Қазақ әдебиеті пәнінен тест сұрақтары (1-2 бөлім бойынша)



Дата03.12.2023
өлшемі23,35 Kb.
#133108
Байланысты:
f61822c16c319b0


Қазақ әдебиеті пәнінен тест сұрақтары
(1-2 бөлім бойынша)


1. Абай Құнанбаевтың туған жерін белгілеңіз.
А) Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақ жайлау өңірі;
В) Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақта;
С) Ақмола облысындағы Қоскөл деген жерде;
Д) Ақмола облысы, әйгілі Бурабай көлі;
Е) Қостанай облысы, Құсмұрын бекетінде.
2. Абай медреседе діни уағыздармен шектеліп қалмай, қандай тілдерді игерді?
А) Араб, парсы, түркі;
В) Араб, парсы, иран;
С) Араб, парсы, түркімен;
Д) Араб, парсы, өзбек;
Е) Араб, парсы, орыс.
3. 1882 жылы жазылған Абайдың ақындығын өзіне де, өзгелерге де мойындатқан шын мәніндегі көркем туындыларын көрсетіңіз
А) «Жаз», «Қыс»;
В) «Өлең - сөздің патшасы», «Күз»;
С) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Жазғытұры»;
Д) «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр»;
Е) «Қан сонарда бүркітші шығады аңға», «Бородино»
4. Абай өлеңдерін кімнің атынан таратып жүрді?
А) Байкөкше;
В) Барлас;
С) Көкпай;
Д) Балта;
Е) Шөже.
5. Абайдың қай поэмасының уақиғасы «Мың бір түн» ертегісінен алынған?
А) «Ескендір»;
В) «Масғұт»;
С) «Әзім әңгімесі»;
Д) «Еңлік - Кебек»;
Е) «Ләйлі - Мәжнүн».
6. Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған поэмасын көрсетіңіз.
А) «Ескендір»;
В) «Масғұт»;
С) «Әзім әңгімесі»;
Д) «Еңлік - Кебек»;
Е) «Ләйлі - Мәжнүн».
7. Абай: «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ», - деп нешінші қара сөзінде жазды?
А) Алтыншы сөзінде;
В) Отыз үшінші сөзінде;
С) Он сегізінші сөзінде;
Д) Жиырма бесінші сөзінде;
Е) Он тоғызыншы сөзінде.
8. «Қазақтың классикалық әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деген сөздің иесі кім?
А) А. Байтұрсынов;
В) Ш. Құдайбердіұлы;
С) С. Сейфуллин;
Д) М. Әуезов;
Е) З. Ахметов.
9. Қай қара сөзінен?
«Жас бала анадан туғанда 2 түрлі мінезбен туады».
А) Жетінші;
В) Он сегізінші;
С) Он тоғызыншы;
Д) Отыз бірінші;
Е) Отыз сегізінші.
10. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрын - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деген сөздің авторы кім?
А) Ш. Құдайбердіұлы;
В) А. Байтұрсынұлы;
С) С. Сейфуллин;
Д) М. Әуезов;
Е) М. Жұмабаев.
11. «Орынсызды айтпаған», «Арғы атасы қажы еді», «Тұла бойың ұят, ар едің» өлеңдерін кімге арнады?
А) Оспанға;
В) Ақылбайға;
С) Әбдірахманға;
Д) Мағауияға;
Е) Мекайлға.
12. Абайдың өзі шығарған өлең - әндерінің саны қанша?
А) 20 шақты;
В) 25 шақты;
С) 30 шақты;
Д) 35 шақты;
Е) 40 шақты


13. Қай өлеңнен?
Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
А) «Қар болды жаным»;
В) «Бойы бұлғаң»;
С) «Сегіз аяқ»;
Д) «Құлақтан кіріп бойды алар»;
Е) «Жазғытұры».
14. Отыз екінші қара сөзінде қандай ой айтылады?
А) Адамның қандай болу керектігі;
В) Ғылым-білім үйрену, әуелі нені білу керектігі туралы;
С) Қолөнер үйрену керектігі туралы;
Д) Адал еңбек ету керектігі туралы;
Е) Шығармашылықпен айналысу туралы.
15. Абай: «Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар»,- деп нешінші қара сөзінде жазды?
А) Екінші;
В) Төртінші;
С) Он алтыншы;
Д) Он жетінші;
Е) Жиырма тоғызыншы
16. Өлең неліктен «Сегіз аяқ» деп аталған?
А) Бунақтарының санына байланысты;
В) Сегіз шумақтан тұрады;
С) Сегіз буынды болып келеді;
Д) Бір шумақ сегіз жолдан тұрады;
Е) Тармақтарына байланысты.
17. «Қайнайды қаның, Ашиды жаның, Мінездерін көргенде» деген өлең жолдары Абайдың қай өлеңінен алынған?
А) «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»;
В) «Қалың елім, қазағым»;
С) «Болыс болдым, мінеки...»;
Д) «Сегіз аяқ»;
Е) «Сабырсыз, арсыз, еріншек».


18. «Бұл да бай тұқымы, дәурені өткен ескі заманды көксейді, кешегі аштық нәубетін кеңес өкіметі қазақты құрту үшін әдейі ұйымдастырды» деп теріс үгіт айтады-мыс...». Қай кейіпкерге қатысты айтылған?
А) Сәтбай қажыға
В) Әбдікәрім Жәмікұлына
С) Қаныш Сәтбаевқа
Д) Ғазиз Имантайұлына
Е) Оразақын Асқарға
19. Қаныш Сәтбаев Иосиф Николаевичке қандай тапсырма берді?
А) Темір кенін табу
В) Көктасты анықтау
С) Көмірдің құнарлы кенін табу
Д) Марганецті табу
Е) Жер қыртысын тексеру
20. Романда аты аталатын Шәмшиябану Қанышқызының еңбегі?
А) «Қаныш елі»
В) «Тар жол, тайғақ кешу»
С) «Құлыпталған ғұмырнама»
Д) «Сәулелі әулет»
Е) «Абай жолы»

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет