Бағдарламасы (syllabus) жбб, ur 1201 Ұлттық руханият пәнінің



Pdf көрінісі
бет27/54
Дата29.09.2023
өлшемі1,18 Mb.
#111440
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54
 
ХІХ ғасырлағы қазақ әдебиетіндегі Ұлт мұраты және руханият. 
Сағат саны

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.
1. ХІХ ғасыр әдебиетінің саяси-әлеуметтік, кӛркемдік негіздері. 
2.
Шернияз, Шортанбай, Махамбет, Дулаттардың ақындық мектебінің басты идеялық 
нысанасы.
3.
Қазақтың ағартушы, демократ ақын-жазушыларының шығармаларына ӛзек болған 
мәселелер: қазақ елінің тұрмысы, әлемдік ӛркениет жаңалықтары.
Дәріс тезисі 
Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы әдебиетінің шынайы рухы, ұлттың азаттығы мен 
елдің тәуелсіздігі жолындағы ӛзекті арқауы болғандығы. Бүгінгі таңда қазақ әдебиетінің 
ерекше тегеуірінді, рухы асқақ, идеялық-кӛркемдік шарықтау дәуірі - ХІХ ғасырдағы ішкі 
жаңғыру заңдылықтары тарихи шындық тұрғысынан саралануы. ХІХ ғасырдағы үлкен-
үлкен құбылысты оқиғалар мен күрделі де шиеленісті әлеуметтік тартыстардың қазақ 
әдебиетінен кӛрініс табуы. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің заңдылықтарын сол 
кезеңдердегі қазақ халқының тарихымен сабақтастықта қарау қажеттігі. ХІХ ғасырдағы қазақ 
әдебиеті мен қазақ қоғамының тарихы арасындағы жанды байланыс.
Жаңа әдебиет пен дәстүрлі әдебиеттің ӛзара үндестігі мен кӛркемдік-эстетикалық 
бағыттарының аражігі. Тарихи-әлеуметтік жағдайлар және әдебиеттің дамуы. Махамбет 
Ӛтемісұлы поэзиясындағы қаһармандық рух. Ғасырдың екінші жартысында пайда болып 
ұлттық әдебиетті әлемдік мәдени процесс биігіне кӛтерген Ыбырай Алтынсарин, Шоқан 
Уәлиханов, Абай Құнанбаев тұлғалары мен олардың әдебиеттегі мәртебелі реформаторлық 
қызметі. Отаршылдық қысымның сӛз ӛнеріндегі кӛрінісі. Зар заман ақындары 
шығармашалығындағы басты идея мен әлеуметтік шындық. 
Бекіту сұрақтары 
1.
Ұлттың тарихы деген ұғымды қалай түсініп, бағалайсыздар? 
2.
Он тоғызынша ғасыр қазақ даласына қандай ӛзгерістер алып келді? 
3.
ХІХ ғасыр әдебиетін ақиқат тұрғысынан бағалауға кедергі келтірген қандай саяси 
оқиғалар еді? 
Әдебиет
1.
Жұмалиев Қ. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы әдебиет тарихынан очерктер. – Алматы, 1967 
2.
Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. - Алматы. 1960
3.
Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. – Алматы, 2000 
4.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. –Алматы, 1967 
5.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. –Алматы, 1997 
6.
Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы, 1973 
7.
Қирабаев С. Әдебиеттегі ақтаңдақтар. Алматы, 1995 
 
Тақырыбы
:
 
Хакім Абайдың адамгершілік мұраттары 
Сағат саны

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.
Абай поэзиясының жанрлық қырлары, ӛлең құрылысы, сӛз ӛрнегі. 
2.
Абайдың қара сӛздері. 


3.
Абайдағы дін, дүниетаным мәселелері. 
Дәріс тезисі 
Абай Құнанбаев – ұлы реформатор ақын, қазақ әдебиетінің классигі. Абай Құнанбаев 
қазақ әдебиетіндегі, жалпы қазақ руханиятындағы болмысы бӛлек дара тұлға. Ол ӛз 
шығармашылығы арқылы ӛзіндік танымын, адамгершілік ілімін жасаған ойшыл, ӛлеңдері 
мен қарасӛздерінде оқырманына «адам бол» деп қана қоймай, сол адам болудың, 
адамгершіліктің қалыбын, ілімін жасаған ойшыл ақын. Толық адам, жәуәнмәртлік, иманигүл 
танымдарын жарыққа шығарған Абай танымы. Қайырымдылық сӛзін араб ұғымынан 
қазақшаласақ, жақсылық дегенді білдіреді. Арғы тегіміз түркілер қайырымдылықты 
жәуәнмәртлік деп атаған. Қайырымдылықтың ең үлкені, бастауы мен негізі – жомарттық, 
мырзалық. Адамгершілік ілімін еуропалықтар этика деп атаса, түркілердегі кісілік қалыбы 
жәуәнмәртлік делінген. Осы жәуәнмәртлік атауы Абайдың 38-сӛзінде ұшырасады, ал ол 
ұғымды ғылыми айналымға енгізген – абайтанушы ғалым М.Мырзахметұлы. Абай мектебі, 
Абай дәстүрі мен дүниетанымы ХІХ ғасырдың соңынан бастап жаңа қазақ әдебиетінің алтын 
арқауы. Абай шығармашалығы арқылы қазақ әдебиеті жанрлық, түрлік тұрғыдан, мазмұн 
мен халықтық мұрат жағынан жедел ӛсіп ӛркендеуі. Абайдың кӛркемдік, әлеуметтік 
гуманистік және дінге кӛзқарастары терең білінген еңбегі - қара сӛздері. Абайдың қара 
сӛздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сӛз ӛнеріндегі кӛркемдік қуатын, философиядағы даналық 
дүниетанымын даралап кӛрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. 
Жалпы саны қырық бес бӛлек шығармадан тұратын Абайдың қара сӛздері тақырыбы 
жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет