Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К


Халық əртiсi Құдайберген СҰЛТАНБАЕВҚА



Pdf көрінісі
бет48/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   88
Байланысты:
7370 (1)

Халық əртiсi Құдайберген СҰЛТАНБАЕВҚА
Жасыратын несi бар, кемпiрқосақтың түсi секiлдi əр адам-
ның iсi де, түсi де əрқилы болады ғой. Бiр жұмырбас тышқан 
аңдыған тымпи мысық секiлдi «Iшiмдегiнi тауып ал!» деп 
тұрса, ендi бiр есерсоқ неме «Қолыңнан келсе шауып ал!» 
деп шалқақтайды. Бiреу қарайғанға қақтығып тұрады, бiреу 
сорайғанға соқтығып тұрады. Ал, баз бiреулер бар нəрсенiң 
өзiн ақи-тақи жоқ қылып тұрады.
Бiздiң Құдайберген бұлардың бiреуiне де ұқсамайды. Құ-
дайбергендi құдай жарылқап, азды-көптi несiбесiн аямаған: 
көрсiн деп көз берген, сөйлесiн деп сөз берген, тыңдасын деп 
құлақ берген. Сондықтан да болар «сыбырлағанды Құдай да 
естидi», Құдайберген де естидi.


215
Құдайбергеннiң құйтақандай кезiнде қу тiлдi қушыкеш 
бiр қария:
– Балам, «А» деп айтшы! – деп құлағына сыбырласа ке-
рек. Сонда Құдайберген:
– «А»-ның үлкенiн айтайын ба, кiшiсiн айтайын ба? – деп 
бажырайып қараған.
– Өй, айналып кетейiн, болайын деп тұрған бала екенсiң. 
Ендi мына сұраққа жауап бершi: кетпеннiң басын бассаң не 
болады?
– Сабы сарт етiп маңдайыңа тиедi!
– Əй, балам, мынауың да үлкен пəлсафа. Мен бiлсем бар 
ғой, ешкiм естiмесiн, сенен үлке-ен кандидат наук шығады. 
Мектептi бiтiргесiн қайда барасың?
– Оқуға түсем! Оқуды бiтiргесiн əп-əдемi тауыққа барам.
– «Əп-əдемi тауық» деген не пəле тағы?
– Əп-əдемi тауық деген əп-əдемi тауық. Ағам сол Алма-
тыдағы əп-əдемi тауықта iстейдi.
– Ой, қызталақ, қайдағы жоқты шығарасың. Ағаң əп-
əдемi тауықта емес, ғалымдардың ордасы «Академнаукта» 
iстейдi.
– Əжем ғой əп-əдемi тауық деп жүрген...
Құдайбергендi құдай сақтап мектептi бiтiргесiн «наук» 
қумай, тауық қуып кеттi. Баяғы қария балақайды ұстап алып:
– Əй, тапа-тал түсте тауық қуып жүргенiң не? Еңгезердей 
боп елден ұят емес пе? – деп құлағына сыбырлады.
– Суретшi болам!
– Суретшi болатын адам тауық қуа ма екен?
– Суретiн салам...
– Кiмнiң?
– Тауықтың.
– Əй, балам, құлағыңды берi ұста. Бояушы болғың келсе 
тауықтың емес, сайтанның суретiн салып үйрен.
– Е, неге?
– Тауықты танымайтын адам жоқ, ал сайтаныңды тiрi 
пенде көрген емес. Бiрдеңе-шiрдеңенi құйын соққандай ши-
майлап-шимайлап «Мiне, мынау сайтанның суретi!» десең, 
оған жұрттың бəрi сенедi. Сенбесе маған кел!


