Бағдарламасы негізіндегі 2022-2023 ОҚу жылына арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтарының тізімі


Оларды ишан, қожа-молда билеп келе жатқан халық, шариғат жолынан тез арада арылмайтын халық



бет36/51
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107669
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51
Байланысты:
Тарих Гос

Оларды ишан, қожа-молда билеп келе жатқан халық, шариғат жолынан тез арада арылмайтын халық.
Шаруа түрі бізден басқа, мәдениет жолында бізден де төмен, сондықтан екі соқыр қол ұстасып жүріп күн көре алмаймыз» дейтін пікірде болатын.
Бөкейханұлының бұл пікіріне біз де қосылатынбыз».
Тура осы автор М.Шоқайдың бұл мәселеге қатысты пікірі жөнінде:
«Съездің соңына қарай Қоқаннан Шоқайұлы Мұстафа келді. Шоқайұлы Қазақ автономиясының өз алдына жеке құрылуына қарсы болды. Түркістанмен қосылуды жақтады» деп көрсетті. Бірақ бізге мәлім басы ашық жағдай М.Шоқайұлы өмірінің соңғы сәтіне дейін Түркістан халықтарының тәуелсіздігі олардың мемлекеттік тұтастығына байланысты деген ойда болған. Осы ойдың жалынды насихатшысы болып өмірден өтеді.
Өз уағында айтылған бұл пікірдің XX ғасырдың соңына қарай іске асу мүмкіндігінің қаншалықты қиын екендігін түсіне отырып, сонымен бірге оның стратегиялық тұрғыдан қаншалықты терең және дәл айтылғандығын уақыттың өзі әлі талай р,ет көрсетіп беретіндігіне біздің ешқандай да шүбәміз жоқ.
Сонымен, Ресей империясы көлеміндегі азаматтық қарсылықтың шиеленісуі барысында М.Шоқайұлы алдымен 1920 жылы Маңғыстау арқылы Грузияға барады да, соңынан, яғни 1921 жылдың ақпанында Станбұлға аттанады. Осы арада мынадай бір кішкене детальды айта кету артық емес.
Ол Грузияда журнал шығарып тұрған шағында Ташкендегі Сұлтанбек Қожанұлынан телефонограмма алады.
Онда алдымен істеп алып, артынан кешірім сұрайтын Кеңес үкіметінің Қоқан автономистеріне амнистия жариялағандығы, соған байланысты Мұстафаның кейін, Ташкентке қайта орала беруіне болатындығы жөнінде айтылған еді.
Бір ғажабы Мұстафа бұл арада да өте тиімді шешімге келе білді. Ол кейін оралған жоқ. Сөйтіп, оның ғұмырының соңына шейін ұласқан эмиграциялық қызметі басталады.
77 Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы. Қырғыз (Қазақ) АКСР-інің аумақтық шекарасы мәселелерінің әкімшілік-әміршілдік тұрғыда шешілуі. ҚазАКСР-ы және Түркістан АКСР-ы.



  1. Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің құрылуы. Мұстафа Шоқайдың естеліктері.

Түркiстан автономиясы – 1917 жылы 28 қарашада Түркiстан өлкесi халықтарының өзiн-өзi басқаруын қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттiк құрылым. Съезд сайлаған автономия үкiметiн қоғамдық-саяси қайраткер М. Тынышбаев, кейiн Мұстафа Шоқай басқарды. Мұстафа Шоқай мұсылман халықтарының саяси жағынан қайта өрлеуінде елеулi еңбек атқарған. Осы құрылымның дем берушiлерi мен ұйымдастырушыларының бiрi болды. М. Шоқай бүкiл Түркiстанды бiр автономиялық республикаға бiрiктiрiп, оны демократиялық Ресейдiң құрамына енгiзу идеясын қозғады. Алайда большевиктер ұлттық үкiметтiң өмір сүруiмен келiскiсi келмедi. 1918 жылы Ресейден жiберiлген большевиктердiң басшылығымен құрамына Қазақстанның оңтүстiк аймақтары енген Түркiстан Кеңестiк Федерациялық Республикасы жарияланды. Түркiстан АКСР-iнiң астанасы – Ташкент қаласы болды Съезд 1917 ж. 28 қараша күні орталығы Қоқан болатын Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы (Туркестони мухтариат) деп жариялап, Түркістан құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдайды. Автономияда – ислам мемлекеттік дін ретінде қабылданды. Съездің Түркістан халықтарына Үндеуінде: “...Қазір бұғаудан азат болған Түркістанға өз жерінің қожайыны болып өз тарихын өзі жасайтын күн туып отыр”, – делінді. Түркістан Уақытша кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік құрылтайға сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары Сырдария және Жетісу облыстарынан 11 өкіл (9 және 2) бар болатын. Түркістан (Қоқан) автономиясының президенті және Уақытша Кеңестің басшысы болып М.Тынышпайұлы, Сыртқы істер министрі болып М.Шоқай сайланды. М.Тынышпайұлы қызметтен кеткеннен кейін оның орнына М.Шоқай президент болып тағайындалды. Бірақ большевиктер партиясының басшылығы ұлттық автономияларды құруды қанағаттандырмады. Осындай жағдайда Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі басқарған революцияшыл үкімет 1918 жылы қаңтарда болған Кеңестердің IV өлкелік съезі Түркістан автономиясын заңсыз деп таныды және оны жою туралы шешім қабылдады. Тек қана социалистік, кеңестік тұғырнама негізінде ғана автономия құру туралы шешім қабылданды. 1918 жылдың қаңтар-наурыз айлары ішінде Түркістан аумағының көп бөлігінде большевиктер Кеңестер, контрреволюциялық күрес жөніндегі бөлімдер, революциялық трибуналдар құрды. 1918 жылы РКФСР құрылғанан кейін елдің шығысында кеңестік автономиялық республикалар құруға дайындық жұмыстары басталды. 1918 жылы көктемде Түркістан автономиялық Кеңестік социалистік республикасы құрылды. Оның құрылуы 1918 жылы сәуірдің 20-нан - 1 мамырға дейін Ташкент қаласында өткен Түркістан өлкесі Кеңестерінің V съезінде іске асты. Оған қазіргі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстары (бұрынғы Сырдария мен Жетісу) кірді. Сонымен, 1918 ж. Түркістан Кеңестік Социалистік Республикасы құрылып, ол 1924 жылға дейін өмір сүрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет