Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы



бет7/93
Дата14.09.2023
өлшемі0,53 Mb.
#107801
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   93
Критериалды бағалау жүйесі

Критериалды бағалау принциптері:
1. Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.
2. Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.
3. Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
4. Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.
5. Дамыту бағыты. Бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.

Бағалау функциялары:
Мотивациялық; Тәрбиелік; Дамытушылық; Түзетушілік; Ақпараттық



Бағалау қағидалары: Әділдігі; Шынайылығы; Жүйелілігі; Көрнекілігі

Критериалды бағалау құраушылары
Бағалау парағы - Тақырып бойынша өз білім білігінөзі бағалау парағы.
Бағалау тапсырмалары– Сынақ, есеп, эссе, тәжірибелік жұмыс, тест, жоба қорғау және т.б
Рубрикатор – жетістіктерді көрсете отырып бағалау критерийлері мазмұнын тәтпіштеп сипаттау.
Критериалды бағалау маңызы

  • Бағаның әділдігіне ықпал етеді

  • Бағалауды бәріне түсінікті етеді

  • Оқуға деген уәжді арттырады

  • Өз еңбегіне жауапты болуға тәрбиелейді

  • Білім беру сапасын арттырады





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет