ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН «ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНІНІҢ ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕГІ 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ:
Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы.
Тас ғасырындағы археологиялық ескерткіштер. Тас ғасыры үш кезеңге бөлінеді: палеолит,мезолит, неолит.
1.ЕРТЕ ПАЛЕОЛИТ
⊙Бөріқазған мен Шабақты. Орналасуы: Оңт. Қаз. , Жамбыл обл.
Ерекшелігі: 5000-ға жуық тас құралдар табылды, бәрі де қашау мен үшкіртас-р.
⊙Шақпақата мен Арыстанды.
Орналасуы: Маңғыстау түбегі мен Қаратауда.
Ерекшелігі: ерте тас ғ. тұрақтарының ең көнелері, табылған құралдар Шығыс Африканың Олдувэй сайынан табылған ең көне құралдармен бір заманға жатады.
⊙Қазанғап, Тәңірқазған.
Орналасуы: Оңт. Қаз.
2. ОРТА ПАЛЕОЛИТ.
⊙Обалысай.
Орналасуы: Жезқазған.
Ерекшелігі: мустьерлік кезеңнің ең ежелгі тұрағы.
⊙Мұзбел.
Орналасуы: Орт. Қаз.
⊙Қанай.
Орналасуы: Шығ. Қаз.
⊙Ш. Уәлиханов атындағы көпқабатты тұрақ.
Орналасуы: Арыстанды өз. бойында.
Ерекшелігі: неғұрлым жақсы зерттелген тұрақ.
3.КЕЙІНГІ ПАЛЕОЛИТ.
⊙Батпақ.
Орналасуы: Орт. Қаз.
Ерекшелігі: 300-ге жуық тас құрал табылған.
⊙Шульбинка.
Орналасуы: Шығ. Қаз.
Ерекшелігі: 5000 еңбек құралдар табылды.
⊙Семізбұғы.
Орналасуы: Орт. Қаз.
Ерекшелігі: түзу, кейде қайқы ас пышақ сияқты қырғыштар табылды.
⊙Қарабас, Ангренсор.
Орналасуы: Орт. Қаз.
⊙Бұқтырма, Шүлбі.
Орналасуы: Шығ. Қаз.
⊙Ащысай.
Орналасуы: Оңт. Қаз.
Ерекшелігі: бизон, арқар, жабайы жылқы сияқты жануарлардың сүйектері және пышақ тәрізді тілгіштер табылды.
⊙Майбұлақ.
Орналасуы: Жетісу.
4. МЕЗОЛИТ (ОРТА ТАС ДӘУІРІ).
Тұрақтар саны (жалпы Қаз. б/ша): 20-дан астам.
⊙Мичурин, Явленко.
Орналасуы: Қызылжар қ., Есіл өзені бойы.
⊙Дүзбай.
Орналасуы: Торғай ойпаны ауд.
⊙Тельман.
Орналасуы: Атбасар маңы.
⊙Ерейментау.
Орналасуы: Ақмола.
⊙Әкімбек, Қарағанды.
Орналасуы: Қарағанды маңы.
⊙Қызылсу.
Орналасуы: Маңғыстау.
5. НЕОЛИТ.
150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары.
⊙Жезқазған өңірі.
Ерекшелігі: жерлеу орындарының үстіне тас үйген, қабірдің қабырғасы тас плиталармен қоршалған, адамның басын батысқа қаратып, шалқасынан жатқызды.
⊙Усть-Нарым.
Орналасуы: Шығ. Қаз.
Ерекшелігі: құрал-саймандарға өте бай, өткір, ұсақ сынатастар көп табылды.
⊙Зеленая Балка, Қарағанды.
Орналасуы: Орт. Қаз.
Ерекшелігі: үй малының сүйектері табылды.
⊙Пеньки.
Орналасуы: Солт. Қаз
Ерекшелігі: тас шапқылар, жалпақ пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар көптеп кездеседі.
⊙Сексеуіл.
Орналасуы: Қызылорда обл.
Ерекшелігі: табылған сүйектердің 80% қойлар мен сиырдікі.
⊙Железинка.
Орналасуы: Солт. Қаз.
Ерекшелігі: селосының маңында өліктің кремациясы (өрттелу) рәсімі орындалып, күлінің жанына үш құмыра, жебелер және сүйектердің жасалынған әшекейлер қойылған.
⊙Қараүңгір.
Орналасуы: Қаратау.
Ерекшелігі: мекенінен табылған қыш ыдыстардың дөңгелек түптері қызыл бояумен боялған.
Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер (Мыңшұңқыр, Өлеңті, Еңбек, Тесіктас, Шатыртас, Ақбидайық, Ақбауыр, Баянжүрек)
Петроглиф (лат. Петро — тас және грек. Глиф — жазу) — тақтатас, жартастарға салынған суреттер, бейнелер. Ежелгі П-тер соңғы палеолиттің ақырында пайда болды. Кейінгі голецендік тарихи-мәдени кезеңдерде (мезолит, неолит, қола дәуірі, темір дәуірі, т.б.) қоғамдағы өзгерістерге байланысты дамыды.
Петроглифтердің 3 түрі бар :
1 Қашап сурет салу .
2 .Кесіп ,жанамалап сурет салу .3.Жапсформалар арқылы .