Бағдарламасы (syllabus) жбб, ur 1201 Ұлттық руханият пәнінің



Pdf көрінісі
бет21/54
Дата29.09.2023
өлшемі1,18 Mb.
#111440
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54
 
Тақырыптың жоспары: 
1. «Кӛпмәдениетті тұлға» туралы түсінік. Кӛпмәдениеттілік және кӛптілділік.
2. Кӛптілді білім беру жағдайында кӛпмәдениетті тұлға қалыптастыру жолдары.
3. Қазіргі Қазақстан жағдайындағы үштұғырлы тіл моделі.


4. Кӛпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеу туралы қоғамдық және ғылыми кӛзқарастар.
 
5. Кӛпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің ролі.
6. Білім беру ұйымдарында кӛпмәдениетті орта құрудың алғышарттары.
 
Дәріс тезисі:
 
Кӛпмәдениетті тұлға – бұл индивид, ӛз мәдениеті арқылы ӛзге мәдениеттерді 
игеруге бағытталады. Туған тілін, жалпы мәдениетін терең білу – бұл ӛзге мәдениеттерге 
қызығушылық қатынастың негізі, кӛптеген ұлттық, кӛркем мәдениеттермен танысу рухани 
баюға және дамуға негіз болады.
Кӛпмәдениетті тұлға қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыруда мынадай 
мақсаттар қойылады: 
1) жан-жақты, үйлесімді дамыған, ұлттық салт-дәстүрлер, қазақы құндылықтар мен әлемдік 
мәдениеттің 
негізінде 
шығармашылықпен 
ӛзін-ӛзі 
дамытуға 
қабілетті 
және 
этномәдениеттілік пен азаматтық позициясын анықтап, оны іске асыра алатын тұлғаны 
қалыптастыру; 
2) мектеп пен жоғары оқу орны түлектерін қазіргі ӛркениет пен кӛпұлтты еліміздің ӛмір 
жағдайына тиімді дайындау, ӛзін-ӛзі жетілдіру мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік ӛсуі мен 
ӛмір сапаларын арттыру; 
3) еліміздің білімдік және кәсібилік деңгейі дәрежесін арттыру, жастарды ашық 
кӛпмәдениетті және кӛптілді әлемде жауапкершілікті және зиялы етіп дайындау, белсенді 
ұйымдастырушы етіп тәрбиелеу. 
Сондықтан да кӛпмәдениетті тұлға:
*ӛмір сүру жағдайларына бейімделген әрі ӛзге адамдармен әріптестік қатынас орната білетін; 
*жеке, ӛзіне ғана тән ойы бар және ӛзге мәдени қоғамдар туралы кӛзқарастарын талдай 
алатын;
*дербес, ӛз ойын үнемі білдіре алатын, тәуелсіз болуы тиіс. 
Кӛптілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты, бірнеше тілді меңгерген, 
әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет