолдау шараларымен барынша қамту мақсатында субсидиялау өлшемшарттары мен нормативтерінің егжей-тегжейлі айқындамасы қолданылатын болады. Субсидиялар басым тәртіппен сұранысқа ие өнім өндірісін қолдауға, өндірістік шығындарды төмендетуге бағытталатын болады.
Субсидиялауды жетілдірудің жалпы шаралары. 2017 жылдан бастап субсидия- лау жүйесіне мынадай өзгерістер енгізілетін болады:

  • салыстырмалы мәндегі, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құ- нының пайызындағы субсидиялаудан абсолютті, құндық мәндегі субсидияла- уға басым түрде көшу;

  • салада технологиялық процестерді жүргізу мерзімдеріне сәйкес субсидия- лар беру мерзімдерін оңтайландыру;

  • мынадай басымдықтар бойынша басымдықпен субсидиялау: импортты ал- мастыру, экспортқа бағдарлану, өзге де бағыттар, ішкі тұтынуды қамтамасыз ету көрсеткішіне қол жеткізу бойынша субсидиялау деңгейі қысқаратын бо- лады;

  • кредит беру мерзімі бір жылға дейінгі айналым қаражатын толықтыруға ар- налған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қоспаған- да, мемлекеттің ұзақ мерзімді міндеттемелерінің шоғырлануын болдырмау үшін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудан инвестициялық шығындарды субсидиялауға көшу;

  • маңызды өңірлік мәні бар АӨК өнімінің жекелеген түрлерін субсидиялауды уәкілетті орган әзірлейтін қағидалар бойынша ЖБ қаражаты есебінен жүзеге асыру.

  • Бұдан әрі субсидиялау жүйесі мынадай түбегейлі өзгерістерге ұшырайды:

  • субсидиялауға арналған барлық өтінімдерді қараудың, мониторинг жүр- гізудің және деректерді алушылар бойынша топтастырудың автоматтанды- рылған жүйесін кезең-кезеңмен енгізу;

  • шығындардың жекелеген түрлерін субсидиялаудан кәсіпорынның өндірістік көрсеткіштері және төленетін субсидия тиімділігінің мониторингі негізінде оны кешенді субсидиялау саясатына көшу;

  • берілетін субсидия түрлерін және АӨК субъектілерінен сұралатын құжаттар- ды түбегейлі азайту;

  • субсидиялардың тиімділігін арттыру және АШТӨ-нің мемлекеттік қолдау ша- раларымен қамтылуын кеңейту мақсатында субсидиялау нормативтері мен өлшемшарттарының барынша егжей-тегжейлі айқындамасы қолданылатын болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет