«Шортанбай айтқан екен...»
ҚҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
Қолжазба бөліміндегі 201, 502 бумалардан алынды. 1961, 1963
жылғы Қарағанды экспедициясының материалдары. Жинаған Бал
-
табай Адамбаев. Айтушы – Төленов Жақсылық.
Е
кінші
Бөлім
ШОРТАНБАЙ
МҰРАСЫ
С
ЫН-ЗЕРТТЕУЛЕР
М
АҚАЛАЛАР
182
М.Әуезов
ЗАР ЗАМАН АҚЫНДАРЫ
1
Зар заман деген – ХІХ ғасырда өмір сүрген Шортанбай
ақынның заман халін айтқан бір өлеңінің аты. Шортанбайдың
өлеңі ілгергі, соңғы ірі ақындардың барлық күй, сарынын бір
араға тұтастырғандай жиынды өлең болғандықтан, бүкіл бір
дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына
«зар заман» ақындары деген ат қойдық. Бұл ақындардың
дәуірі жоғарыда айтқан тарихи дәуірді туғызған дәуір. Зар
заман ақындарының алғашқы буыны Абылай заманынан
басталса, арты Абайға келіп тіреледі. Сондықтан қазақтың
тарихымен салыстырсақ, зар заман дәуірі толық жүз жылға
созылады.
<...>
Соңғы заман өлеңдеріне зар заман деген ат қойдық. Бұл
аттың иесі Шортанбай. Бұл ақын «Зар заман» деген өлеңінде
өзі көріп тұрған қазақ өмірінің барлық суретін айтады. Сол су-
реттер бойынша Шортанбай өмір сүрген заманның хал жайы
қалай пішінделеді, соны көрейік.
Шортанбайдың әуелі бұрыннан көп сөйленіп келе жатқан
«Заманға» қай заман екенін атап, ат қояды.
«Мынау ақырзаманда
Алуан, алуан жан шықты,
Арам, араз хан шықты,
Қайыры жоқ бай шықты.
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты».
Баяғыдан құбылып, бұзылып келе жатқан заман, өзге за-
ман... екен. Бұл арада дін ұғымы мен ескі қазақ көзқарасы
1
Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы: «Ана тілі», 1991 ж.
183
бір араға қосылғандай болады. Сондықтан «ақша деген мал
шығып, қайыры жоқ бай шыққаны» ақыр заманның белгісі.
Заманның осы сияқты жаман белгісі «Зар заманның» ішінде
көп айтылады. Ел өмірінде бұрынғыдан өзгерген жаңалық,
жаттық болса, барлығы да ақыр заман нысанасы сияқты
көрінеді.
«Мұның өзі зар заман
Зарлығының белгісі
Ұлы сыйламас атасын.
Арам сідік болған соң,
Атасы бермес батасын.
Қазы, болыс, хан қойды
Некесіз туған шатасын.
. . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Сол заманның кезінде
Қыз сыйламас шешесін,
Ержеттім деп, шаштасып».
Заманның бұзылған белгісі жалғыз адам да емес, табиғат
та өзгереді. О да жұтай, жүдеп келеді:
«Асылы азған замандай,
Шөп сұйылды жердегі,
Құс таусылды көлдегі
Бай таусылды елдегі».
Бұның бәрі заман бұзылғанының белгілері. Енді осы за-
манды бұзған кім? Қандай іс, қандай қулық, қай өзгерістен
соң бұрынғы заман бұзылуға айналды?
Бұған ақынның беретін жауабы:
«Заман қайтып оңалсын,
Адам қайтып қуансын.
Майыр болды сыпайың,
Арылмастай дерт болды
Нашарға қылған зорлығың.
Кінәзді көрдің піріңдей,
Тілмәшті көрдің биіңдей,
Дуанды көрдің үйіңдей
Абақты тұр қасында,
184
Қазылып қойған көріңдей.
Байлар ұрлық қылады,
Көзіне мал көрінбей,
Билер жейді параны,
Сақтап қойған сүріңдей».
Сол себепті:
«Заманның түрі бұзылды
Текеметтің түріндей».
Мінеки, басында заман жайын ел өмірінің ұсақ белгісінен
бастаса да, аяғында келіп тірелетіні баяғы ескі түйін.
Заманның зарын айтып, күңіреніп келгенде, сол қайғыға са-
лып отырған себепті іздесек, ол: орыс үкіметінің билігі бо-
лып шығады. Бұрынғыдай емес, бүгінгі күнде үкімет елді ба-
сып, билеп алған, ел өміріне барлық суық пішінімен, суық
мақсатымен жақын келіп, қоян қолтық араласып кеткен.
Сондықтан «ұлық болған жандарал, пір болған кінәз, би
болған тілмәшпен» бірге солардың кілеміне түсіп, азып кеткен
ұрлықшыл бай мен парашыл би де заманды бұзушылардың
бірі деп саналады.
Енді осындай заманның ішінде өмір сүрген зарлы
ақынның өмірден үміті бар ма? Үміті жоқ. Жалғыз жұбаныш:
бүгінгі заманның бәрі осы күнгі ісінің жазасын ақыретте тарта-
ды деп сенеді. Сондықтан осы тез құрылатын заманның болу-
ын тілегендей:
«Келе жатыр жақындап
Ай мен күннің арасы.
Таңда мақшар болғанда,
Таразыны аударар,
Залымның қылған күнәсі,
Әкімнің қылған зинасы», –
дейді.
Зар заман ақындарының ішінде қауым тіршілігін, әлеумет-
тің қайғысын дін бояуымен бояп айтқан осы Шортанбай.
185
Достарыңызбен бөлісу: |