216
– Жоқ, ата, сайтанды көрмей суретiн сала алмаймын!.. 
Құпия емес, Құдайберген сай-саладағы сайтанды iздеп 
бiраз жүрдi. Жүрдi-жүрдi. Табылмады. Сосын «Сайтан iздеп 
сартiс болғанша, сахнада əртiс болайын» деп ойлады.
Мiнеки, айналып-айналып ақыр соңында əртiс болды да 
шықты. Əртiс болғанда қандай, Қазақстан Республикасы 
Парламентi мəжiлiсiнiң əртiс-депутаты болды. 
– Парламенттегi 67 депутаттың, олардың бəрi əртiс. Бi-
рақ iштерiндегi шын əртiс мен ғанамын! – деп төрт жыл тө-
бесiмен жүрдi.
Əгəрəки, əр адам орта есеппен күнiне бiр килограмм та-
мақ жеп, екi литр су iшсе, елу жылда өңештен өткен нəрсе-
сiнiң салмағы қанша болар едi?
Онда екi езуiмiз – ет комбинаты, аузымыз – астық 
қоймасы, асқазанымыз цистернаға ұқсап кетер едi. Мiне, 
мəселе қайда? Құдайберген Сұлтанбаев депутат болғанға 
дейiн яғни, жарты ғасырдың iшiнде 18 мың 615 тонна тамақ, 
37 мың 230 литр су iшiптi. Не деген қуат! Ал ендi осыншама 
тамақтың күш-қуаты қайда жұмсалды! Əрине, қақ жартысы 
«Тамашаға», қалғаны бала-шаға... 
Ал, Парламентке ше? Айтар сөзi – ойында, бар қуаты – 
бойында, шығын шыққан жоқ. Саяхаттан... Кешiрiңiздер, 
саясаттан сахнаға қайтып келгенi қандай жақсы болды. Өз 
қуаты өзiнде. Құдайберген де қу ғой, көп қуатын көрермен-
дерiне сары майдай сақтаған болуы керек.
«Күндiз шешiнедi,
Түнде киiнедi».
Бұл жұмбақтың шешуi – Құдайберген дейсiздер ме? Олай 
емес. Құдайберген, керiсiнше, күндiз киiнiп, түнде шешiнедi. 
Бұл жұмбақтың шешуi – киiм iлгiш. Мырс етiп миықтан 
күлмеңiздер, «театр киiм iлгiштен басталады».
Құдайбергеннiң құлағы шалмаған нəрсе жоқ. Əуелi əже-
сiнiң «Түлкi неге қу?» деген ертегiсiн естiп өстi.
Ерте,
Ерте,
Ерте заманда,
Ешкiнiң құйрығы келте заманда


217
Түлкi мен тырна дос болыпты.
Көңiлдерi хош болыпты.
Екеуiнiң де
Екi-екiден баласы бар екен.
Бiрақ түлкiнiң iшiнде
«Қызғаныш» деген бəлесi бар екен.
Себеп?
Себебi тырна
Түрiң құрғыр түлкiден биiк ұшты.
Түлкi қалай жасырсын күйiнiштi?
– Айналайын тырна!
Сен қасымда серейiп
Бекерге тұрма.
Бұдан да биiк ұш! – деп қойды.
Аңқау тырна аспанға ұшқанда,
Түлкi оның жердегi баласын жеп қойды.
Кешке таман
Алдынан шығып тырнаның:
– Қарашы құдай ұрғанын! –
Деп көзiн түкiрiктеп,
Мүлəйiмсiп жылайды.
– Не болды, достым? –
Деп Тырна сұрайды.
– Жыламай қайтем, Тырнажан,
Менiң кетiп тұр мазам.
– Мазаңызға не болды?
– Ойбо-о-ой! – деп Түлкi бөгелдi.
Бұ дүние бүлiнiп кеткен екен.
Ұйқы қысып, 
Көзiм iлiнiп кеткен екен...
Ояна кетсем,
Төрт баламыздың бiреуi жоқ.
Сен ай жақты iзде,
Мен сай жақты iздейiн.
Басқа жаққа шабатын шамамыз жоқ.
– Сонда қайсымыздың баламыз жоқ?
– Əй, досым-ай,


Əбiржiп, шошымай
Кiшкене дем ал!
«Сенiкi, менiкi!» дейтiн не бар?
Ұзын мойынның бiреуi жоқ.
...Содан бастап бұл күнi
«Қу» дейдi екен түлкiнi.
Иə, солай. Əжесiнiң ертегiсiнен кейiн ел-жұртын елжiретiп 
қоятын үкiметтiң ертегiсiн тыңдады. Тыңдамағанда ше? Үкi-
меттiң iшiнде үкiлi депутат атанып, үлпiлдеп жүрдi ғой. 
– Ендiгi арманым – көзiм көрген көп түлкiнi қуалап, сах-
наға шығару! – дейдi Құдекең. 
Қайдам? «Ашаршылықта жеген құйқаның дəмiн» ауық-
ауық аңсайтын сияқты. 
Əй, қойшы. Көрермен үшiн «құйқаның дəмiнен» гөрi, 
күлкiдей шипаның дəмi тəттi-ау!..
1999 жыл


219
ЌЎДАЄИ, БIР ПАРТИЯ!..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет