Бағдарламасы (syllabus) жбб, ur 1201 Ұлттық руханият пәнінің



Pdf көрінісі
бет28/54
Дата29.09.2023
өлшемі1,18 Mb.
#111440
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54
Бекіту сұрақтары: 
1.
«Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаев» деп атаған кім?
2.
«Абайды – классик ақын» деп тұңғыш рет баға берген зерттеуші-ғалым кім? 
3.
Абайдың қара сӛздерді жазудағы мақсаты не және бұл жолға қалай келді? 
4.
Абайдың дінге кӛзқарасы туралы ӛз пікіріңіз қандай? 
5.
Абай түрік, шығыс ойшылдарынан кімдерді білді? 
Әдебиет
1.
Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991. 
2.
Қазақ әдебиетінің тарихы. ХІХ ғ. Бірінші жартысы (1800-1850). 5-том. Он томдық. 
Ред. Басқарған ф.ғ.д., проф. Асқар Егеубаев. Алматы, 2006. 438 б. 
3.
Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы. 1960
4.
Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. – Алматы, 2000 
5.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. –Алматы, 1967 
6.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. –Алматы, 1997 
Тақырыбы
:
 
Алаш әдебиеті – тәуелсіз ұлт руханиятының негізі 
Сағат саны

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.
А. Байтұрсынұлы – қазақ жазуының реформаторы. 
2.
Ә.Бӛкейхановтың публицистикаларындағы ұлттық руханият мәселесі. 
3.
«Алаш» зиялыларының тәлім-тәрбиелік идеялары.
4.
Шәкәрім Құдайбердиевтің «Үш анық» атты еңбегіндегі «ар ілімі» идеясы.
Дәріс тезисі 
Қазақтың сан ғасырлық тарихында ерекше әріптермен жазылған Алаш қозғалысы. Ол 
тарихи – саяси құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени – рухани даму жолын жаңа жолға 
бағыттады. Ӛйткені, ол қазақ баласының саясат, білім мен мәдениет сатысына 
кӛтерілгендігін ерекшелей отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес ӛмір сүруге, ӛзге 
елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына күш жұмсаған 
жаңашыл қозғалыс еді. Алаш зиялылары ұлттық сананы кӛтеру, одан туындайтын тарихын, 
ӛнері мен мәдениетін қазақ ұрпағының бойына сіңіру сияқты іргелі мәселерді кӛтерді.
«Алаш» идеясы - халықтың рухани-танымдық құндылықтары мен тәлім-тәрбиелік 
ұстанымдарын сақтау, оны ұрпаққа жеткізу идеясы. ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегіқазақ 


ақын-жазушыларының, зиялы қауым ӛкілдерінің елдік құрылымды, мемлекеттік 
тәуелсіздікті, елдік әдебиетті кӛксеп, сол жолда жанын салып ізденіп жұмыс істеген, ашық 
саяси күреске бел шешіп кірген тұсы. Бір ғасыр бойы жүрген ұлт-азаттық күресі мен ұлттық 
азаттық аңсары ХХ ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қозғалысына барып ұласуы. 
ХІХ ғасырдан бастау алған ағартушылық-демократтық идеялардың ХХ ғасыр 
басындағы әдебиетте кеңінен қанат жаюы. Отаршылдыққа қарсы күрес идеяларының қазақ 
зиялыларының басты кӛзқарасына айналуы. Ұлттық ояну ұраны. Алаш ұранды әдебиеттің 
кӛркемдік-эстетикалық жүйесі. Қазақ даласындағы қоғамдық-әлеуметтік жағдай және әдеби 
даму. Отаршылдыққа қарсы күрес идеясы. Әдебиеттегі Алаш идеясы. 
Қазақ тіл білімі мен әдебиеті теорясының негізін қалаушы ғалым, ұлттың «рухани 
кӛсемі» атанған Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұраларын зертеудің маңызы. 
Ә.Бӛкейханов – ұлтымыздың ӛткен-кеткенін терең білімпаздықпен саралап барып, ӛз 
заманына, әсіресе ХХ ғасырдың басындағы ұлт тағдырына ерекше алаңдаушылық білдірген 
тарихи тұлға 
Бекіту сұрақтары: 
1.
А.Байтұрсынұлы реформалаған қазақ графикасы қай жылы қабылдады?
 
2.
Ә.Бӛкейхановтың сыншылдық кӛзқарасын танытатын антикеңестік үндеулер қандай 
еді?
 
3.
Қазақ этнопедагогикасының негізін қалаған ең танымал ақын кім?
 
Әдебиет
1.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - Ұлттық рухтың ұлы тіні / - Ғылыми мақалалар 
жинағы. Алматы: Ана тілі; 1992 –448 б. 
2.
Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы. 1992
3.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет