Бағдарламасы бойынша жарық көрді. Ә. НҰрпеИс. ҚаН меН тер: Трилогия. Ә. Нұрпеис. Қан мен тер



Pdf көрінісі
бет12/13
Дата31.12.2021
өлшемі3,19 Mb.
#22688
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
суреткер

Бұл  есім  қазірдің  өзінде  қазақ  халқының  мәдени-

рухани әлеміндегі ең бір көрнекті құбылыс ретінде төрткүл 

дүниеге  мойын  бұрғызып  отыр.  Әбді-Жәмил  Нүрпеис 

шын мәніндегі, толық мағынасындағы суреткер. 

Суреткерлік Әбді-Жәмил Нүрпеистің дүние-тіршілікке 

қатысты  төл  болмысынан  туындайтын  түйсік-танымы, 

тағдыр-талайы.  Жұмыр  басты  пенде  ретінде  оның 

маңдайына  XX  ғасырдағы  ең  бір  сүргін  де  сұрқылтай 

оқиғалардың  куәгері  болу  жазылды.  Жо-жоқ,  сыбай-

салтаң  сырт  куәгер  емес,  атажұртын  шарпи  үйірілген 

планеталық  ауқымдағы  алапат  оқиғаларды  басынан 

өткеріп,  белшесінен  кешті.  заманасының  кейіпкеріне 

айналды.  Көз  алдында,  туған  елі  табиғи  даму  жолымен 

емес,  дүлей  күштің  зорлықшьш  оспадарлығымен 

системалық  алмасуларды  бастан  кешті.  Көз  алдында, 

бірдің емес, жүздің емес, мыңның емес, тұтас халықтың 

ғасырлар  бойы  қалыптасқан  құндылықтарды  парықтау 

(ценностная ориентация) болмысына өзгеріс енгізілді. Көз 

алдында халықтың қамын ойлайтын арыстарды халыққа 

жау  етіп  көрсеткен  апалаң-топалаң  болды.  Көз  алдында 

жер-жақанды майдан алаңына айналдырған сұрапыл соғыс 

өтті. Ол соғысқа ардақты әкесімен, аяулы ағасымен иық 

тіресіп барып, өрт шалған сояудай жалғыз қайтты. Одан 

кейін  ұраншыл саясат, ұрдажық әкімшілдік, алданған ел, 

арбалған  азамат,  торланған  шекара,  тулақ  болған  дала... 

Өлім мен өмірдің күресі, зорлық пен қарсылықтың тіресі, 

махаббат пен ғадауаттың майданы...

      Суреткер  ретінде  Әбді-Жәмил  Нұрпеис  ғасырдың 

осынау алапат та асқақ болмысын, өзінің кіндік жұртын 

мысал ете отырып, нағыз өнер тілімен жырлап бере алды. 

Бұл  ретте,  Әбді-Жәмилдің  өмір  бойы  жазғаны  біртұтас, 




957

бір ғана эпопея десе лайық. Ол эпопеяны «XX ғасыр және 

қазақ  әлемі»  деп  атауға  да  болар  еді.  Ғасыр  басындағы  

сергелдең  (Қан  мен  тер),  ғасыр  ортасындағы  сұрапыл 

(Курляндия),  ғасыр  соңындағы  сүргін  (Соңғы  парыз) 

біртұтас  сабақ тас тығымен  көркем  полотно  құрайды.  Ол 

полотнодағы  көркем  бояуға  айналған  қилы-қилы  қиямет 

тағдырларды көретін көз, сезетін жүрек, танитын талғам 

керек. Онда ұзақ уақыт бойы (соңғы үш ғасыр) өне гесінен 

гөрі  өктемдігі  басым  болып  келген  жас  жұрттың  қас-

қабағына  жалтақтап,  асылын  ұлықтай  алмай,  жасығын 

құрықтай  алмай,  отаршыл  саясаттың  сойылын  соғып, 

жабыны – тұлпарға, жапалақты – сұңқарға балап келген 

қазақ  халқының  өксікке  толы  өмірі  бар.  Онда  бірліктің 

орнына  жікшіл дікке,  намыстың  орнына  бәсекеге,  тілеу-

қорлықтың  орнына  іштарлыққа,  адалдықтың  орнына 

сатқындыққа,  турашылдықтың  орнына  жағымпаздыққа 

дем  берген  отаршыл  саясаттың  торына  шырмалып  ара-

дара күй кешкен әлеуметтің тағдыры бар. Оны да тұнығы 

лайланған,  талғамы  дүбәраланған,  этникалық  арман-

аңсары  (идеалы)  қоскіндік  болған  халықтың  азаттық 

жолында аласұрып, арпалыспен өткерген ахуалы бар. Ең 

бастысы,  осынау  түнек  тағдырға  қасқайып  қарсы  тұра 

алатын жаны жайсаң, арманы асқақ, рухы берік тұлғалар 

бар.  Өмірдің  қадірін  арттырып,  тіршілікке  мән-мағына 

дарытатын да солар. Осының бәрі Әбді-Жәміл Нүрпейістің 

шығармаларында  тұтас  бір  ғасыр  аясындағы  халықтың 

әлеуметтік тағдырын тәптіштеп танытатын көркем шежіре 

құрайды.  Гегельдің  сөзімен  айтқанда,  «шындық  пен 

шапағаттың шендесуі өлмес өнерді дүниеге келтірген».

Әбді-Жәміл  Нүрпейіс  шытырман  оқиғадан  гөрі 

әлеуметтік  шындыққа  айрықша  ден  қояды.  Өмірге  бір 

сәт  төрешілдік  жасамайды,  оның  есесіне  өмірді  өнер 

тілімен  тәптіштеп  бедерлеуді  көркемдіктің  киелі  шарты 




958

деп  біледі.  Яғни,  адам  тағдырын  тарихи,  әлеуметтік 

және  психологиялық  тұрғыда  талдау  арқылы  көркемдік 

шешімді  көлденең  тартып  отырады.  Әбді-Жәмилдің 

суреткерлік  шалымы  да,  азаматтық  позициясы  да  осы 

орайда  айқын  танылады.  Ол  заманының  сөзін  сөйлеп, 

саясаттың  сойылын  соғуды  қаперіне  де  ілмейді.  Олай 

болған  жағдайда  тап  күресін  тәңір  тұтқан  Еламан 

мен  Қаленнің  тағдыры  тәлкекке  түспес  еді.  Жаттан 

жақсылық  күткен  Тәңірбергеннің  жатағы  ойрандалмас 

еді. Адалдықтың бәйгесіне атын қосқан Жәдігердің жігері 

құм болып, арманы қиялға, өмірі қасіретке айналмас еді... 

Міне, өмір шындығы мен көркемдік шындықтың ара-жігі 

нағыз суреткердің диалектикалық зердесі арқылы осылай 

сараланады.  

Дәл  осы  тұрғыдан  келгенде,  ұлттың  бір  ғасыр 

аясындағы  тарихи-әлеуметтік  болмысын  көркемдікпен 

кестелей  алған,  ол  еңбегі  адамзаттың  рухани  игілігіне 

айналған,  сөйтіп  қазақ  халқының  өзін-өзі  тануына 

мұрындық  болып  қана  қоймай,  өзгенің  де  ұлықтауына 

себепші  болған  Әбді-Жәмил  Нүрпейістің  суреткерлік 

тегеуріні осылай парықталса керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет