Бағдарламасы (syllabus) жбб, ur 1201 Ұлттық руханият пәнінің



Pdf көрінісі
бет19/54
Дата29.09.2023
өлшемі1,18 Mb.
#111440
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54
 
 
Дәріс тезисі:
 
Дәстүр - қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған,
топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай кӛзқарасын, әдет-заңын марапаттайтын рәсім. Ол 
– халық құндылығының кӛрсеткіші. Салт-дәстүрлер - ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге 
туып, бірге дамып келе жатқан тарихи және кӛне процесс. Ол ұрпақ тәрбиесінен, мәдени 
тұрмысы мен шаруашылық тіршілігінен кӛрініс бере отырып, адамның дүниеге келуімен 
бірге ӛрбіп, о дүниеге аттанып кеткенше құндақтайтын, тербететін алтын бесігі іспеттес. 
Дәстүр - тарихи тұрақтанған, қоғамдық қарым-қатынастық нормада бір ұрпақтан екінші 
ұрпаққа жалғасып жататын, кӛпшілік қоғам мүшеліне ортақ әдет-ғұрыптардың жинақталған 
түрі. Ал жол-жоралар, ырымдар - әдет-ғұрыптың бӛлшектері, сонан келіп салт пен дәстүр 
тоғысып, туындайды. Ал қазақ халқының салт-дәстүрі малмен, кӛшіп-қонумен байланысты 
туып-дамыған. Наурыз тойлары, кӛшіп келген ағайынға ерулік немесе кӛшерде кӛршілерге 
кӛшерлік беру, бие байлау, қымыз жинау, малдың тӛлдеуімен байланысты уызға, күздікте 


қарын майға, қыста соғымға шақыру, отқа май құю, келіннің отқа салар әкелуі, т.б.ырым, 
жол-жоралар, тіпті қыздың қалың малын немесе ердің құнын да мал санымен есептеу сияқты 
салт-дәстүрлердің халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен байланысты туғанын дәлелдейді. 
Сӛйтіп, салт-дәстүрлер, бір жағынан, халықтың тұрмыс-тіршілігінің айнасы іспетті болса, 
екіншіден, сол арқылы ғасырлар бойы ӛз ұрпағын еңбекке, адамгершілікке, ӛнерге, ӛмірге 
икемдеуде тәрбие құралы ретінде пайдаланған. Халықтық ырымдарда шаман, ислам дінімен 
байланысты наным-сенімдер кӛптеп кездеседі. Мысалы, малға топалаң, ауру-індет келгенде 
немесе қуаңшылық, аптап ыстық болғанда, құдайға жалбыранып мал сойып, ақсарбас айту, 
тасаттық беру, құдайдан жаңбыр тілеу немесе бала кӛрмеген ата-аналардың әулиелер басына 
түнеп, мал сойып, ақтық байлауы, т.б. діни наным-сенімдермен байланысты туған ырымдар. 
Халыққа сӛзбен әсер етудің сан түрлі тәсілдері белгілі, сезім мен санаға ықпал ету 
шараларының кӛптеген түрлері бар. Халықтық тәрбие түрлері халықтың әлеуметтік ӛмірінің 
бүкіл ӛзге салаларымен, сенім-нанымдарымен, дәстүрлерімен, салттары және әдет-
ғұрыптарымен, шаруашылық кәсібі түрлерімен, қоғамдық тәртіп қалыптарымен ажырамас 
бірлікте алға шығады. Халықтық педагогика ата-баба мұрасына негізделген. Халықтың 
ықпалы неғұрлым басым болса, соғұрлым оның мәдениеті жоғары болады. Педагогикалық 
мәдениет – бұл балалар тәрбиесімен тікелей байланысты рухани және материалдық мәдениет 
саласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет