Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Сыни тұрғыдан ойлау құралдарын сабақтарда қолдануды түсіндіріңіз



бет41/93
Дата14.09.2023
өлшемі0,53 Mb.
#107801
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   93
38. Сыни тұрғыдан ойлау құралдарын сабақтарда қолдануды түсіндіріңіз.
Сын тұрғысынан ойлау— шығармашылық ойлауын дамытатын ең маңызды бағыт. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі белгілері. Осы технологияның мақсаты - адамның ойлау дағдыларын, оқуда немесе жұмыста ғана емес тұрмыстық өмірде де (толық түбегейлі шешім қабылдауға, түрлі жағдайттардың қыр-сырын білуге, ақпаратпен жұмыс жасауға және оны талдай алуына) дамыту;
Бұл технолгия ұстаздар тәжірибесінде сабақтың үшбағыттық құрылымында жүзеге асады:

Ой шақыру
Ой шақыру тапсырмалары:
Өтілетін (оқытылатын) материал бойынша оқушылардың білімдерін жаңарту, не болмаса естеріне түсіру; Өтілетін материалға деген оқушылардың қызығушылығын ояту; Өтілетін тақырыпты оқушылардың өздері анықтауға мүмкіндік беру;

Ойлау
Ойды жүзеге асыру үшін берілетін тапсырмалар: Өтілетін тақырыпты белсенді меңгеруіне жағдай жасау; Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыра білуге жағадай жасау;

Кері байланыс
Кері байланыстың тапсырмалары: Өтілген тақырып бойынша өз ойын қорытуға көмек беру; тақырыпты өзбетімен анықтауға көмек беру;

Сыни тұрғыда ойлауды дамытуда қолданылатын құралдар: Тақырып бойынша жинақ; Мәтіндер талдауы; Түрлі көзқарастағы тапсырмалар құрастыру; Ұжымдық пікірталас; Топпен және жұппен жұмыстардың әртүрі; Дебаттар; Пікірталастар; Оқушылардың жазба жұмыстарын жариялау;
Бұл технология арқылы мұғалім оқушымен қатар өзі де рухани түрде дами түседі. Баланың бойына сын тұрғысынан ойлауды жетілдіруде ұстаздар қауымының рөлі аса маңызды. Олар: Оқушыларды анықталған бағытқа бағыттайды; Түрлі пікірлермен бетпе-бет келеді; Өз бетімен дұрыс шешім шығаруға жағдай жасайды; Оқушыларға өзбеттерімен шешім шығаруға мүмкіндік береді; Қалыптасқан танымдық ішкі жағдаяттарды дайындайды;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет