2000 жыл
248
«ТОЌАЛ» ПАРТИЯСЫН
ЌАШАН ЌЎРАМЫЗ?
Күллi депутат күл шашып ойнаған баладай от басы, ошақ
қасының тiрлiгi емес, маңызды мəселенi май шаммен қарап,
қызу талқыға салды. Мəселе – бiреу, сұрақ – үшеу:
1. Қазақ қайтсе көбейедi?!
2. Делiқұл демографияны қалай дамытамыз?
3. Ол үшiн не iстеу керек? 2015 жылға дейiн халқымыздың
санын 20 миллионға қалай жеткiземiз?
– «Еркекке екi əйел алу туралы заң» қабылдағанымыз
жөн, – дестi депутаттардың басым көпшiлiгi байсалдылық
танытып.
– Дұрыс! – дедi бiразы ат үстiнде отырғандай қопаңдап. –
Бiр жарым миллиард халқы бар қытайлықтар Қазақстан жұр-
тының он бес-ақ миллион екенiн естiгенде «Олар бiр-бiрiн
танитын шығар?» деп таңырқасыпты. Бiз расында да азбыз.
Неге? Демографияның көңiне көк шығарып, профессор Ма-
қаш Тəтiмов айтқандай «көк көрпемiздi бүлкiлдету» үшiн
жаңадан партия құруымыз керек.
– Партия құрғаннан көбейсе, қазақтың саны баяғыда-ақ қа-
рыштап өсер едi ғой, – дестi бiрсыпыра депутат мырзалар. –
Топырағың торқа болғыр КПСС-тен бастап қанша партия
құрмадық. «Отан», «Ақ жол», «Асар», «Азаматтық», «Ауыл»,
«Аграрлық партия»... Ең соңғы Нəрiкбаевтың «Демократия»
партиясы... Айтыңдаршы, қай қазақтың жыртығына жамау
болып, кiмнiң тесiгiн бiтедi?
– Мəртебелi мырзалар мен ханымдар! Қадiрлi отандас-
тар! – дедi қатарынан қайта-қайта сайланған қадiрлi бiр
депутат. – «Отан» партиясын құрдық. Ендi «Тоқал» партия-
сын қалай құрамыз?..
Дау-дамай басталды.
– Оған бəйбiшелерiмiз көне ме?
– Бiр сиыр – айран, екi қатын – ойран...
– Ойлан, депутат, ойлан!
Сол сол-ақ екен, депутаттардың тоқал алу туралы ойлары
мол-ақ екен. Бiрiнен соң бiрi жамыраған қозыдай жарыссөзге
шықты.
249
– «Əйелiң жақсы болса,
Далада дабырлап сөйлейсiң.
Əйелiң жаман болса,
Үйде сыбырлап сөйлейсiң».
Дабырлатып та сөйлететiн, сыбырлатып та сөйлететiн аға-
ларымның айдай сұлу ай сұлу əйелдерi бұл мəселеге қалай
қарайды екен?
«Əйел бiр қолымен бесiктi тербесе, бiр қолымен əлемдi
тербейдi». Бiресе тербеп, бiресе тербетiлiп жүрген, бiресе
ағаларымызды тергеп, бiресе тергетiлiп жүрген аршыған жұ-
мыртқадай аппақ жеңгелерiмiз не дейдi?
Сарапқа салсақ, Қазақстандағы еркектердiң орташа жа-
сы – 58. Ал, əйелдердiң орташа жасы – 70. Көрдiңiздер ме,
əйелдер көп жасайды. Өйткенi, еркекке қарағанда анағұрлым
күштi.
«Əйел ашуланса – шай қайнатады» дейдi. Шай қалай қай-
найды? Бұрын отпен қайнаушы едi, қазiр тоқпен қайнайды.
Əйелдер – ең қуатты электр. Тоқ ұрса жаман болады. Ойла-
найық. Тоқал алу тоққа түскенмен бiрдей. Тоқал алғыш бол-
саңдар өздерiң-ақ ала берiңдер. Тасқынның алды – жаман,
арты жақсы. Кiшкене артын күте тұрайын...
– Мəселенi бiз шешпеймiз, мəнiстiң бəрi əйелде! – дедi
мəсiнiң қонышындай жылтыраған бiр депутат. – Өйткенi
«əйел – қырық шырақты». Ендеше, əйелдiң жаны – қырық!
Еркектiң жаны ше? Екеу-ақ! Екi-ақ жаны бар еркекте ес
бола ма? Бiр еркек газетке мынандай жарнама берiптi:
«Қырық жастағы əйелiмдi жиырма жасар екi қызға айыр-
бастаймын!». Бұл ендi «төрт бөлмелi үйiмдi екi бөлмелi екi
үйге айырбастаймын» деген далбаса да.
Айырбасқа көнбейтiн, айылын жимайтын кербез сұлу ке-
лiншектерiмiзбен кеңесейiкшi.
– Кеңесетiн не бар? – дедi бiр депутат. – Əйел – кiтап. Бiр
кiтапты қашанғы оқисың, түк қызық емес.
Оған бiр депутат оқалақ тигендей одыраңдап қарсы шықты.
– Əйел кiтап емес – кiтапхана. Оны өмiр бойы оқып та-
уыса алмайсың. Менiмше, еркек – цирктегi ат секiлдi, ал
250
əйел – сол атты үйрететiн дрессировщица. Қолында – қам-
шысы. Алэ-э-оп! «Жел!» десе желе қалады, «Кел!» десе келе
қалады. «Қат!» десе қата қалады. «Жат!» десе жата қалады.
Аузына кəмпит сап алдай салса бiттi... Екi танауы шелектей
болады.
Əйелдiң жұмысы ауыр. Бiр сағат ас дайындаған əйел 8 ша-
қырым жол жүргенмен бiрдей. Қазақстанның қап арқала-
ған қатын-қалаштары 8 шақырым емес, күнiне сексен шақы-
рым жаяу жүредi. Ал еркектерi ше? Тамақ əкелгенше талтайып,
төргi үйде төңкерiлiп жатады. Құдды аударылып қалып тұра
алмай жатқан қоңыз секiлдi. Шыбын қақпайды-ау сабаздар.
Жанын аяйды. Неге аямасын. Еркектiң жаны екеу-ақ қой.
Əйелдер ашуланса анау-мынау, ады-бұдысын аузына
сақтамай айтып-айтып тастайды. Сөзi таусылса көзi бар,
ботадай боздап жылап жiбередi. Негiзiнде əйелдер күлкiсi
келмесе күлмейдi, ал жылағысы келсе кез келген уақытта
жылай алады. Ықыласпен жылаған ыстық жас денсаулыққа
өте-мөте пайдалы. Өйткенi, бойдағы удың барлығы ауыз бен
көз арқылы айдалаға ағып кетедi.
Ал, еркек ше? Ұр! Жыламайды. Киiз тепкендей тепкiле!
Жыламайды. Керiсiнше өзiңе қарсы ұмтылып, «Ой əкеңдi...»
деп əкiреңдеп, жатқан орнынан қасқырдай қарғып тұрады.
Бiттi! Бар қимылдағаны сол-ақ.
Бiрақ, еңiрегенде етегi жасқа толатын еркектер де бар.
Олар неге жылайды дейсiз бе? «Аралдағы жеңешесiн» са-
ғынғандай ауылдағы ажырасып кеткен бəйбiшесiн ойлап,
қамыққанда көзiнiң жасы көл болады. Сол бiр солқылдап
жылаған əуенге құлақ түрiп көрiңiзшi.
Достарыңызбен бөлісу: |