Бағдарламасы пән мұғалімдері: Б.Ә. Казиева, К. К. Хайсина, М. М. Сүйіндікова Павлодар қаласы-2014-2015 оқу жылы Мазмұны



бет5/11
Дата14.10.2023
өлшемі258,5 Kb.
#114926
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
5. Курсты оқытудың мақсаты:
1) ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру. 7. Курсты оқытудың міндеттері:
1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.
2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;.
3). Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани- мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету.
4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;
5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;
6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;
7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету. 10 «А»--сыныбына арналған «Абайтану» курсының күнтізбелік жоспары Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің 9-11 сыныптары үшін «Абайтану» курсының оқу бағдарламасы негізінде жасалды. 10 «А»--сыныбына арналған курс жүктемесінің көлемі– 0,5 сағат, оқу жылында – 17 сағат. Оқу пәнінің 10- сыныптағы базалық білім мазмұнындағы тақырыптар 34 сағатқа мөлшерленген, сондықтан тақырыптар топтастырылып ықшамдалып берілді. 11«А», «Б»--сыныптарына арналған «Абайтану» курсының күнтізбелік жоспары Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің 9-11 сыныптары үшін «Абайтану» курсының оқу бағдарламасы негізінде жасалды. 11 «А»--сыныбына арналған курс жүктемесінің көлемі– 0,5 сағат, оқу жылында – 17 сағат. Оқу пәнінің 11- сыныптағы базалық білім мазмұнындағы тақырыптар 34 сағатқа мөлшерленген, сондықтан тақырыптар топтастырылып ықшамдалып берілді. 11«Б»--сыныбына арналған курс жүктемесінің көлемі– 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат. Оқу пәнінің 11- сыныптағы базалық білім мазмұнындағы тақырыптар 34 сағатқа мөлшерленген


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
10-11-сыныптың соңында оқушылар:
1) ақын өмір сүрген дәуірді және халық ауыз әдебиеті шығармаларын оқып, үлкендерден естіп, жадына тоқығандығын білуі;
2) шығыс, батыс және орыс әдебиеттерінің інжу-маржандарын оқып танысқандығын білуі;
3) ақын мұраларының зерделенуі мен абайтану ғылымының қалыптасу тарихын, кезеңдерін білуі;
4) ғұлама ойшылдың ғылым, білім, өнер, ел билеу, тарих, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, табиғат көрінісі, махаббат, діни таным тақырыбында және сыншылдық көзқараста жазылған философиялық қарасөздерінің, өлеңдерінің, поэмаларының, аудармаларының мән-мағынасын, маңызын түсінуі;
5) ақынның ән мен күй өнері хақындағы пайымдауларын түсінуі;
6) қазіргі абайтану ғылымының даму бағыттарын, абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы екендігін білуі;
7) Абайдың «Толық адам» философиясы мен «Иманигүл», «Хауас», «Жәуанмәртлік» ілімдері туралы білулері:
8) ұлы ақынның философиялық ақыл-нақыл сөздерінің маңыздылығын, мән-мағынасын түсінуі;
9) ақынның қазақ поэзиясына енгізген жаңалығын, аудармашылық шеберлігін танып білуі;
10) абайтану бойынша курс жұмыстарын, ғылыми жобалар жаза білуі;
11) абайтануға қатысты ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей білуі;
12) оқушы өзіне қажетті материалдарды интернет арқылы тауып, пайдалана білуі;
13) Абай атымен байланысты ғылым және өнер ордаларымен шығармашылық қарым-қатынасқа түсе білуді меңгерулері тиіс.
38. Оқушылардың «Абайтану» курсы таңдау пәні бойынша игерген білімдерінің нәтижелері:
1) Абай шығармаларының зерттелуін және ақынның өлең, қарасөз, поэма жазудағы суреткерлік өнерін, аударма жасаудағы шеберліктерін білуі;
2) өлеңдері, қарасөздері, поэмалары, аудармаларының тақырыбын, идеялық негізін, маңызын талдап, суреттеу шеберлігін айқындай алуы;
3) философиялық тұрғыдан жазылған қарасөздерінің тақырыптарын, ондағы авторлық ұстанымдарды және маңызын көрсете білуі;
4) ақын аудармаларының ұлттық көркем ойды байытып, шағын уақиғалы поэма жазудағы шеберлігін білуі;
5) Абай өлеңдерін талдай отырып, суреткерлік шеберлігін, ақындық қуатын, көркемдік шешімін, қазақ өлеңіне енгізген жаңалығын айқындай білуі тиіс
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет