Бағдарламасы edt 1203 Ежелгі дүние тарихы 5В020300 Тарих мамандығы бойынша



бет1/17
Дата19.04.2023
өлшемі81,15 Kb.
#84567
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
EDT 1203 Ежелгі дүние тарихы


5В020300 – Тарих мамандығы бойынша


Көлемі 3 кредит

Алматы - 2016
АЛҒЫ СӨЗ
1 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ӘЗІРЛЕНГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНЫЛҒАН


Авторлары:
Е.Т.Қартабаева – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
Ф.Н.Мийманбаева – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты


2 РЕЦЕНЗЕНТ
Мырзабекова Р.С. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
Сманова А.М. – Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті Тарих кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
3 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «__» __________20__ бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН


4 Типтік оқу бағдарламасы 5В020300-Тарих мамандығының мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына сәйкес ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН


5 Республикалық Оқу-әдістемелік кеңесінің « » 20 жылғы мәжілісінде ҚАРАСТЫРЫЛҒАН № хаттама_____________


ТҮСІНДІРМЕ ХАТ

«Ежелгі дүние тарихы» пәні университеттік жалпы тарих курсының бір бөлігі болып табылады және оны 1 курстың тарихшы-студенттері оқиды. Пән Ніл мен Қосөзен аңғарларындағы алғашқы мемлекеттік құрылымдардың пайда болуынан бастап, Батыс Рим империясының құлауына дейінгі, жалпы тарихтың шамамен үш жарым мыңжылдық дәуірін қамтиды. Дәстүрлі түрде ежелгі дүние тарихы үш бөлімнен тұрады:: 1) «Ежелгі Шығыс тарихы»; 2) «Ежелгі Грекия тарихы»; 3) «Ежелгі Рим тарихы».


Бұл пәнде ежелгі мемлекеттердің нақты тарихымен қоса, студенттер, ежелгі шығыс және антика өркениеттерінің ортақ белгілері мен ерекшеліктері, олардың жетістіктерінің адамзаттың кейінгі тарихындағы маңызы сияқты және басқа да бірқатар жалпы тарихи мәселелермен де танысатын болады. Пәнді оқу барысында, студент, бай фактілік материалдар негізінде, бұл пәннен кейін оқытылатын тарихи пәндер шеңберінде, атап айтқанда тарих, әлеуметтану, саясиэкономия және мәдениеттану пәндерінде кездесетін негізгі түсініктерді игеретін болады, пәнаралық байланыстар жүйеленеді. Сондықтан да ежелгі дүние тарихын оқыту заманауи жоғарғы тарихи білім берудің қажетті бөлігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет