Бағдарламасы бойынша шығарылды Құрастырған және алғы сөзін жазған Қанипаш Мәдібаева Қанайұлы Ш. Қ 34



Pdf көрінісі
бет16/40
Дата26.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#144373
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40
ШОРТАНБАЙ АЙТҚАН ЕКЕН...
1
Қатынын мақтар хас жаман,
Баласын мақтар нас жаман.
Алыстағы дұшпаннан
Аңлып жүрген дос жаман.
* * *
Құдыққа еңкейгенде басындағы топысы суға түсіп кетеді. 
Шортанбай қарманып ұстай алмай қалады. Сонда былай де-
ген екен ойланбастан:
Басымда топым ба еді көп көргенің,
Мен бе еді осыншама жек көргенің.
Бар сенгенің сен болсаң екі қолым,
Кәнеки, тап бергенде, ап бергенің?
* * *
Опасыз дүние жалған-ай
Шортанбайды алған-ай
Қайғы басқа салған-ай
Не шара бар құдайға
Әуелде жазған пәрмен-ай.
Өлім үшін жаратты,
Әуелде адам пендені.
Мынау қалай демеңіз
Үшбу жалғанның жолдасы
Болдық несін біліп
Дүние жалған-ай.
Пенде жоқ тәуба қылған ісін біліп,
Төрт кісі өз жақыныңнан талап алар
Оң жаққа салғанынан соң шешіндіріп.
Қолынан қарындастың келгені сол
Көрге сап көміп қайтар көсілдіріп.
1
Шортанбай: Толғаулар. Алматы: «Айқап», 1993 ж.


175
ШОРТАНБАЙДЫҢ ҚАРҚАРАЛЫДА БОЛҒАНЫ
Шортанбай Қарқаралы қаласына келіп, күн батып, шам 
жаққан мезгілде Қамыт деген бай ноғайдың қақпасын қа-
ғады. Қақпаны ешкім ашпайды. Сонда Шортанбай терезенің 
тұсына келіп мына өлеңді айтқан екен.
Осы күнгі ноғаймен атамыз бірге,
Хауа анадан жаралды.
Бейіштің дүзін көрмесін
Деген екен сараңды.
Сараң пенде кім десем,
Ноғайларға ұқсайтын көрінеді реңді
Кіргізбейтін кісіні,
Күн батқан соң бекітіп ап қораңды.
Ноғай, сенің салмасын
Мұсылманға жораңды.
Жер ортасы – Көктөбе
Ноғай ауған жерінен,
Айырылған соң жау алған
Орманбет хан ерінен,
Қазаққа кеп бай болды.
Ашуланса ноғайды,
Айдар қазақ елінен.
Қамытбай: «Ойбай, Қожа екен ғой!» – деп, өзі шығып, 
қақпасын ашқызып, құрметтеп, үйіне кіргізіп, отырар-
отырмаста он топ кездеме әкеп алдына қояды. Сонда Шор-
танбай:
Он топ ләңке ал лейсің,
Қоржыныңа сал дейсің.
Ендігі жыл болғанда
Шортанбай атты қожада
Сексен қойым бар дейсің, – 
деген екен.
* * *
Құсбек төре дуанбасы болып сайланғанда құтты болсын 
айта келген Шортанбайға бір айғыр үйірлі жылқы айдатыпты.
Жолда келе жатса, Жамантай хан жылқысының ішінде жүр 
екен. Келіп, амандық-саулық сұрасады.


176
Жамантай: «Қожа, қайдан келесің?» – депті. Шортанбай: 
«Құсбек ханға қайырлы болсын айтып келемін», – дейді.
Жамантай: «Ие, Құсбекті хан қоя алмай-ақ жүр екенсің-
дер-ау» дегенде, Шортанбай:
Ежелден өлең айтқанменен Шортанбай,
Тұсында әрбір ханның бір сұрқылтай.
Құсбек хан дуанбасы болып еді,
Мен түгіл өзің қайттың, хан Жамантай, –
дейді. Жамантай: «Хандықтан айырылған соң жолын ұмытты 
дерсің», – деп о да бір айғыр үйірлі жылқы беріпті дейді.
* * *
Алдаушы жалған дүниенің
1
,
Алдайтұғын пұлы бар.
Аяқты теріс баспаңыз,
Жаманнан басты жырып ал.
Сұғанақ болып ұмтылма, 
Сыбағаң болса-тұрып ал.
Үй менікі демеңіз,
Үй артында ұры бар.
Қазылған орға кез келсең,
Атыңның басын бұрып ал,
Текті туған ер жігіт,
Кедейлік басса құнығар.
Қуа берсең қорқақты,
Батыр болып шынығар.
Енді еркіндік заман жоқ,
Дұшпанның құрған торы бар.
Ендігі жүрген жігіттің,
Маңдайының соры бар.
(Жалғасы ұмытылған).
*********************
(
Мына жырдың көбісін ұмытқан
):
Шолақ иттей діңкілдеп,
Закон айтып қатын тұр.
Қойнында жатқан еріне,
Кел жігіттер түспелік,
1
Үмбетова Базаргүлдің анасынан жазып алғаны // «Заман» газеті, 
25 мау сым, 1993 ж.


177
Жанған оттың көріне.
********************
Тақуа болған ғалымдар,
Бұл жалғанда не етеді.
Баяны жоқ шіркінді,
Бір күні тастап кетеді.
Бір кісі емес әркімнің,
Көмейі малын сүйеген,
Мінбей-кимей өтеді.
Басында бар сүйтеді,
Басына салған әурені,
Ақыл – дария білгенге,
Бұл жалған жоқ өлгенге,
Жан жоламас жатқанға,
Ілінер жөргем жүргенге,
Ит жерімес арамнан,
Құдай безер наданнан,
Қой деп айтсаң өршиді,
Ақылы жоқ ақмаққа,
Кенеуі жоқ кей билер,
Құр зорлайды тоқпаққа.
Түзу жолдан қисайсаң,
Жолығарсың соқпаққа.
Атаңды сыйла анаңмен,
Меккені іздеп таппаққа,
Жерге біткен тау пияз,
Жегенмен тамақ болар ма,
Тоймайтын нәпсі көңілге,
Дария құйсаң толар ма.
Сүмбіле туып күз болмай,
Көкорай шалғын оңар ма.
Кәрілік келсе қайтадан,
Жасарып адам толар ма.
Ерден қадір кетпесе,
Отырмайды есікке.
Сөйлес деген мейманға,
Сөз айтқанша кешікпе.
Халықпенен қас болып,
Оңбас іске өшікпе.


178
Ердің құны сөз емес,
Есебін тапқан сабазға.
Төрден орын тимейді,
Төре де болса малы азға.
Езіп жақсаң кір жұқпас,
Сексен сыңды маңғазға.
Ғашықтың қылсаң шарасын,
Шынарға біткен шынардай.
Адал сүт емген жолықса,
Болар ма еді арманың.
Білмес едің ойынмен,
Таңнын атып қалғанын.
Ақ жаулықпен көркейер,
Абыройлы болса алғаның.
Жаман болса жолдасың,
Қатардан кейін қалғаның.
Жаман иттен құтылмай,
Жақсы жолға түтылмай,
Ақырында махшарға,
Қорлықпенен барғаның.
Ағаш көркі-жапырақ,
Адам көркі-шүберек.
Өліге де мал керек,
Тіріге де мал керек.
Өлмей тұрып тіріңде,
Мініп,киіп,ішіп-же,
Өлгеннен соң не керек,
Тірі де мал жиғаның,
Өлгенде-малың иманың.
Төстіктей қазған бір жерге,
Қырыңнан кіріп сыйғаның.
Әй,әлеумет қарындас,
Құлшылық қылсаң не етеді,
Ажал қуып жетеді.
Мінезге бағым табылмас,
Әдетіне кетеді.


179


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет