Сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілі - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған
ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Бұл тәсіл ХІХ ғасырдың 70-ші
жылдарында жапонияда негізі қаланған.
Сабақты зерттеуге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау,
өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттауды бірлесіп жүзеге асыратын
мұғалімдер тобы қатысады. Сабақты зерттеудің циклін өткізген соң
мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп,
кейіннен ашық Сабақты зерттеу, таныстырылым өткізу, баспада жариялау
арқылы әріптестеріне таратады. Қазіргі кезде оқыту әдістемесін жетілдіру,
оқушылардың бастауыш және орта мектептегі негізгі пәндер бойынша
білім деңгейін арттыру, сондай-ақ тұжырымды педагогикалық тәсілдерді
жасау мақсатында жапониямен қатар Сингапур, Гонконг, Қытай, аҚШ,
Ұлыбритания, Швеция және Канадада ойдағыдай қолданылады.