Бағдарламасы бойынша жарық көрді Сақ Қ. С 17 Алаш мұрасы./ Қ. Сақ. Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2014


АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК ЖƏНЕ БАҚ ФУНКЦИЯСЫН



Pdf көрінісі
бет35/37
Дата31.12.2021
өлшемі1,34 Mb.
#22411
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК ЖƏНЕ БАҚ ФУНКЦИЯСЫН 
ЗАҢДАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ ХАҚЫНДА
Алаш ардақтысы Ақселеу Сейдімбек туралы сөз қозғал-
ғанда,  бар  саналы  ғұмырын  қазақтың  ұлттық  құндылықта-
рын түгендеуге арнаған асыл азаматтың журналистік жəне 
көсемсөзшілік қызметін айтпай, айналып өту қиянат болар 
еді.  Ақаңның  БАҚ-ты  ұлт  қажетіне  жарату  туралы  ойлары 
ылғи  да  ХХ  ғасыр  басындағы  ұлт  көшбасшылары – Алаш 
көсемдерінің пікірлерімен ұштасып жататын. Саналы ғұмы-
рының  соңғы  күндері  «Астана  ақшамы»  газетіне  бер-
ген  сұхбатында  қазақ  телевизиясын  шетелдік  экспансия-
дан  құтқару  туралы  өте  өзекті  мəселе  көтереді  де,  əлемге 
əйгілі  Əуезовтің  «ел  боламын  десең,  бесігіңді  түзе»  деген 
қанатты сөзін жаңа заман талабына сай «ел боламын десең, 
телевизияңды  түзе»  деп  қабылдау  керек  деп  корытады. 
Сөйтеді де, кейбір БАҚ басшыларының телеарна жекеменшік 
құзырында екендігін тілге тиек етіп, ойына келгенін істегісі 
келетіндігін,  бірақ  оған  жол  беруге  болмайтынын  былай 
дəлелдейді: «Телеарна біреудің жекеменшігі болуы мүмкін, 
бірақ  соны  көріп  отырған  халық  оның  жекеменшігі  емес 
қой.  Ендеше  халықпен  санасуы  тиіс,  сондай  заңды  талап 
қойылуы  керек.  Бұл  кезінде  ұлтымыздың  рухани  ұстазы 
Ахмет Байтұрсынұлы мəселе етіп көтерген қисын (теория). 
Оған сəл кейінірек тоқталатын боламыз.
Қазақстан Тəуелсіздігін алғаннан бергі уақытта елімізде-
гі  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  қызметі  түбірімен 
өзгерді.  Ең  алдымен,  бір  партияның  қолшоқпары  болудан 
босатылды.  БАҚ-қа  меншіктің  алуан  түрлілігі  қамтамасыз 
етілді. Ата заңымыз – Қазақстан Конституциясында сөз жəне 
баспасөз  бостандығына  кепілдік  берілді.  Цензураға  тыйым 
салынды. Қысқасы, демократиялық бағыт үрдіс алды. 
Дей тұрсақ та, ел журналистикасының əлі шешімін тап-
паған мəселелері де жоқ емес. Айталық, бұқаралық ақпарат 
құралдарының функциясы қандай болуы керек деген сауал-
ға əркім əрқалай жауап беріп жүр. Біреулер оның ақпарат-
тық  қызметін  алға  тартса,  кейбіреулер  көңіл  көтеретін,  се-


276
йілдік,  жарнамалық  функцияларын  бірінші  орынға  қояды. 
Осындай  алуан  түрлі  түсініктің  салдарынан  бүгінгі  күні 
еліміздегі БАҚ алабажақ күй кешуде.
Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев «Қазақстан-1» 
телеарнасы  журналистерімен  кездесуінде  бұқаралық  ақ-
парат құралдары қызметін қарулы күштермен қатар қойып 
қарастырып,  ел  қауіпсіздігі  үшін  кейінгісінен  гөрі  алдың-
ғысының рөлі басым екендігін тілге тиек еткені бекер емес. 
Ақпараттық қауіпсіздік – қазір күн құрғатпай дұрыс шешуді 
қажет етіп отырған көкейтесті мəселе.
Осы  орайда,  еліміздің  тұңғыш  президенті  Н.Назарбаев-
тың жоғарыда тілге тиек еткен жүздесуде журналистерге ар-
нап айтқан: «Халыққа жақ, санаға сақ болыңдар», – деген ата-
лы сөзі көңіл төрінен орын алады. Бұл тұжырымдама – сонау 
ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  журналистикасының  негізін 
қалаған  Алаш  азаматтарының  көзқарастарымен  сабақтаса 
ұштасып жатқан қағида. Əсіресе, төл журналистикамыздың 
тұңғыш  теоретигі  Ахмет  Байтұрсыновтың  тұжырымдары-
мен  өзектес.  Осыдан-ақ  Алаш  азаматтары  ілімінің  өмір-
шеңдігін аңғаруға əбден болады.
Ахаңның,  Ахмет  Байтұрсыновтың  ұйғарымынша,  БАҚ-
тың  басты  қызметі – халықтың  көзі,  құлағы  һəм  тілі  болу. 
Басқаша  айтқанда,  мемлекеттік  өзге  билік  тармақтары 
секілді  журналистика  да  халыққа  қызмет  етуші  дербес 
əлеуметтік институт. Қазір БАҚ кімге қызмет ету керек де-
ген  сауал  қоғамдық  келелі  мəселе  болып  тұр.  Оған  əркім 
əрқалай  жауап  беріп,  елді  адастырушылық  байқалады. 
Билік тармақтарын айтпағанда, БАҚ-қа құрылтайшы болып 
отырған  жеке  кісілердің  мүддесін  көздеп  отырған  топтар 
журналистерге  билік  жүргізгісі  келеді.  Бұл  түптің  түбінде 
өкіндірмей қоймайды. Сондықтан оның алдын алып, БАҚ-
тың фунциясын заңдастыру уақыт талабы деп білеміз. 
Осы орайда, Ахмет Байтұрсынұлы іліміне жүгінсек, БАҚ 
халыққа  төмендегідей  қызмет  түрлерін  көрсетуі  тиістігі 
анықталады.  Ең  алдымен,  ақпарат  таратушылық  қызметі 
алға тартылуы тиіс. Ол қоғамда, əлемде болып жатқан шын-
дықты жариялауға негізделгені жөн. Сонда ғана халық оның 


277
пайдалысынан нəр алып, залалдысынан сақтанып тұра ала-
ды.
Екінші, журналистер – жол бастаушы. Басқаша айтқанда, 
қоғамдық пікір қозғаушысы. БАҚ арқылы халықтың алдына 
түсіп, жол көрсетіп, жөн сілтеп, жол басшылық жасайды. 
Үшінші,  БАҚ – халыққа  білім  таратушы.  Журналистер 
осыны əр кез есте ұстап, елдің білімінің артуына адал қызмет 
етуге міндетті екенін ұмытпағаны жөн.
Төртінші, журналистер – халық өкілі, ендеше соның жо-
ғын жоқтап, мұңын зарлап, сойылын соғушы.
Міне, журналистердің атқаруға тиіс кəсіби міндеттері. Біз-
діңше,  БАҚ  туралы  заң  мен  журналистердің  кəсіби  этика-
сы  осы  ілімнің  негізінде  түзілгені  жөн.  Ақпараттық  қауіп-
сіздік  мəселесі  сонда  ғана  дұрыс  шешім  табарына  күмəні-
міз жоқ.
СЕРАҒА
«...Өлмейтұғын  артына  сөз  қалдырған»  арда  азаматтың 
бірі – Серік  Əбдірайымұлы.  Сегіз  қырлы,  бір  сырлы  та-
лант  иесі  қаламынан  туған  ел  тұтқасы – биік  тұлғалар  ту-
ралы туындылары ұлт көсемсөзінің құнды қазынасы болып, 
қазақ  публицистикасы  тарихынан  ойып  тұрып  орын  ала-
рына  ешқандай  күмəніміз  жоқ.  Атап  айтқанда,  Д.Қонаев, 
А.Асқаров,  Н.Тілендиев,  З.Қабдолов,  Қ.Мұхамеджанов, 
Ө.Жолдасбеков,  Т.Амандосов,  Т.Қожакеев,  С.Бердіқұлов, 
Т.Жанұзақов,  Қ.Найманбаев,  З.Нұрқаділов,  О.Бөкей, 
С.Əшімбаев, т.б. елдік – егемендік тарихымызда аттары ал-
тын  əріппен  жазылатын  алыптар  туралы  портретті  очерк-
тері  мен  сыр-сұхбаттары  мезгілі  өткеннен  кейін  қап-ай 
деп  сан  соғатын  қазақтың  бір  кемтігін  бүтіндеп,  болашақ 
ұрпаққа аманат етілген құнды мұра десек, асыра сілтеп, ауа 
жайылғандық болмас. 
Əсіресе, Серағаның қалың қазағы еркелетіп Димаш атап 
кеткен  Дінмұхамед  Қонаевтың  атандай  елу  жыл  ел  ағасы 
болғанда  халқына  қалтқысыз  қызмет  еткен  ерен  еңбегін 


278
ұрпақ  санасына  сіңірудегі  қайраткерлігі  мен  ізгілікпен 
көмкерілген қызметі – айрықша атап өтуді талап ететін шы-
ғармашылық өнегесі.
Серік  Əбдірайымұлы – Дінмұхамед  Ахметұлы  Қонаев-
тың  «Өтті  дəурен  осылай», «Ақиқаттан  аттауға  болмай-
ды»  атты  қос  кітабын  орысшадан  қазақ  тіліне  аударған 
қаламы  қарымды  тəржімəші.  Аударманың  төте,  балама 
жəне еркін түрлері болатынын еске салсақ, осының ішіндегі 
ең  күрделісі – еркін  аударма.  Өйткені  мұнда  аудармашы 
автордың  шығармасын  аударылатын  тілдің  төл  туынды-
сына  айналдыруға  міндеттеледі.  Əр  тілдің  өзіндік  тылсым 
табиғаты, сөз қолдану, сөйлем құрау əдіс-тəсілдері болаты-
нын ескерсек, бұл əсте де оңай шаруа емес. Қос кітапты оқып 
отырғанда олардың аударма екені еш байқалмайды. Құдды, 
о баста қағазға қазақша түсірілгендей, ешқандай кібіртіксіз, 
жеңіл  əрі  əсерлі  оқылады.  Қос  кітаптың  титул  бетінде: 
«Орысшадан еркін аударма жасап, қазақша нұсқасын жазған 
Серік  Əбдірайымұлы»  деп  жазылмаған  болса,  олардың  ау-
дарма екенін оқырман білмес те еді. Ендеше аударма ерек-
ше  шеберлікпен  орындалып,  аса  сəтті  шыққан  деген  сөз. 
Осының өзі – үлкен өнер. Қаламгердің күндіз күлуден, түнде 
ұйқыдан  қалып,  жарғақ  құлағы  жастыққа  тимей,  маңдай 
терін сорғалата еткен еңбегінің өтемі.
Көрнекті  қалам  қайраткерінің  Алаш  Димашының  есі-
мін ұрпақ жадында жаңғырту мақсатындағы ерен еңбегі осы-
мен  ғана  шектелмейді. «Елу  жыл  ел  ағасы»  атты  кітаптың 
шығуына  да  жанын  жалау  етіп,  бастамашыл  болып  қана 
қоймай, бар жүгін арқалағаны ел жадында. Қонаев атындағы 
халықаралық  қордың  вице-президенті  қызметінде  жүріп 
те  Алаштың  арда  ұлының  есімін  мəңгілік  есте  қалдыру 
мақсатында қыруар еңбек сіңіргеніне көпшілік куə. Тек сол 
қызметті су тегін, еңбекақысыз, қоғамдық негізде атқарғанын 
екінінің  бірі  біле  бермейді.  Қаламгердің  «Самғау»  атты 
кітабына  енген  сұхбатта: «Сіз  халықаралық  Д.А.Қонаев 
қорының  вице-президенті  ретінде  оның  болашағын  қалай 
елестетесіз? Айтқандай, мұнда жалақы алып қызмет істейсіз 
бе?» – деген  сұраққа,  Сераға  мынадай  жауап  қайырады: 


279
«Қор 1993 жылы 6-ақпанында  тұсаукесерін  өткізді.  Оған 
Димаш  Ахметұлының  өзі  қатысып,  қордың  қоғам  алдын-
дағы,  ел  алдындағы  міңдетін  айқындап  берген-ді.  Бас-
ты мақсат – тəуелсіздігімізді нығайту жолында еліміздің эко-
номикалық,  əлеуметтік  жəне  мəдени  өміріне  барынша  ат-
салысу. Облыстардағы, шет елдердегі Д.А.Қонаев қорлары 
дербес  қоғамдық  ұйым  ретінде  қалыптасқан,  өз  істерінде 
осы мақсатты басшылыққа алып келеді. Өзіме қатысты ай-
тар болсам, қор құрылған күннен қоғамдық негізде қызмет 
атқарып келемін».
Табаны  күректей 16 жыл  жалақысыз  қызмет  атқару – 
екінің  бірінің  қолынан  келе  беретін  іс  емес.  Осы  орайда, 
Серағаның  осыншалықты  шын  көңілімен,  шығарға  жаны 
қалмай, Д.А.Қонаевтың рухын аспандатуға адал еңбек етуі-
нің  сыры  неде  деген  сауал  туындауы  заңдылық.  Ет  жақын 
туғаны  я  Ел  ағасы  билікте  болған  кезіңде  қамқорлығын 
көрген,  не  болмаса  қоластында  шапағатына  бөленген  жан 
болса, бір жөн. Оның бірі де емес. Сонда не? Біздіңше, оның 
сыры мынада. Бұл жөнінде Сераға «Самғау» атты кітабында 
жан сырын былай ақтарады: Ар ойлап, дүниеге бой алдыр-
маған  екі  Адам  болса,  соның  бірі – елі  еркелетіп  Димаш 
атаған,  Дінмұхамед  Ахметұлы  Қонаев.  Шүкір,  шыққан 
тауы  биік  болды.  Бір  кісідей  биліктің  шыңына  көтерілді. 
Бірақ,  кісілігін  ұлықтыққа  жеңдірмеген  жəне  кім  десеңіз, 
сонда  да  осынау  абзал  жанның  есімі  еріксіз  еске  түседі. 
Халықаралық  Д.А.Қонаев  қорының  вице-президенті – осы 
кітап  авторының  əңгімесі  де  ізгілік  жолды  мұрат  тұтып, 
өшпес ізін қалдырған текті кісінің екінің бірі біле бермейтін 
асыл қасиеттері хақында. Сөз ұғар оқырман осы үзіндіден-
ақ  қаламгердің  Ел  ағасы  бойындағы  екі  қасиетті:  арлылы-
ғы мен тектілігін пір тұтып, өзіне рухани ұстаз санағандық-
тан қысылтаяң шақта жанынан табылғанын пайымдаған бо-
лар.
Серағаның  сонау 1986 жылы  Горбачев  пен  Колбиннің 
солақай  саясаты  салдарынан  үйқамақта  жападан-жалғыз 
қалған  Димаш  Ахметұлы  Қонаевтың  қасынан  табылуы – 
ұлт  намысын  жыртқан  азаматтық  болмысын  айшықтайтын 


280
тұс. Сол бір қиямпұрыс кезең туралы кейіннен «Өтті дəурен 
осылай»  атты  естелік  кітабында  Д.Қонаев  былай  деп  жа-
зады: «Жалғанда  жалғыздық  жаман  екен.  Ертелі-кеш  ты-
ным  болмайтын  телефондар  сап  тыйылды.  Күні  кеше  ғана 
құрдай  жорғалап,  алдыңнан  қия  өтпей,  қисынсыз  жерден 
қиялай  келіп  сəлем  беруге  құштар  əріптестерім,  мені  пір 
тұтып, ұстаз санаған қайран шəкіртсымақтарым біздің үйді 
айналып өтетінді шығарды. Тіпті базбіреулері аттанға ұран 
қосып, онсыз да лап еткелі тұрған шаланы үрлеуге асықты».
Əйгілі  Желтоқсан  көтерілісінен  кейін  əпербақан  билік 
атой  салған  қазақ  ұлтшылдығына  қарсы  күрес  жалыны 
лаулап  тұрған  уақытта  ақиқатқа  араша  түсудің  өзі  отпен 
ойнағанмен бірдей екенін бастан кешкен жан болмаса, сырт 
кісінің сезінуі қиын. Оңтүстік өңірінен басшылық қызметке 
тартылушылар  қатары  тым  көбейіп  кеткен  деген  сылтау-
мен  «Өнер»  баспасының  бас  редакторлығынан  қуғында-
лып,  Орталық  комитет  жанындағы  партия  тарихы  инсти-
тутына  аудармашы  болып  жер  аударылып  келген  Сераға 
мұны жақсы түсінді. Түсіне тұрып, саналы түрде соған бар-
ды.  Оны  «Самғау»  атты  кітабында: «Отқа  май  құюшылар 
көбейді.  Аз  күнгі  абыройға  малданып,  ардан  аттап,  аузы-
на  келгенді  құсқан  ағайындарға  тоқтау  айтар  жан  табыла 
қоймады. Ер басына күн туып, ел ішін алатайдай бүлдіріп, 
шырқын  кетіре  бастаған  қысылтаяң  шақта  бəрімізге  қара 
басымыздың амандығы қымбат боп шықты. Соны өзім ай-
рықша құрмет тұтатын Нұрғиса Тілендиев ағама барып ай-
тып едім, ұзақ үнсіз отырып:
–  Сонда  ойың  не? – деп  сұрады  əңгіменің  басын  ашып 
алғысы келіп.
– Жығылғанды жұдырықтамас болар. Тым құрыса мына 
төбесінен  жай  түскендей  есеңгіреген  халқыңызға  кешегі  
Елбасы  ретінде  Колбиннің  қаралаған  сөзіне  Сіз  не  айта-
сыз?  Ағы  қайсы,  қарасы  қайсы?  Неге  қаралаушы  сөйлейді 
де, айыпталушы жұмған аузын ашпайды? Соған журналис-
тік  намыс  «Сен  ай  қарап  жүрсің  ба?»  деп  маза  бер-
мейді. Жолықтырыңызшы, – деп қолқа салдым», – деп есіне 
алады.


281
Сұхбат  жанрының  сардары  Серағаның  «Ақиқат  айтыл-
май  қалмайды»  деген  тақырыпта  сол  кезде  үй  қамақта 
отырған  Д.Қонаевпен  сыр-сұхбаты  «Қазақ  əдебиеті»  газе-
тіне осылай даярланғанын кейінгі ұрпақтың білгені дұрыс. 
Ел  ағасына 108 сұрақ  əзірлеп,  оның  үштен  бірінің  жауа-
бын  қаз-қалпында  ақ  қағазға  түсіріп,  басылымға  басуға 
апарған Серағаның да, нар тəуекелге басып, оны тоқтатпай 
жариялауға белді бекем буған газеттің сол тұстағы бас ре-
дакторы Оралхан Бөкейдің де ісі – көзсіз ерлікпен пара-пар, 
болашақ ұрпақ, əсіресе, жас журналистер үлгі тұтарлықтай 
өнеге. 
Əрине, жазушы, журналист, публицист, аудармашы, бас-
пагер, қайраткер, ұстаз, тəлімгер Серағаның сан қырлы та-
лантын  жан-жақты  ашу,  тарата  талдау,  бағасын  беру,  ғы-
лыми  тілде  айтқанда,  Серіктануға  бойлап  ену – болашақ 
еншісіндегі  мəселе.  Бұл  жолы  алдымызға  ондай  мақсат 
қойып  отырғанымыз  жоқ.  Əз-ағаның  бір  ғана  ерлігін  еске 
алып,  халқына  қалтқысыз  қызмет  еткен  азаматтық  болмы-
сын паш етуді парыз санадық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет