Пәннің алдында оқытылатын пәндер: университеттік ежелгі дүние тарихы пәнін сапалы түрде игеру үшін мектепте оқытылатын ежелгі дүние тарихын білу қажет, сондай-ақ: деректану, археология, ежелгі тілдер (латын тілі) пәндерін игерген абзал;
Пәнді игеру үшін қажет білімдер, шеберліктер мен дағдыларға үйрететін пәндер: «Ежелгі дүние тарихы» алғашқы қоғам тарихы, орта ғасырлар тарихы, Қазақстан тарихы, этнология, өнер тарихы, әлемдік діндер тарихы, әлемдік өркениеттер тарихы, халықаралық қатынастар тарихы, философия, сияқты пәндерді оқыту үшін фактологиялық және методологиялық база жасай отырып, осы пәндермен логикалық және мазмұндық-әдістемелік тұрғыдан байланысты.
Бұл аралық пәндерде ежелгі Шығыс, Грекия және Рим тарихы бойынша білімдер жинақталған. Бұл ең алдымен, саяси билік мекемелері, қоғамның саяси дамуы теориясы, халықаралық саясат пен елшілік элементтері, сондай-ақ ежелгі халықтардың мәдени мұрасына жататын философия саласындағы жетістіктер.
«Ежелгі дүние тарихы» пәнін игеру нәтижесінде студенттің алатын
Білімі: – ежелгі өркениеттер дамуының негізгі кезеңдері, сондай-ақ ежелгі Шығыс, ежелгі Грекия мен Рим тарихының басты оқиғалары; ежелгі тарихтың көрнекті қайраткерлері;
– тарихи үдерістің қозғаушы күштері мен заңдылықтары; ондағы және ежелгі қоғамдардың саяси ұйымындағы адамның орны;
– ежелгі шығыс, ежелгі грек және ежелгі рим тарихына баға беру мен оларды дәуірлерге бөлудегі дәстүрлі және заманауи көзқарастар;
– ежелгі қоғамдар мен мемлекеттердің тарихи дамуы барысында қалыптасқан аса маңызды мәдени жетістіктер мен құндылықтар жүйесі.
Шеберліктері: – ақпаратты тиімді түрде іздестіру және әр түрлі дерек түрлерімен жұмыс жасай білу;
– ақпарат көздерін сыни талдай білу;
– мәтіндерді жүйелеу мен аннотация құрастыру;
– өз сөзін логикалық тұрғыдан дұрыс, анық және дәлелді жеткізе білу;
– өз көзқарасын көпшілік алдында, әлеуметтік қабылданған формада қорғай білу;
– ежелгі тарихтың үдерістері мен құбылыстарын өзара байланыста игеріп, ортақ үдерістер мен жекелеген фактілерді бір-бірімен салыстыру; тарихи үдерістер мен оқиғалардың маңызды белгілерін ажырата білу;
– тарихи оқиғалардың салдарлары мен сабақтарын көре білу, оларды ескере отырып, саналы түрдегі шешімдер жасай білу.
Дағдылары: – Ежелгі Шығыс, ежелгі Грекия және Рим тарихының оқиғалары туралы түсініктер, негізгі тарихи қайраткерлер және ежелгі халықтар мәдениетінің жетістіктері;
– тарихи әдебиеттер (зерттеулер) мен деректерді іздеп табу мен олармен жасау дағдылары;
– пікір-таластар жүргізу мен көпшілік алдында сөйлеу дағдысы;
– тарихи үдерістің көпнұсқалылығын және ғылыми мәселелерге әр түрлі көзқарастардың болуының заңдылығын білу;
– мәдениеттің, еркіндіктің, азаматтық пен гуманизмнің базалық құндылықтары туралы түсінік;
– өз білімін әрдайым ұштап отыру қажеттілігі.
Бұл тұлғааралық қарым-қатынас жасау, басқа тұлғаның жеке басын қадірлеу дағдысын, идеологиялық адасушылыққа қарсы тұра білу қабілетін жетілдіреді, Аталмыш дағдылар кәсіби циклдегі кез-келген сабақта, оқу және өндірістік практика барысында дамытыла түседі, мұның өзі бәсекеге қабілетті мамандар дайындауда аса маңызды болып табылады.