168
тамызып алады да микроскоппен зерттейді. Кем дегенде 3 тамшыны зерттеген
дҧрыс деп саналады.
Трематоданың, кейбір цестоданың ауыр жҧмыртқасы және аскаридтің
ҧрықтанбаған жҧмыртқасы жай тҧнба ҥстіне қалқып шығады, сондықтан тҧнбадан
жасалған препараттарды зерттеген дҧрыс. Бҧл ҥшін сҧйықтықты тӛгеді де тҥбінен
сым ілгекпен немесе пипеткамен (тамшыуырмен) бірнеше тамшыны тӛсеніш
шыныға тамызады және микроскоппен тексеріп зерттейді.
Г.А. Котельников пен В.М. Хренов (1981) әдісі. Бҧл әдіс цестодоздар мен
нематодоздар диагностикасы ҥшін қолданылады. Ол ҥшін 5-10 г мал нәжісіне
кӛлемі 20 есе артық аммиак селитрасын (тҥйіршектелген немесе жай тҥрі, аммоний
нитраты) қҧяды. Техникалық жағынан орындалуы алдыңғы әдіске ҧқсас, бірақ 15-20
мин тҧндырады, сосын ҥстіңгі қабаттағы ҥлдірді микроскопиялық зерттеуге алады.
Дарлинг әдісі. 3-5 г нәжісті шыны ыдысқа немесе банкіге салады, ҥстіне су
қҧйып біркелкі қоймалжың дайындайды. Содан кейін оны сҥзіп, 2-3 мин бойы
центрифугада айналдырады, алынған шӛгінді тҧнбаға тең бӛліктен тҧратын
глицерин мен ас тҧзының қосындысын қҧйып араластырып және қайтадан 3-5 мин
центрифугада айналдырады, содан кейін ғана қҧрт жҧмыртқалары сҧйықтың ҥстіңгі
қабатына қалқып шығады.
Гельминтологиялық ілгекпен ҥстіңгі қабаттағы ҥлдірді алып, тӛсеніш шыныға
салып микроскоппен зерттейді.
Біртіндеп шаю әдісі (седиментациялық), Н.В. Демидов бойынша. 5-10 г нәжіс
сынамасын стакан немесе банкіге салып, су (1:20) қосып, араластырады бҧдан кейін
темір тор елегіш немесе дәке арқылы сҥзеді, 5 мин тҧндырады. Міне осылай
біртіндеп 4-5 рет шайып, әбден тазарғанға дейін әр 5 мин сайын тҧндырады.
Тҧнбаның ҥстіңгі қабатын тӛгеді, ал тҧнбаны 6-7 х 9 х 13 см кӛлеміне тӛсеніш
шыныға немесе Петри тостағына салып микроскоппен азырақ ҥлкейтілуімен қарап
тексереді. Бҧл әдіс нәжісті фасциолез және дикроцелиозге зерттеулерде
қолданылады.
Аралас әдістер. Флотациялық-седиментациялық тәсіл (Н.В. Демидов бойынша,
1963). Нәжісті сынамасын (3-5 г) стаканға салып, оны ас тҧзының (кӛр.салм. - 1,18)
қаныққан ерітіндісімен араластырады, 15-20 мин тҧндырады, ҥстіне қалқып шыққан
қатты бӛліктерді қасықпен алып тастайды. Тҧнбаның ҥстіңгі қабатын сорып алады
немесе тӛгіп тастайды. Тҧнбаға толтырып су қҧйып араластырады. Қосындыны
темір торша немесе дәке арқылы стақанға сҥзеді, 5 мин тҧндырады. Сосын ҥстіңгі
қабатын сорып алып тҥбінде 15-20 мл тҧнба қалдырады. Тҧнбаны (кӛлемі 30-40 мл,
ішкі тҥбінің диаметрі 1,5-2 см) стаканға қҧйып араластырады, 5 мин тҧндырады,
сҧйықтықты сорып алады және осылайша процедураны қайталайды. Бҧл әдісті
фасциолезге зерттеу ҥшін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: