Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет21/31
Дата24.09.2023
өлшемі474,54 Kb.
#110040
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
10-СОӨЖ тақырыбы:
1. Синтаксис және стилистика.
2. Құрмаластың стилистикалық сапалары.
Тапсырмалар: конспект дайындау.
Есеп беру түрі: ауызша сабақ айту арқылы өз білімін байқату.
СӨЖ тапсырмалары: Сөйлем стилистикасының көркем әдебиет стиліндегі рөлі.
Есеп беру түрі: жобалық жұмыстарды қорғау.


Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б.. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.
2. Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1993.
3. Стилистика русского языка. Учебное пособие для студентов пединститутов. (В.Д. Бондалетов и др.) Л., 1989.
4. Әлкебаева Д.А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы. – Алматы: Зият-Пресс, 2007.
5. Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. А., 1997.
6. Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер. А., 1981.
7. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.
8. Одинцов В.В. Стилистика текста. М., 2006.
9. Хасанова С., Жексембаева Ғ. Қазақ тілінің стилистикасы (жаттығулар жинағы) А.,1999.
10. Мұсабекова Ф. Қазақ тіліндегі зат есім стилистикасы. А., 1976.
11. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., 1984.
12. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.


Он бірінші апта
11 дәрістің тақырыбы: Стилистика және тіл мәдениеті
Қарастырылатын мәселелер:
1. Тіл мәдениеті мен стилистика пәнінің өзара байланысы.
2. Стилистика, тіл мәдениеті пәндерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
3. Орфоэпиялық норма мен орфографиялық нормалардың фоностилистикаға қатысы.
Терминдер мен анықтамалар
Композициялық-сөйлеу формалары (компазиционно-речевые формы) - екі жақты құрылым, біріншіден, ойлаудың бір түрі, яғни ойлау әрекетін жүзеге асырады, екіншіден, сөйлеу әрекетінің бір түрі, яғни қатысым түріне жатады. Композициялық-сөйлеу формалары - әңгімелеу, суреттеу (сипаттау), ойталқы (пайымдау).
Дискурс (фр.сөйлеу) ор. речь, выступление1.Қатысымның табысты жүзеге асуына тән тілден тысқары (әлеуметтік, мәдени, психологиялық) фактілерді ескере отырып, жан-жақты, толықтай қарастырылатын сөйлеу, нақты мәтін 2. Мәтіннің ырғақпен, интонациямен және т.б. белгілерге сәйкес ұйымдасуы.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
1. Тіл мәдениеті мен стилистика пәнінің өзара байланысы.
Мәдениет терминінің бірнеше қыры бар. Сондықтан да философиялық әдебиеттерде әр түрлі анықтамалар беріліп келеді.
Тіл мәдениеті пәнінің басты мақсаты – қоғам мүшелеріне әдеби тіл нормаларына сәйкес сөйлеу мен жазу тәртібін көрсетіп, сол нормалардың мазмұнына сай сөйлеу мен жазуға дағдыландыру.
2. Стилистика, тіл мәдениеті пәндерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
Р. Сыздық тіл мәдениетінің басты мәнін былай анықтайды: «Сөйтіп, «тіл мәдениеті» деп нені танимыз? Мәдениет деген сөздің семантикасында «дұрыстық», «түзулік», «тәртіптілік», «жүйелілік», «реттілік», «қисындылық», сәйкестік» деген сияқты мағыналық реңктер (семалар) жататыны белгілі. Тіл мәдениеті, ең алдымен, әдеби норма дегенге тікелей қатысты. Жалпы тіл білімінде (шетелдік те, орыстық та, қазақтық та) біршама қалыптасқан тұжырымдарға иек артсақ, тіл мәдениеті дегеніміз – тілдік нормаларды, оның ішінде, әдеби тіл нормаларын дұрыс сақтау әрекеті болып табылады. Кейбір зерттеушілер бұл салаға кеңірек міндет артып, тілдің көріктеу құралдарын, яғни стилистикалық заңдылықтарды дұрыс пайдалануды да сөз мәдениетінің объектісі деп таниды. Бұл пікірді біз де қостаймыз» [Сыздық,2001,24]. Осы пікірді басшылыққа алсақ, тіл мәдениетінің басты мәселелері мыналар деуге болады, яғни ұлттық дәстүрдегі тіл мәдениеті, ұлттық мінездің сөйлеу этикетінде көрінуі, әдеби тіл мен тіл мәдениетінің байланысы, әдеби тіл нормаларының тіл мәдениетінің басты өлшемдері болуы, көркем шығарма жазу мен тіл мәдениеті, газет тілі мен тіл мәдениеті, қала тілінің қалыптасу мен тіл мәдениетінің қатынасы, сөз және шеберлік мәселесі, стильдердің тіл мәдениетіне деген әсері, тілдік тұлға тілінің тіл мәдениетіне деген өзіндік ықпалы, лингвомәдениеттану мен тіл мәдениеті пәндерінің байланысы, іс жүргізу мен тіл мәдениетінің байланысы, шешендік өнер мен тіл мәдениетінің тығыз байланысы т.т.
11 практикалық сабақтың тақырыбы: Стилистика және тіл мәдениеті
Тапсырмалар:
1. Тіл мәдениетінің нысаны, мақсаты мен міндеттері.
2. Тіл мәдениетінің негізгі салалары, тіл мәдениеті туралы ғылыми көзқарастар.
3. Стилистика, тіл мәдениеті, сөз мәдениет, әдеби тіл теориясы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет